51. Меншікті иелену, пайдалану, билік ету
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.
Пайдалану құқығы дегеніміз
Пайдалану құқығы дегеніміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім,жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.
Билік ету құқығы дегеніміз
Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.
52. Мәмле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңыз алады, ал ол арқылы мәмлеге қатысушы өзінің еркін білдіреді. Сөз жүзінде жасалатын мәмлелер ауызша мәмлелер деп танылады. Қатысушылардың еркі тікелей, шарт жасауға бағытталған конклюденттік әрекеттер арқылы білінетін мәмлелер де, сондай-ақ қатысушының еркі үндемеу арқылы білінетін мәмлелер де ауызша түрде жасалатын мәмлелер қатарына жатады. Заң мәмленің қандай жағдайларда жазбаша түрде жасалатынын айқындайды. Бірақ мәмле жасаудың ауызша нысанын қолдану мүмкіндіктері үшін заңи нұсқаулар жоқ. Ауызша мәмле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151 бабынан өзгеше, оның 152- бабы жазьаша мәмле қажеттігінің едәуір қатаң шекарасын белгілейді. Аталған бапқа сәйкесмәмлелер жазбаша түрде жасалуы тиіс: • Егер мәмлелердің жекелеген түрлері үшін заңда рда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісініңәдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмлелер жасау кезінің өзінде орындалатындарының басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын; • Мәмлелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарының басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астам омаға; • Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де ретте. Аталған жағдайлар үшін мәмленің жазбаша түрінің тиімділігі- ол мәмленің болуын да, оның мазмұнын да неғұрлым дұрыс көрсетеді. Бұл мәмлеге қатысушылардың құқықтары барынша сенімді қорғауды және бухгалтерлік есеп жүргізудің барынша дәл жүйесін жасауды қамтамасыз етеді.. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген ретте жазбаша мәмлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін жасалады деп саналады. Заң бірқатар жағдайларда жасалған мәмлелерді тіркеуді талап етеді. Мәмлелерді тіркеу мынандай бірқатар проблемаларды шешеді: - мәмле толық заңды күшіне енеді; - тіркеу туралы құжат субьектінің мәмле бойынша иеленген құқықтарын құжатпен растйды; - бірыңғай тіркеу жүйесі оларды жасау жеке емес, жария мүддені білдіретін мәмлені толық есебін жолға қоюға мүмкіндік береді. Мәмле жасаудың жазбаша түрі тіралы талаптарды сақтамаудың салдары қандай деген сауалға тоқталсақ, Заңнан мынандай екі жауап шығады: біреуі- жалпы ереже ретінде , екінші- жалпы ережеден ерекше жағдай ретінде қолданылады. Жалпы ереже мынандай: мәмленің жазбаша түрінің бұзылуы оның жарамсыздығын туғызбайды. Егер тараптар оның жасалуы және мазмұны туралы фактінің төңірегінде дауласпаса, мәмле заңдық күшін сақтайды.
53. Жарамсыз мәмле және оның салдары. АК-ның 157-бабы мәмленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың еркін білдіру бостандығына қойылатын талаптарбұзылатын жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокуратураның талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін деп көрсетеді. Аталған талаптардың біреуінің бұзылатын болса, мәмле жасалған заңдық факт ретінде таныла алмайды және заң күшіне ие болмайды. Заң шығарушылар мәмлені жарамсыз деп танудың нақты негіздерін белгілеуде нақ осы мән-жайларды басшылыққа алады. Құқық бұзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда мәмлені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке тұлғаның талап етумен сот шеше алады. АК-ның 2 бабына сәйкес мемлекеттік органдардың мұндай дауға араласу құқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бұзылғанда мәмлені жарамсыз деп тану туралы сотқа қойылатын талапты, мәмленің екі қатыушысы оның шартарымен келіскен боса да, оны қоюға жария орган құқылы болады. Сонымен, егер мәмле мынандай талаптарды бұзатын болса, мәмле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмұнының заңдылығы туралы; б) мәмлеге қатысушылардың мәмле жасау қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы; Мәмле мазмұнының заңдылық туралы талаптарының бұзылуы АК-ның 158-бабы бұл жөнінде мәмленің аса маңызды талабы- оның заңға толық сәйкестігі деп айқындалады. Мұнда заңның кез келген бұзылуы жөнінде сөз болып отырған жоқ. Құқықбұзушылықтың көп болуы АК-ның 159 бабына және өзге заң ережелеріне сәйкесмәмлелердің жарамсыздығына негіз болады. Ал 158-бап мәмле мазмұнының заң талаптарына сәйкес келмеуіне қарсы, яғни ашық заңға қайшылыққа қарсы бағытталған. Бұл мәмленің қылмыстың жаксалуын, заңның бұйрық ережелерін орындаудан жалтаруды, айналымнан алынған заттарды жеке адамдарға сатуды және т.с.