Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаршығаева УМКД Бакалавр1-курс (1) (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Тіл үйренушінің деңгейін анықтау критерийлері

B1 – негізгі жеткілікті деңгей

  1. Елтану тақырыбына байланысты мәтіндерді оқып, ондағы негізгі ойды түсіну;

  2. Өз пікірін, ойын дұрыс жеткізе білу, оң немесе теріс жауап бере алуы;

  3. Өзі жайлы, отбасы, оқу орны жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу;

  4. Елінің тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы туралы әңгімелеп айтуы;

  5. Қарапайым сұрақтар қоя білу және жай сөйлемдердің көмегімен өзінің ойын дәледей білу;

  6. Өтінішті, бұйрықты, қолдауды, өкнішті, сенімсіздікті, болжауды айтуы;

  7. Өзін қызықтыратын тақырып бойынша мәтін құрастыра алу;

  8. Өтілген тақырыптар негізінде шағы эссе, баяндама, шығарма жаза білу;

  9. Теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды түсіне алу.

B2 – негізгі жеткілікті деңгей

  1. Оқу, тұрмыстық, саяси-әлеуметтік тақырыптарға әңгімелесуге дағдылануы тиіс;

  2. Өзінің кәсібі туралы әңгімен құрай білу, сипаттау;

  3. Диалогтың түрлері: пікір алысу, сұрақ-жауап, әңгімелесу арылы күнделікті қарым-қатынаста бір-бірінің ойын түсінуі тиіс;

  4. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу;

  5. Өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттерімен күрделендіріп бере білу;

  6. Күрделі емес пікірталасқа қатысып, өз ойын дәлелдей білу.

  7. Теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды түсініп, түсінгенін әңгімелей алуы тиіс.

  1. Қазақ тілі курсы бойынша меңгерілетін грамматикалық құзыреттілік

B1 – негізгі жеткілікті деңгей мен B2 – негізгі жеткілікті деңгей

Сөз-синтагмалардың ерекшелігі, көпмағыналылықтың сөйлеу тілінде қолданылу ерекшелігі, фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы, фразеологизмдер мен сөздердің мағыналық қатынасы, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің сөйлеу тіліне жұмсалу ерекшелігі. Лебізде синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау, семантиклық ерекшеліктерін айыру. Сөз тіркестерінің валенттілігі, сөйлем құрау жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы. Жай сөйлем мен олардың түрлері, негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктері. Сөйлеудің прагматикалық ерекшеліктері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері. Сөздердің семантикалық тіркесімділігі. Диалог жүргізе алу құзыреті, яғни әңгімені бастау, қолдау және аяқтауға арналған тілдік құрылымдарды меңгеру.

Күрделі сөйлемдер жүйесі. Лебіздегі сөйлем құрылымы мен олардың өзіндік ерекшелігі. Сөйлем құрылымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынаста түсініктілігі. Сөз тіркесі арқылы сөйлем құраудың прагматикалық сипаты. Сөйлемді дұрыс құраудағы сөздердің орын тәртібі мен сөйлем мүшелерінің орналасу реттілігі. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі, олардың семантикалық, функционалдылық ерекшелігі. Күрделі сөйлем құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Сөйлемнің функционалдық-семантикалық ерекшеліктері. Тілдегі объектілік, субъектілік, предикативтік қатынастар мен олардың берілу жолдарындағы функционалдық ерекшеліктер мен мағыналық реңктер. Қазақ сөйлеміндегі интонация бірлігі. Интонацияның сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтай алу қызметі, сөйлемнің актуальды мүшеленуі, сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі; пауза және синтагма.

Пререквизит: қазақ тілі курсы

Постреквизит: кәсіби қазақ тілі, іскери қазақ тілі.