Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геология силлабус 2015 11111.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
19 Мб
Скачать
☆

5. Өзен әсеріне байланысты қазынды байлықтар

Өзен шөгінділері арасында ерекше шашыранды кен шоғырлары кездеседі. Өзен өз жолында әр түрлі жыныстар жүйелерін жырып өтеді де олардың арасындағы кен минералдарын да шайып ағызады. Ағыс бойында үгінділер меншікті салмағына қарай іріктеледі: жеңіл минералдар төмен қарай әрә шайылады, ауырлары жол –жөнекей шұңқыр- жарықшақ,қайраң, бұта, арна иірілімі секілді кедергі кездескен жерде шөге бастайды. Осылайша алтынның, платинаның, алмастың, қалайы тастың шоғырлары түзіледі, оларды қорымды кендер деп атайды. Олар қазіргі аллювий шөгінділерінде де,көне геологиялық жыныстар арасында да кездеседі.

Көне аллювий – атыраулық шөгінділермен қабаттасып қоңыр көміржаралады. Мысалы , Мәскеу түбінің кеніші. ҚҰмы жақсы шайылып, қоқыстан таза болуы себепті өзен - атырау шөгінділерін мұнай-газдар да толтырады. Мысалы,Апшерон түбегінің мұнайы плиоцен дәуіріндегі көне Еділ өзені сағасының шөгінділерінде шоғырланған.Ол кездеЕділ сағасы Апшерон тұсында орналасқан.

Аллювиалдық, атыраулық жазықтар ауыл шаруашылығына де қолайлы. Жайылма мен террасалар топырағы құнарлы болады, су болса қасында ағып жатыр. Сондықтан егінжайлар осындай жерлерде ажыратылады,мекен тұрғындар да террасалар аланында салынады.

Аллювидің малтатастары, қиыршық, құмдары құрылыста кен пайдалынады.

8 - т а р а у КӨЛ-БАТПАҚТАР, ОЛАРДЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ

Көл деп жер бетіндегі жан-жағы тұйық, үнемі немесе ауық-ауық суға толы ойыстарды айтады. Көлдерді жан-жақтан зерттейтін ғылым тарауын лимнология (грекше «лимнэ» — кел) дейді. Қелдердін қазақша атаулары: кел, қақ, сор, батпақ, бидайық, томар, тақыр, тұз. Қөлдер көбінесе ылғалы мол кен ойпаттарда тарайды. Дүние жүзіндегі барлық көлдердіқ ауданы 2,7 млн км2. Ен шалқар көлдер (Каспий тенізін айтпағанда): Солтүстік Америкада Жоғарғы (82400 км2), Африкада Виктория (69000 км2), Азияда Арал (бұрын 50000 км2, бұл күнде 1 700 км2-ден аспайды). Қөлдер биік жерлер-де де, ойпат та да кездесе береді. Айдыны аумақты көлдер арасындағы ен биікте (3 812 м) орналасқаны Анды жотасындағы Титакака көлі, ал өлі теніз Мұхит денгейінен 35 м төменде жатыр.

Көлдердін терендігі әр түрлі — көбінесе ондаған, жүздеген метр болып келеді. Дүниедегі ен терен көл Байқал — 1 620 м. Байқал көлі сонымен бірге жер бетіндегі тұщы судын ен мол қоры, атап айтқанда, қоры — 23000, км3. Суынын көлемі жағынан Байқал Қаспий тенізімен тен. Айта кетейік, .бүл көл жер үстіндегі көлдердін, ен көрісі — 25 млн жылдан бері жасап келеді. Жайшылықта көлдер жүз мындаған жыл ғана «емір сүреді».

Қөлдер көбінесе аймақта топтанып кездеседі. Мысалы, «Қөлдер елі» ..атанған Финляндияда 60000 көл бар. Солтүстік Американын Ұлы келдер аталған бес көлінін жалпы ауданы 245 000 км2. Бурабай манын «бауырында 80 көл» деп өнге қосамыз ғой.

1. Көл шұнқырларынын жаралу тегі

Көл шүнқырлары өр түрлі экзогендік жөне эндогендік геологиялық процестерден пайда болады (8.1-кесте).

