- •Пәннің мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі Дәріс курсы және практикалық сабақтар
- •Зертханалық сабақтар
- •Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыз етілген картасы
- •Әдебиеттер
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •5. Сабақ жоспары
- •7.Бағалау ақпараты
- •8. Бағаны қою саясаты
- •9. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика
- •Айнымалылар мен өрнектер
- •Екі өлшемді массивтер
- •Функцияға функциянын атына беру.
- •10Дәріс Массив структурасының сұрыпталуы.
- •050703-Ақпараттық жүйелер, 050704-Eсептеу техникасы және бағдарламалық қвамтамасыз ету
- •Әдістемелік нұсқаулары
- •Функция құру
- •Өзіндік жұмыстар:
- •Массив элементтерінің қосындысын есептеуді жеке функция ретінде қарастыру керек.
- •050704 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- •2 Курс, 4 семестр
- •Қорытынды бақылау материалдары (билеттер мен тесттік тапсырмалары)
7.Бағалау ақпараты
Бақылау түрлері (ағымдық,аралық,қорытынды)
Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)
8. Бағаны қою саясаты
Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті ).
Айқындылығы (хабарлануы).
Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру).
Жоғары дифференциация (көп ұпайлық бағалау шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау ).
Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалану ережесін және ағымдық, аралық, қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында, бақылау жұмысының алдында).
Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100%) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлінуін қарайды.
№ |
Пәнді игеру үдерісіндегі бақылаудың түрлері |
Баға ұпайлық жүйеде |
Min/max |
I |
Зертханалық жұмыс |
7*1=7 |
|
Теорииялық материал |
15*0,2=3 |
|
|
СӨЖ |
7*1=7 |
|
|
Сабаққа белсенді қатысуы |
15*0,2=3 |
|
|
|
Аралық бақылау I |
10 |
|
|
Аралық бақылау қорытындысы I |
30 |
|
II |
Зертханалық жұмыс |
7*1=7 |
|
Теорииялық материал |
15*0,2=3 |
|
|
СӨЖ |
7*1=7 |
|
|
Сабаққа белсенді қатысуы |
15*0,2=3 |
|
|
Аралық бақылау II |
10 |
|
|
Аралық бақылау қорытындысы II |
30 |
|
|
|
Рұқсат беру рейтингісі |
50% |
30/60 |
III |
Қорытынды бақылау (ИК) Емтихан |
40 |
20/40 |
|
Барлығы |
100 |
50/100 |
Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Сандық эквивалент |
Ұпайдық пайыздық көрсеткіші |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
A |
4,00 |
95-100 |
Өтежақсы |
A- |
3,67 |
90-94 |
|
B+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3,00 |
80-84 |
|
B- |
2,67 |
75-79 |
|
C+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2,00 |
65-69 |
|
C- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,00 |
50-54 |
|
F |
0,00 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
9. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика
сабаққа қатысуы;
сабақта өзін-өзі дұрыс ұстау ережесі;
мадақтау және жазалау.
1-дәріс. С++ тілінің базалық құралдары( алфавит, айнымалы мен өрнектер). Деректер типтері
Кез келген табиғи тілдерде төрт негізгі элементті атап айтуға болады:символдар, сөздер, сөз тіркесі және сөйлем. Сол сияқты алгоритмдік тілдерде сөз-лексема, сөз тіркесі- өрнек, сөйлем-операторлар. Лексемалар символдардан, өрнек лексемалар мен символдардан, ал операторлар символдардан, өрнектерден және лексемалардан құралады.
Тіл алфавиті немесе символдар – бөлінбейтін тіл белгілері. Олармен барлық тіл тексттері жазылыды.
Лексема және элементар конструкциялар- қандай да бір мағана беретін тіл бірлігі.
Өрнек-қандай да бір мәндерді есептеудің ережесі.
Оператор-амалдардың аяқталған сипатын береді. Операторлар орындалатын және орындалмайтын болып бөлінеді. Орындалмайтын операторлар деректерге амалдар қолданады, ал орындалмайтын операторлар тек сипаттау үшін қолданылады. Деректердің сипаттаулар мен операторлардың бір түтас алгоримге бірігуі алгоритмдік тілдегі программа деп аталады. Осы программаны жұмысқа қосу үшін машина процессоры түсінетін- машина кодына айландыру керек. Программа алдымен препроцессорға беріледі. Программа текстегі директивалар орындалады. Сосын толық текст компиляторға кіреді. Сонда өрнектер мен операторларды «қабылдайды» синтаксистік қатесін тексереді. Қате болмаса объектілік модуль тұрғызады.
Компоновщик немесе байланыстырушы редактор орындалатын модульды қосады. еxe кеңейтумен орындалуға жіберіледі.