с. көздейтін жағдайлар болуы мүмкін. Алайда, заңда белгілі бір мәмлені жасауға рұқсат ететін норманың болмауы ғана оны жарамсыз ете алмайды. Мазмұны заңда тыйым салынған қағидаларды бұзаты мәмле жарамсыз деп танылуға тиіс. АК-ның 158- бабының 2-тармағына заңның ұйғарымдарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын, мәмлені қасақана жасаған адам, егер мұндай талап пайдакүнемддік мақсаттармен немесе жауапкершіліктен жалтару ниетмен жасалатын болса, мәмлен жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы болмайтынын көздейді. Мәмле жасау кезінде заңды саналы түрде бұзған, одан соң өзінің осы құқықбұзушылығына сүйеніп, мәмлені жарамсыз деп тануды талап ететін жеке және заңды тұлғалардың талаптарын қанағаттандыруға аталған себептер бойынша жол берілмейді. Мәмленің жарамсыздығының салдарын айқындайтын негізгі ережелер АК-ның 157 бабында белгіленген. Оған сәйкес, екі жақты реституция, яғни мәмле жарамсыз деп танылған тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәмле бойынша алынған бәрін қайтарып беруге, ал заттай заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті. ҚР Азаматтық кодексі жарамсыздық салдарын бұлайша жалпылама бөлуді көздемей, бірақ ерекше жағдай ретінде бір жақты реституцияны қолдануды не реституцияға жол бермеуді жақтайды, бірақ бұл мынадай бір ғана жағдайда мүмкін болады: жасалған мәмле қылмыстық мақсатқа –есірткі заттарды сатып алуға-сатуға, бөтен автомашинаны айдап әкетуге бағытталған жағддайда. Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған мәмле жалған мәмле деп аталады. Жалған мәмле кейде өтірік мәмле деп аталады. Мәмлелер туралы заңдардың негізгі ережелері осындай, олар мәмлелердің құқықтық маңызын, жасалу тәртібін, мазмұнын және жарамдылық жағдайларын айқындайды. Бұл ережелер мәмлелердің азаматтық, ең алдымен, мүліктік құқықтық қатынастарды туғызатыннегізгі заңдық факті екенін басшылыққа алады. Әрбір азамат, әрбір заңды тұлға күн сайын, кейде күніне бірнеше рет мәмлемен ұшырасады, оларға қатысады, құқықтық сипатын ұдайы ұғына бермесе де, олардың орындалуына атсалысады. Мәмлелердің заңдық сипаттамасын білу және дұрыс түсіну – экономикалық айналымға қатысушылардың заңды мүдделерін қорғаудың маңызды шарты.
54. Еңбек құқығының пәні – еңбекті қоғамдық негізде ұйымдастыруға, басқаруға, кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан қызметкерлердің жұмыс күшін еңбек функциясына сәйкес пайдалануға және қызметкердің ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын атқаруға, өз кезегінде жұмыс берушінің қызметкерге жалақының уақытылы төлеуін, жұмыс орнында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыруға байланысты пайда болатын біртектес құқықтық қатынастар болып табылады.
Сонымен еңбек құқығы меншік пен шаруашылық жүргізудің әртүрлілігіне қарамастан, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жалдамалы еңбекті ұйымдастыруға байланысты пайда болатын қоғамдық еңбектік қатынастарды реттейтін қазақстан құқықғы жүйесінің дербес саласы.
Еңбек құқығының пәні оның қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіні арқылы анықталатын болса, еңбек құқығының әдістері сол қатынастарды қандай тәсілдермен реттейтіндігімен айқындалады. Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастар жағдайында еңбек құқығы саласында еңбектік қатынастарды реттейтін негізгі әдістер қалыптасқан.
Олар :
Мемлекеттік – орталықтандырылған реттеу әдісі
Шартты (келісімді түрде) нысанда реттеу әдісі
Кәсіпорын, ұйым деңгейінде реттеу әдісі (локальдық әдіс)
Жеңілдік түрдегі әдіс
Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен: 1) еңбектік құқықтык қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; 2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; 3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен; 4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.
Еңбек қатынастарын реттеуге арналған мемлекеттің уәкілетті органдарының қабылдаған нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы еңбек құқығының қайнар көздері болып табылады.
Қайнар көздеріның классификациялануы:
— Маңыздылығына сәйкес
— Еңбек құқығы жүйесіне сәйкес
— Формасына сәйкес
— Қызмет ету сферасына байланысты және т.б
Еңбек заңнамасы ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ол Еңбек кодексінен, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Мұндай актілерге ҚР Конституциясымен және Еңбек кодексімен қатар: ҚР заңдары; ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы сотының нормтивтік қаулылары; ҚР министрліктері мен ведомстволарының нормативтік құқықтық актілері жатады.
55.
56.
57. Жұмыс уақыты — қызметкер жұмыс берушінің актілері мен еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек кодекстің 77-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзактығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзактығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкер еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уакыты ішінде орындауга міндетті, дегенмен уақыт нақты жұмыс істелген уакытпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз — жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
Өндірістік күнтізбелікке сәйкес уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күнінің ұзактығы:
— 5 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;
— 6 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 7 сағаттан, ал бір күн — 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылгы 18 желтоқсандағы № 05 — 2 (8008 хаты).