Топтар мен типтердін атаулары шұнқырдық пайда болуына себепші геологиялық факторды көрсетеді. Кел шұнқыры не көрсетілген факторлардан үнгіленіп не ал-дынан тосқауыл-бөгет тұруынан пайда болады. Қейде өр шүнқыр екі фактордын өсерінен жаралуы мүмкін. Сонымен қоса адамнын шаруашылық өрекетінен де бөгетті көлдер жасалады. Оларды анторопогенді бөгетті көлдер (су қоймалары) деп атаймыз.

2. Көл-батпақтылардың геологиялық әрекеттері

Көл шұнқырлары өзен, еріген мұз, жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Кейбір Каспий, Арал сияқтылары бір кездегі теніздін калдық суымен толады.

Қөл суынын ащы-тұщылығы алдымен онын манындағы аймақтын климатына тікелей байланысты. Ылғалы мол, булануы шамалы өнірлерде көл апаны өзен, мұздық, атмосфера ылғалымен толады да минералдануы литріне 5 грамнан аз келеді. Шөлейт өлкелерде бұланудан судын минералдануы артып, көл суы ақшылтым (5—25 г/л), ащы (26—45 г/л), тіпті тұздық төрізді де болады. Мысалы, Эльтон көлінін тұз мөлшері бір литр суда 280 грамға, өлі тенізде 260—310 грамға жетеді.

Ащы көлдер тұз құрамына сай хлоридті, сульфатты, карбонатты түрлерге бөлінеді де шөгінділерінін бейімі соларға тығыз байланысты. Суда тұздармен қоса ағын сумен, желмен, жерасты суымен жеткен өр түрлі механикалық косындылар — лай, құмайт, темірдін сулы тотықтары шөгеді. Тұщы көлдер мен батпақтарда балдырлар мен планктонды организмдер қалдықтарынан гумин қышқылды органогендік заттар шөгеді. Қөл шөгінділерінін бір түрі — климат маусымына карай пайда болатын өте жұқа (миллиметрлік не одан да жұқа) таспадай қаттасудын қалыптасуы (8.1-сурет). Жазда организмдер қауырт өсіп-өрбігі, шөгінді қабаттар солардын қалдық-тарына толады. Жазғытұрым жөне күз бойы түскен ылғал мол болатындықтан жеке қабаттарында ағып келген минералдық заттар басым келеді. Сол сияқты тұзды көл-дерде жаз бойы буланудан минералдануы артып, ас тұзы тұнады; күз бен қыста сульфаттар шөгеді. Содан екі қабатты бір жылға тенеп санай келе қазірде құрып кеткен, бірақ шөгінділері қалған келдін қанша жыл «өмір сүргенін» білуге болады.

Көл суынын қозғалу жайына байланысты оларды — ағынды жөне іркілген деп ажыратады. Ағынды көлдер көбінесе өзен анғарларында орын алады да өз ағыны өзен ағысына байланысты болады. Сонымен қатар жел көтерген толқын да суды олай-бұлай айдайды. Дегенмен кел толқынынын биіктігі (ендеше өсері) шамалы. Ірі көлдердін өр тұсынын булануынын айырмашылығына байланысты (мысалы, Балқаштын батыс жөне шығыс бөліктері) ағыс тууы мүмкін. Іркілген бассейндерде су тек бетінде ғана ауыткып, түп жағында қозғалмай тұрады. Содан келіп органикалық қалдықтар шіри бастайды, оттек жетпейді, күкіртсутек, кемір қышқыл сияқты газдар жиналады. Ақырында көл шөгіндісі көбінесе қара, сұр түске боялады.

Көлдін гидрологиялық өрекетінен жағалауы мен қайран түбі абразияға (латынша «абразия» — қырқу, қырнау, қыру) тап болады. Қырқылып, мүжілген үгінділер көл шұнқырларынын түбіне қарай шайыла келе біртіндеп шегеді. Бұл жөйт көлдін аумағына, суынын, қозғалу күшіне, құрамына, органикалық дүниесіне байланысты.

Көл абразиясы суынын толқын күшіне тәуелді. Неғұрлым бассейн аумақты болса, соғұрлым толкыны биік болады да онын жағаны кырқагын, бұзатын күші мол. Содан кейін толкын іліп алған кесектерді уатып, үгіп, қайрандар, жағажайлар түзеді. Әрине, көл абразиясы тенізбен салыстырғанда өлденеше есе баяу. Ағынды көлдердін табандарынын эрозиядан жырылуы да онша емес. Жағаларынын бүзылуына ондағы өсімдіктер тежеу көрсетеді.

