Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aviluyayayaya_ShPOR_Eshkimge_bermender.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

3. Биофизиканы не себепті пәнаралық ғылымға жатқызады?

Биофизка ғылымының негезін қалаушы неміс физиологы, физик, психолог Герман Гельмгольц. Гельигольц бірінші болып жылу бөлу және термодинамика заңдылықтарын ашты.Биофизикалық зерттеулердің нəтижесі нақтылы физикалық жəне биологиялық үрдістерге негізделіп, физиология, биохимия, микробиология, мембранология ғылымдарымен қарастыруға мүмкіндік береді.Осыған орай, биофизиканың дамуы физика, химия, математика ғылымдарының дамуын белсендіреді. Биофизиканың нəтижелері физиология, биохимия, микробиология, экология ғылымдарының көптеген əдістерінде қолданылады. Биофизика бірнеше ғылымдардың жиынтығы. Ол физика, математика, жалпы биология, физиология, биохимия, генети- ка ғылымдарының негізін біріктіре отырып, биофизиканы терең түсінуге септігін тигізіп қана қоймай, биологиялық ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіре біледі.

4. Термодинамика ұғымына анықтама беріңіз ?

Термодинамика (грек. жылу,күш) - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Термодинамика — тәжірибелерден жинақталған нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым. Ол көптеген құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер - термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Мұндай жүйелерде жүретін процестер макроскопиялық шамалар, мысалғақысым немесе температура арқылы сипатталады және олар молекулярлық деңгейде қолдануға келмейді.Термодинамика заңдылықтары жалпы сипатта қолданылады және заттардың атомдық деңгейдегі құрылымына тәуелді емес. Сондықтан термодинамика ғылым мен техниканың энергетика, қозғалтқыштар, фазалық ауысу, химиялық реакциялар, секілді көптеген салаларында қолданылады.Термодинамиканың физика мен химияның бірқатар салаларында, химиялық технология, аэроғарыштық технология, машина жасау, жасушалық биология, биомедициналық инженерия секілді алуан түрлі салаларда алатын орны ерекше.

5.Термоднамикалық жүйелер?

Термодинамикалық жүйе – кеңістікте белгілі бір көлемге ие макроскопиялық денені айтады. Термодинамикалық жүйе ұғымының астарында біршама шектеулі кеңістікте қамтылған макроскопиялық дене бар. Бұл кеңістіктің шекарасы ретінде жүйені қоршаған әлемнен немесе қоршаған ортадан бөліп тұратын математикалық жазықтық алынады.кеңістіктегі шектеулілік жүйе денесімен толтырылған біршама көлемнің бар екендігін білдіреді. Ал макроскопиялық дене деп көптеген бөлшектерден ( молекулалар мен атомдардан ) тұратын денені айтады. Термодинамикалық жүйелер қоршаған ортамен алмасу сипаты бойынша оқшауланған тұйық және ашық түрлерге жіктеледі. Егер жүйе өзін қоршаған ортаға энергия бермесе және алмаса, онымен зат алмаспаса, онда оны оқшауланған жүйе деп атайды. Бөлектендірілген жүйелер деп сыртқы ортамен салмағымен де, қуатымен де алмаспайтын жүйелерді атайды. Бұндай жүйе табиғатта кездеспейді, ал егер де кездесетін болса, онда тек макет түрінде ғана болады. Тұйық жүйелер деп сыртқы ортамен затпен емес, қуатпен алмасатын жүйелерді атайды. Тұйық жүйе мәңгілік емес. Мысалы, биожүйеге жұмыртқаны жатқызуға болады,яғни оған температура әсер еткенде ол бізге затын яғни балапан береді. Бұл жүйе мәңгілік емес көп уақыт 1000000 жыл өмір сүруі мүмкін. Биоинформацияны сақтауда маңызы өте зор. Тағы да мысал келтіретін болсақ, тас және де бидай тұқымы т.б. Ал ашық жүйелер сыртқы ортамен затпен де , қуатпенен де алмасады. Мысалы, ашық жүйеге барлық тірі организмдер жатады. Ашық жүйелер теориясы 20ғасырдың 30- жылдарында пайда болған болатын. Ашық жүйе мәңгілік емес, өте ұзақ уақыт тұра алмайды, өседі өледі, өзіне ұқсас жүйені туғызады, эволюция процесіне түседі, модифицерленеді. Қуатын да затын да береді де алады да. Біз ашық жүйе принципін ұстануымыз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]