Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Псих нұсқаулар жинағы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

1. Тақырып №3: Ес және назар аудару бұзылыстарының клиникалық мінездемесі. Сана-сезімнің бұзылыстары.

2. Сабақтың мақсаттары

Студент білуі тиіс:

Есте сақтау, сана және олардың бұзылыстарын.

меңгеруі қажет:

  • науқастың анамнезін жинауды;

  • науқастың есте сақтау қабілетін бағалауды;

  • сананың бұзылыстарын анықтауды.

3. Сабаққа дайындық үшін сұрақтар

А. Базалық сұрақтар

Физиологиядан: назар, есте сақтау, сана.

Б.Тақырыпқа байланысты сұрақтар:

1.Гипомнезия және амнезия.

2. Гипермнезияның түрлері.

3. Амнезияның түрлері.

4.Таныстық сезімнің бұзылыстары

5.Парамнезиялар.

6.Корсаков синдромы.

7.Есте сақтау қабілеті бұзылыстарымен жүретін аурулар

8. Айқын сананың критерийлері.

9.Бұзылған сананың критерийлері.

10.Сана бұзылысының жіктемесі.

11.Сананың бұзылысы кезінде жедел жәрдем.

12. Сананың бұзылысы бар науқастарға экспертиза жүргізу.

4. Оқу және оқыту әдістері

Өткізу түрі: науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, рольдық ойындар, қайта байланыс.

Формативті бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу.

Суммативті бағалау: MCQ, SAS (диагностикалық тесттер).

5.Әдебиеттер

6. Бақылау.

Бақылау сұрақтары:

1.Есе сақтаудың сандық бұзылыстары.

2.Есе сақтаудың сапалық бұзылыстары.

3. Амнезияның түрлері.

4. Криптомнезия және конфабуляциялар.

5.Назар, зейін бұзылыстары.

6. Псевдореминесценциялар.

7.Рибо заңы.

8.«Алдын болған, көрген» симптомы латынша қалай аталады?

9. «Алдын еш болмаған, көрмеген» симптомы латынша қалай аталады?

10. Егіздер симптомы.

11. Корсаков синдромы.

12. Аффективно-тарылған сана.

13. Сопор, ступор, кома.

14. Делириозды синдром.

15. Онейроидты синдром.

16.Астениялық шатасу синдромы.

17. Аментивті синдром.

18.Сананың бұлынғырлану синдромы.

19. Сананың истериялық бұзылулары (пуэрилизм, псевдодеменция,

Ганзер синдромы).

Тест сұрақтары

1.Фиксациялық амнезия ... синдромына жатады.

Корсаков

астениялық

депрессивтiк

делириозды

маникальды

2.... дегеніміз - бұл шынайы оқиғалардың уақытын ауыстыруы.

псевдореминисценция

конфабуляция

криптомнезия

эхомнезия

ретроградтық амнезия

3.Науқас өткен уақытпен өмір сүруі ... деп аталады.

эхомнезия

амнезия

прогрессиялық амнезия

конфабуляция

криптомнезия

4.Гипермнезия ... синдромында кездеседi.

маниакальды

деменциялық

психоорганикалық

гебефреникалық

Корсаков

5.Корсаков синдромының құрамына ... кірмейді.

прогрессиялық амнезия

фиксациялық амнезия

ретро- және антероградты амнезиялар

конфабуляция және псевдореминисценция

уақытпен кеңістіктегі бағыт - бағдарсыздық

6.Корсаков синдромына ... кірмейді.

ерік - эмоциясының төмендеуі

фиксациялық амнезия

ретро- және антероградты амнезиялар

конфабуляция және псевдореминисценция

уақытпен кеңістіктегі бағыт - бағдарсыздық

7.Амнезия ... тән емес.

шизофренияға

сана бұзылысына

мидың атрофиялық процесстеріне

интоксикацияға

ми қан тамырының ауруларына

8.Есте сақтау қабілетінің өткен шақтағыларын ұмытуын ...дейді.

прогрессиялық амнезия

антероградтты амнезия

ретроградтты амнезия

фиксациялық амнезия

гипомнезия

9.75 жастағы науқастың есте сақтау қабілетінің қазіргі кезден өткен шаққа құлдырауын ... дейміз.

прогрессиялық амнезия

антероградтты амнезия

ретроградтты амнезия

фиксациялық амнезия

аффектогендік амнезия

10.Фиксациялық амнезия, конфабуляция және псевдореминисценция ... синдромында кездеседі.

Корсаков

Капгр

Котар

Фреголи

Кандинский

11.Науқас күн, ай, жыл мерзімін білмейді, палатасындағы өз төсегін таппайды. Бұл синдром ... деп аталады.

Корсаков синдромы

парафрендік синдромы

маниакальды синдромы

аментивтік синдромы

галлюциноз

12.Зерденің бұзылысы... дертінде кездеспейді.

психопатия

олигофрения

церебральді атеросклероз

травмалық энцефалопатия

инфекциялық психоз

13.Аффектогенді амнезия - бұл ....

эмоциялық зерденің бұзылысы

ауру алдындағы оқиғаларды ұмыту

есте сақтау процессінің бұзылысы

ауырғаннан кейінгі оқиғаларды ұмыту

жалған естеліктер

14.Олигофренияның педагогикалық оқып-үйретілмеуден айырмашылығы ...

абстракция және толықтырудың төмен деңгейі

білім қорының аздығы

санды санай алмауы

жалпы мектеп бағдарламасын үйренудегі қиыншылықтар

жазу сауатсыздығы

15.I – ші топтағы мүгедекке ... ауруымен ауыратын науқас жатады.

идиотия

психопатия

невроз

алкоголизм

травмалық энцефалопатия

Интелектуальды – мнестикалық бұзылыстар айқын көрінетін дерт ....

+сенильді психоз

алкоголизм

ми жарақатының аурулары

мидың атеросклерозы

эпилепсия

16.Псевдодеменция ... ауруында кездеседі.

истериялық психоз

сенильды психоз

Корсаков синдромында

психооргникалық синдром

паралитикалық кемақылдылық

17.Эпилептикалық кемақылдылықтың белгісі - ... қабілетінің бұзылуы.

ойлау

зерде

зейін

эмоция

әуестік

18.Шизофрениялық кемақылдылықта ... кездеспейді.

ұмытшақтық

ойының үзік-үзіктігі

көңіл-қошының болмауыі

абулия

апатия

19.Олигофренияның еміне ... жатады.

тәрбие жұмысы

электроталмалы терапия

маляриотерапия

инсулинотерапия

атропинокоматоздық терапия