өзен-жыралардан, жауын-шашынмен жөне жағанын бұзылуынан көлге түскен үгінділер өуел баста ірілігіне қарай іріктеледі де кейін толқын мен ағыс аркылы одан гөрі тасымалданып, бассейннін түбіне жайылады. Содан сон көлдегі органогендік жөне хемогендік заттармен қосылып, шөгіндіге айналады.

Шөгінділер. Кел шөгінділері лай-балшық басым, уақ келеді. Суы тұнық болуына байланысты өсімдіктер жапырақтарынын, бұталарынын, жөндіктер қабыршықтарынын танбалары өте жақсы сақталады. Көбінесе сұр түсті жыныстары өте жұқа, маусымды қаттарға белінеді, тек жағажайларында жінішке толқын пішінді, линза төрізді қабаттасу байқалады. Жиек қайрандары шөгінділері арасында мұз кристалдарынын (өрине, климаты маусымды жағдайда), жанбыр тамшыларынын, жағада жайылған жануарлардын іздерінін танбалары кездеседі.

Ү г і н д і ш ө г і н д і л е р ағынды келдерде, өзен сағасынын ойдымдарында жөне абразиясы мардымды ауқымды көлдерде басым кездеседі. Үгінділері ірі-уағына қарай жақсы іріктеледі. Ірі кесекті (малта, кұм) үгінділер езен сағаларынын алдында су астындағы атырауда жөне тік жар етегінде жінішке жағалық құмтіл ретінде шөгеді. Айдыннын барлык, тұсына құмайт, лай жайыла келе онын түбіне тұрақтайды. Егер көлге кұятын өзен-өзектер бірсыпыра болса, суы мол болған жағдайда терригенді шөгінділері де қалын үйіледі. Мысалы, Іле өзенінін сағасында Балқаш жиегінде құмды атырау қалыптасып, ол 1903—1929 жылдар арасында көлге қарай 20 километрге есті. Шөгінділерінен көл қайрандай бастайды.

Органогендік шөгінділер. Көл-батпақ суынын гидродинамикасы бчсен жөне тайыз болған жағдайда органикалық дүние өріс алады. Олар терендігіне байланысты бірнеше белдеуге бөлінеді. Тура жағада алдымен дақылдар, қияқ, өрі қарай қамыс пен құрғақ, терендеген сайын шалан, балдырлар жайлайды. Күз маусымында олардын барлығы құрап, су түбінде жүндей шудаланады. Лаймен қоса олар шымтезекке көшеді.

Суда қалқып жүрген балдырлармен бірге көл суынын бетінде бықыған планктон жөндіктер тіршілік етеді де олар да өлген сон, лаймен қосылып су түбіне батады. Анаэробты бактериялар онын қалдықтарын шірітіи, битумды заттарға айналдырады. Ақыр сонында сілікпедей сарғылт қоныр, алақанда май секілді жұмсақ с а п р о п е л ь (грекше «сапрос» — шірік, «пелес» — саз) бал-шық пайда болады. Сапропельдін органикалық құрамы: С — 52—60%, Н — 6—1%, N—4,8%. Ол пайдалы қазба. Қыздырып айырғанда сапропельден жанар газ, бензин, парафин, вазелин өндіріледі. Ол тері, буын ауруларына шипа, мал жеміне де қосады. Сапропель қабаты жұқа 1 —10- метрден аспайды. Қазақстан көлдерінде ол Балқаш көлінін онтүстік-ёатыс жиегінде, Алакөл шығанағында, Талдықорған облысындағы Қолдар көлінде бар. Диагенез сонында сапропельдер қою коныр түсті, тығыз, женіл, шыны сияқты қоныр көмірге, жанар тақтатасқа анналады.

Органогендік көл шөгінділері арасында қос жақтаулы, бауыраяқты моллюскалар қалдықтарынан құралған қабыршақ тастардын линзалары кездеседі. Кремний қабыршақты диатом балдырлардын қалдығынан борпылдақ, қуыс-кемікті, женіл, ақ, сұр түсті диатомит жынысы түзіледі.