Қысқартылған жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтыгы санаттарының еңбегін қорғау, оқы мен өндірісті онтайлы ұштастыруға жағдай жасау, жеткіншектерді және еңбекке қәбілеттілктері төмендеген тұлгаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзактығы:
14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін — аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында күніне 4 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына — 4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін астасына – 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасына күніне – 6 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына — 4 күн 7 сағаттан 15 мин.
Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердін және тағы басқа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашқысында жұмыс күні жалақы азаймай кысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде кызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнін көлеміне карай алады.
Толық емес жұмыс уакыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.
Сонымен бірге, Еңбек кодексіне көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР-ның басқа заңдарына еңбек қатынастырын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынған.
58.
59. Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері Еңбек кодексінің 51- бабында қаралған, ол бойынша:
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар
Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы
Қ.Р–ның заңдарына сәйкес көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы
Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы
Жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
Бұл көрсетілген негіздердің әрқайсысы Еңбек кодексінің арнаулы жекелеген баптарында нақтыланған. Бұлардан басқа еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуына байланысты еңбек шартының тоқтатылуына мынадай жағдайлар негіз болады:
Медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған
Адамды белгілі бір лауазымдрды немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырған заңды күшіне енген сот сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған.
Қ.Р заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек шарты тоқтатылуға тиіс.
60.
61. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы — қысқаша алғанда тұлғалар мен зейнетақымен қамтамасыз ету органдары арасында пайда болатын құқықтық қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қоғамдық қатынастардың ең басты, негізгі субъектілерінің бірі – бұл жеке тұлғалар. Басқа құқықтық салаларға қарағанды, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы субъектілерінің айырмашылығ – арнайы зейнетақыға шығуы үшін еркектер-63 жасқа, әйелдер-58 жасқа толуы тиіс. Бұрынғы, 1991 жылғы заңға қарағанда, 1997 жылғы қабылданған заңның ерекшелігі, зейнетақы мен жәрдемақының әр түрлі қорлардан төленуі, тағайындалуы және есептелуі. Зейнеткер ең алдымен, заңға көрсетілген жасқа жеткенде халықты әлеуметтік қорғау органымен өзінің құжаттарын (стажын өтілін) дәлелдейтін, табысын растайтынжәне т.б.) тапсыру арқылы қоғамдық құқықтық қатынасқа түседі. Өз орнында, халықты әлеуметтік қорғау органы 10 күннен кешіктірмей тапсырылған құжаттарды қарауы тиіс және шешім қабылданған күннен бастап 5 күннен кешіктірмей арыз берушіге хабарлауы тиіс.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында – зейнеткер, жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы және зейнетақы төлемдерін алушы – осы құқық саласының субъектілері болады. Зейнеткер дегеніміз – жалпы заңда көрсетілген жасқа жеткуен, стажын, (өтінім), табысын растайтын құжаттары бар жеке тұлға. Зейнетақы заңына сәйкес салымшы дегеніміз – зейнетақы төлемін алушының пайдасына зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, ол алушы дегеніміз — пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жарналары төленетін және зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын не орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке адам.
Қысқаша тоқталатын болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығында орнату – тұлғалардың – зейнеткерлердің белгілі бір жасқа жетуі болса, өзгерту – бір қордан басқа қорға ауысқан жағдайда (жалпы ереже бойынша, жылына екі реттен аспауы керек) ал, тоқтату-алушының не салымшының қайтыс болуы, басқа мемлекетке көшуі т.б. жағдайларда жүзеге асырылады.
Ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы аясында құқықтық қатынастар тұлғалардың Конституцияда және зейнетақы заңында көрсетілген құқықтарынан туындайтын қатынас. Бұл қатынас жеке тұлғаның өзінің құқығын пайдалану болып табылады, оның ішінде құқытық қатынастар арқылы пайдалануы. Екіншіден, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы аясындағы заңды қатынас – көп жақты қатынас болып табылады. Осы саладағы құқытық қатынас көп жақты құқықтық қатынас болған соң оның кейбір ерекшеліктеріне тоқталғанды дұрыс деп санаймыз.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында субъектілер құқықтық қатынасқа қатысуы үшін заңдарда көрсетілген құқықтық қабілеттілікке және әрекет қабілеттілікке ие болуы тиіс, ал әлеуметтік қамсыздандыру құқығында құқықтық қабілеттіліктің пайда болуынының өз ерекшеліктері бар.
62. Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтықакт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.
63.
64. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Осында көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.
Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде құқықтары мен міндеттері :
Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Балалардың құқықтарын қоғау:
Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, оларды дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы ) ескереді.
Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді.
Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайлардағана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы.
Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.
1
2
3
4
