- •Мазмұны
- •І тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері.
- •1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
- •1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы
- •Іі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы.
- •2.1 Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
- •2.2 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Ііі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Ііі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады. Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар. жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер. Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады. Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне — қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер — шаруашылық жүргізуші субьектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қорытынды
Қаржы бөлімінің құрылымы әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік - қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассатық сияқты топтарға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады: табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабельділікті арттыру; өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау; есеп айырысуларды ұйымдастыру;
өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу; қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.
Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
П а й д а л а н ғ а н ә д е б и е т т е р
1 Ақша Несие Банк. Оқулық Алматы 2001 жыл.
2 Қаржы. Ілиясов. Оқулық Алматы 2000 жыл.
3 Егемен Қазақстан. 13 Сәуір 2005 жыл.
4 Қаржы . Ілиясов II бөлім Алматы 2001 жыл.
5 Кәсіпорындағы қаржы саясаты. Оқулық Алматы 2003 жыл.
6 Ақиқат газеті. 21 Қаңтар 2005 жыл.
7.“Қаржы ” Ғ.С.Сейтқасымов. Алматы.1998.
8. “Финансы “ 3 том. Р.Р. Сапин.
9. “Финансы и его функции ” В.П. Воронин, Москва. 2005.
10. “ Қаржы есеп ” Г.Б. Бахаев. Алматы. 1998.
11.“ Денги и прогрес “ А.С. Марш. Москва. 2004.
12.“ Қаржы негiзi “ Ы.Ә. Әмiров. 1994.
13.“Қаржы” Қ.Iлясов. Алматы. 2003.