Хемогенді шөгінділер. Көлдерде химиялық жолмен жаралатын шөгінділердін түр-түрі кеп. өзен не жерасты суларымен жеткен коллоид ерітінділерден темір жөне марганец тотықтарына бай лайлар тұнады да онда тотықтар диаметрі 1 —10 мм домалақ, бұршақ пішінді буындар құрайды. Егер олардын ішкі құрылысы тарынын қауызындай концентрлі қабыршықтардан тұрса оларды оолиттер (грекше «оон» — жұмыртқа) деп атайды. Тропикті белдеулердін көлдерінде осындай домалақша алюминий рудасы бокситтер тұнады.

Булануы кушті аридті климат кезінде өр түрлі тұздар — эвапориттер (ағылшынша — булану) шөгеді. Ерітіндісінін концентрациясы өскен сайын өуелі карбо-наттар (ізбестас, доломит, мергель) (8.2-сурет), сода — содан сон сульфаттар (мирабилит --- гипс— ангидрит— , ен артынан ас тұзы, магний хлориді шөгеді. Осындай тұзды көлдерді, өсіресе Қаспий манынан (Басқұншак, Індер, Ельтон) жаксы білеміз.

Қөл шөгінділерінін енеркөсіпте мацызы зор. Олардан өр түрлі тұздар, темір, марганец, боксит рудалары өндіріледі; сапропель, жанар тақтатастар, диатомиттер қазылып алынады.

Батпақ шөгінділері арасында шымтезек пен көмір жаралады. Көмір өдетте оттек жетпейтін теренірек қабатта үстін басқан жыныстар қысымымен көтерінкі температура жағдайында пайда болады. Сонда өсімдік клеткасында (С5НІООS) оттек пен көміртек біртіндеп сығылып, көміртек көбейе бастайды. Осыны «көмірлену» (углефикация) дейді. Сөйтіп, басында қоныр кемір (67— 78% С, 5% Н2, 17% О2), сосын тасқемір (75—97% С, 2—3% Н2, 2—3% О2) түзіледі. Метаморфизмі артқан сайын олардын қызу шығаруы да арта түседі.

Жерасты суы деп топырақ пен тау жыныстарына сіңген суды, ылғалды айтамыз. Ол өзен-көл, теніз, атмосфера ылғалдарымен тығыз байланысып гидросферсераға кіреді де су айналмасынын, бір бөлігі болады. Жерасты суын, онын пайда болуын, өр түрлі өзгерісін, өсерін геологиянын бір саласы — гидрогеология зерттейді.

Жерасты суынын калыптасуы, онын ағыс жылдамдығы тау жыныстарынын су өткізгіштік қасиетіне байланысты. Жыныстын су сініргіш қасиеті фильтрация (сүзгілік) коэффициентімен белгіленеді. Олай деп жер асты ағынынын енкіштігі 45° шақта тау жыныстарынан ату жылдамдығын атайды. өлшемі л/с. Су өткізгіштігіне байланысты барлық тау жыныстарын үш топқа бөледі: 1) су сініргіш — құм, қиыршықтас, малта тас, жарықшақ құмтас, конгломераттар т. б.; 2) шала сініргіш — құмайт, лёсс, шымтезек т. б.; 3) су сінбейтін немесе су таяныш — саз, балшық, жарықсыз кристалды жыныстар.

Қопсық түйіршікті жыныстардын (құм, қиыршық, малтатас) су сініргіштігі олардын түйіршіктері мен кеуектілігіне байланысты. Түйіршіктері ірі болған сайын су жақсы сінеді. Мысалы, тәулік сайын малтатастан су 100 метрге, киыршык тастан 15—20 метрге, құмнап 1 — 5 метрге дейін сінеді. Түйіршіктері майда болса олардын арасындағы санылау кішірейіп, су сінбей қалады.

Борпылдақ жыныстардын кұрамымен олардын ылғал сыйымдылығы байланысты. Бұлай деп жыныстын суды сініріп, оны өз бойында үстап қалу қабілетін айтады.

Егер жерасты суы жыныстын ішкі кеуек-санылауы мен жылжитын болса, оны кеуек суы дейді, жарықшақтарын бойлап ақса — жарықшақ суы, жыныстағы қуыс, жыралармен ақса —карст суы деп атайды.

Жерасты суының шығу тегі

Пайда болуына байланысты жерасты суларын бірнеше типтерге бөледі:

1) Инфильтрациялық су атмосфера ылғалынын су өткізгіш қабатқа сінуінен түзіледі. Онын осылайша жаралуынын дөлелі: мол жауын-шашын немесе қар суынан кейін құдыктардағы су денгейі көтеріліп, құрғақ маусымда (жылда) денгейінін төмендеуі.

2) Ко н д е н с а ц и я л ы қ (қ о ю л а н у) су ауада будын жердегі жыныс қуыстарында, жарықтарында шық төрізді қоюлануынан түзіледі. Бұл құбылыс өсіресе жауын-шашыны кем, ал булану артық шөлде байқалады. Жыныс ауадан гөрі тез салқындайды да бу онын бетінде қоюлана түседі. Содан құмнын төменгі қабатындағы ащы еспе үстінде тұщы су линзасы қалқып тұрады. Малшылар құм жиегінен кіші-гірім құдық қазып, сол тұщы линзаны пайдалана біледі.

3) Седиментациялық (латынша «седимен-тум» — тұндырма, шөгінді) су деп жыныс шөккен кезде арасына сіқіп қалған теніз суын айтады. Жыныс талай өзгеріске түскен кезде ішіндегі су да өзгереді. өйткені "ол жыныспен қоса үстінен жана шөгінділермен көміліп, жоғары температура мен қысымға ілігеді және жыныс тығыздалып, су алмасуы қиындайды. Сондықтан ондай суды кемілген су деп те атайды.

Айтылған үш топтын суын біріктіріп, в а д о з д ы (латынша «вадере» — шарлау, кезу) сулар деп атайды.

4) Ювенилді (латынша «ювенилис» — балғын) деп магмадан бөлініп шыққан суды айтады. Магмадан бөлінген су буы терен тектоникалық жарықшақтарды бойлап жоғары көтерілген кезде қоюланып, ыссы газдар мен езгеше түрлі қосындыларға бай суға айналады. Ол жол-жәнекей вадозды сулармен де қосылады.

Жерасты суларының түрлері. Жер қабығындағы жағдайына байланысты жерасты сулары арынсыз (беті ашық) және арынды (артезианды) топтарға бөлінеді. Арынсыздарын қалқыма (верховодк а), еспе, пласт аралық топтарға бөледі.

Қалқыма су ауа жететін аздаған терендікте жауын-шашыннын жерге сінуінен түзіледі. Расында ол су сініргіш шөгінділердін линзасында (балшық арасыидағы құмдак, қиыршық) уақытша толысқан, аумағы шамалы су. Оған қанық қабаттын қалындығы 0,5 метрден 2— 3 метрге жетеді. Қалындығы мен су мелшері жазғытұрым қар ерігенде және күзгі жауын-шашын кезінде өсіп, жаз және құрғақ жылдары суы азайып, тіпті қүрғап қалады. Қалқыма суды ауылды мекендерде ауыз су ретінде пайдаға асырады.

Еспе сулары кен тараған. Олар жер бетінен төмен қарай алғанда ен бірінші су сініргіш қабатта іркіледі. Су жинайтын аудан қопсық немесе жарықшақ және куысты шөгінділер тараған жерден басталадЫ' Еспе суынын жоғарғы денгейін (айнасын) және астын-дағы су сіқірмейтін төсемесін айырады. Суға шыланғай шөгіндіні сулы горизонт (қабат) дейді. Онын қалындығын еспе суынын айнасынан бастап су өткізбейтін табанына дейінгі аралықпен өлшейді. Бұл сан еспе суынын жол бойында табанынын ой-қырына және атмосфералық ылғалдын аз-көптігіне байланысты өзгеріп отырады.

Еспе суынын беті ашық, арынсыз. Ол жер бедеріне сай, соны қайталап, төмен қарай жылжиды. Жердін тар-ту күшіне байланысты жыра, сай, өзен, көл, тенізге қарай аққан еспе суы олардын кемерлі беттерінде тума-бұлақ ретінде жер үстіне шығады. Осындай жерді жер асты суынын суағар немесе французша д р е н а ж аймағы дейді.

Ағыс жылдамдығы жыныстын су еткізгіштік қабілеті мен айна бетінін ылдилығына байланысты. Су бетінін енкіштігін онын қысым градиенті (сатьтсы) деп атайды.

Еспе суынын денгейі, көлемі, сапасы аймақтьщ ауа райына, алдымен жауын-шашын мелшеріне төуелді. Жауын-шашын мол болған жылдары су денгейі көтері-леді де, құрғақ жылдары төмен түсіп терендейді. Осыған байланысты-еспе суынын дебиті (французша «дебит» — өнім) мен химиялық құрамы да өзгеріп тұ-рады.

Табиғи жағдайларда еспе суы мен көл-өзен және басқадай су қоймалары арасында гидравликалық байланыс болады. Ылғалы мол климатты аймактарда еспе сулары өзен-көлге қарай ағады да денгейі соларға қарай енкіш келеді (7.1-сурет). өзен тасығанда онын жағалауынан су жынысқа сініп, еспе суынын денгейі қарсы бағытқа (өзеннен кері) көлбейді. өзен сабасына түскен сон енкіштігі қайта қалпына келеді. Қай жағдайда, қай жерде болсын еспе суынын денгейінін биіктігін біліп отырудын манызы зор. Сол үшін құдықтардын, скважиналардын су денгейін жүйелі түрде елшеп, онын биіктігін көрсететін арнаулы гидроизогипс (грекше «изос» — тен, «гипсос» — биіктік) карталары жасалады. Елді сумен жабдықтау, жер суару, өр түрлі бөгеттер салу үшін еспе суларынын режимін білудін манызы зор. Барлық жағдайда жерасты суларынын режимінін өзгеруін дөл болжау қажет. Ол үшін біздін елде еспе суынын денгейінін, температурасынын, химиялық құрамынын, шығымынын, ауа райы мен жер беті суларынын денгейін ұқыптап, ретті түрде бақылап отыратын гитдрогеологиялық режимді станциялар жүйесі жұмыс атқарады.

Қабат аралық арын сыз судын еспе суынан айырмасы олар екі су өткізбейтін қабат арасында орналасады да көбінесе жер бедері ой-қырға жырымдалған аймақтарда пайда болады. Олар қашан да болсын ағысты келеді.

Арынды, немесе артезиан сулары да пласт аралық суға жатады. Бірақ, кен аймаққа жайылып, жергілікті өзен, сай түбінен төмен орналасады. Артезиан деген сөз Франциянын ықылым Артезия деген өлкесінін көне есімінен қалған. Бұл жерде Еуропада алғашқы рет құдық арқылы өздігінен төгіліп тұрған кысымды суды пайдаланған екен.

Арынды су қалыптасуына жер қыртысынын астау сияқты темен иінді құрамдары тым қолайлы. Олар артезиан бассейндерін құрайды. Бұлар үш аймаққа бөлінеді: 1) су жинайтын, 2) су ағатын, 3) арынды (7.2-су-рет).

Су жинайтын аймақ деп су сініргіш қабаттын ен биік жер үстіне шыққан тұсын айтады. Ол тұста жауын-шашын су өткізгіш қабатқа сінеді де бассейннін орта шеніне қарай пласты бойлап төмен ағады, сейтіп су сініргіш қабатты толтырып, гиростатикалық қысым түзеді.

Су төгетін немесе дренажды деп су жинайтын аудан-нан гипсометрлік биіктігі төмен, суы бетке шығатын түсын айтады. Екеуінін арасында арыны қалыптасатын ен кен аймағы орналасады. Су денгейінін биіктігі мен қысым күші жинау және төгілу аудандарынын биіктігіне төуелді. Егер қимасынан кейінгі екі денгейін түзу жазық сызықпен қоссақ, сонда судын қаншалық шапшып көтерілетін биіктігін көреміз. Арынынын осы денгейін пьезометрлік (грекше «пиезо» — қысамын) д е н г е й дейді де ол биіктік метрмен елшенеді. Егер пьезометрлік денгей жер бетінен жоғары болса су құдық, скважинадан шапшып төгіледі (7.2-сурет).

Артезиан бассейні деп белгілі бір геологиялық құрылымға (ойысқа) жайылған, асты-үстінен су өткізбейтін қабаттармен қапталған су сінген қабатты айтады. Онын ауданы жүздеген, мындаған шаршы километрге жетеді де ен кендері жазық аймақта орын тебеді. Мысал ретінде Қазақстан аумағындағы Қызылкұм, Мойынқұм, Арал — Қаспий, Торғай, Зайсан, Іле т. б. бассейндерін атауға болады. Қазақстан аймақтарындегі артезиан алаптарындағы жерасты суынын коры 7 триллион текше метрге тен (Балқаш келінін су қорынан 17 есе артық).