Тіл алфавиті:
Латын әріпінің бас әріптері мен жазба әріптерінен және сызба белгісінен.
0..9 араб цифрларынан
арнайы белгілерден
бос орын , табуляция символы, жаңа жолға өтіу символы
Символдардан лексема құралады:
идентификторы
резерфтелген сөздер
операция белгілері
тұрақтылар
бөлгіштер
Идентификаторлар-программалық обектінің аты. Латын әріптері, цифрлар және төменнен сызу белгісінен жасалады. Бірінші символ әріп немесе сан төменнен сызу белгісі бола алады, тек цифр болмау керек. Бос орын идентифиеаторда қолданылмайды. Резерфтелген сөздер идентификаторлар бола алмайды.
asm |
double |
int |
siziof |
unsigned |
auto |
dynamic_cast |
long |
static |
using |
bool |
else |
mutable |
static_cast |
virtual |
break |
enum |
namespace |
struct |
void |
case |
explicit |
new |
switch |
volatile |
catch |
export |
operator |
template |
wchar_t |
char |
extern |
private |
this |
whi |
class |
false |
protected |
throw |
|
const |
float |
public |
true |
|
const_cast |
for |
register |
try |
|
continue |
friend |
reinterpret_cast |
typedef |
|
default |
gote |
return |
typeid |
|
delete |
if |
short |
typename |
|
do |
inline |
signed |
union |
|
Операция белгілері
Операция белгілері- операндтарға қандай амал қолданатынын анықтайтын бір немесе бірнеше символдар. Олар операцияға қатысатын операндтар санына байланысты унарлы, бинарлы және тернарлы болып бөлінеді.
Тұрақтылар
Өзгермейтін шамаларды тұрақтылар деп атайды. Бүтін, нақты, символық және жолдық тұрақтылар болады.
Тұрақты |
форматы |
мысалдар |
Бүтін |
Ондық: нөлден басталмайтын ондық цифрлардың тізбегі. |
8,0,19657 |
Сегіздік 0ден басталатын сегіздік цифрлар |
01,020,07155 |
|
Оналтылық:0х немесе 0Х –тан басталатын оналтылық цифр тізбегі |
0хА,0Х1и5,0х0F |
|
Нақты |
Ондық |
5.7,35 |
Экспоненциальды |
0.2E6, 11E-3 |
|
Символдық |
Апострофқа алынған бір немесе екі символ |
‘A’,’ю’,’db’,’\n’, ‘\012’, ‘x07\x07’ |
Жолдық |
Тырнақшаға алынған символдар |
“jdfddfjksl”,”ооо” |
Кері қисық сызықшамен басталатын символдар басқарушы деп аталады.
Бейнеленуі |
Оналтылық коды |
аты |
\a |
7 |
Дыбыс белгісі |
\b |
8 |
Бір қадамға оралу |
\f |
C |
Бетті аудару |
\n |
A |
Жолды аудару |
Бейнеленуі |
Оналтылық коды |
аты |
\r |
D |
Каретканы қайтару |
\t |
9 |
Жолдық табуляция |
\v |
B |
Бағандық табуляция |
\\ |
5C |
Кері қисық сызықша |
\’ |
27 |
Апостороф |
\” |
22 |
Тырнақша |
\? |
3F |
Сұрау белгісі |
\0ddd |
- |
Белгінің сегіздік коды |
\0xddd |
ddd |
Белгінің оналтылық коды |
Комментарийлер.
Комментарийлер // басталады. /* немесе */ аяқталады.
С++ мәліметтер типі
Мәліметтер типін анықтайды:
компьютер жадысындағы мәліметтің ішкі берілуі
осы типтің қабылдауы мүмкін мәндер жиыны
осы типке қолдануға болатын операциялар мен функциялар
Жалпы типтер екіге бөлінеді:
негізгі
құрамдас
С++ тілінде негізгі типтер алтау. Осы типтердің көмегімен басқа құрамдас типтер жасалады.
Мәліметтердің негізгі типтері:
int(бүтін);
char(символдық);
wchar_t(кеңейтілген символдық);
bool(логикалық);
float(нақты);
double(екілік дәлдікті нақты );
Алғашқы төртеуі бүтін типке, ал соңғы екеуі-нүктемен ажыратылаты типке жатады. Оларға комппилятор бөлінетін код әртүрлі.
Стандартты типтердің мәндері мен диапазондарының ішкі берілуін ерекшелейтін төрт тип спецификаторы бар:
short(қысқа);
long(ұзын);
signed(таңбалы);
unsigned(таңбасыз);
Типтердің әрқайсысына жеке тоқталайық.
Бүтін тип int. Бүтін типтің өлшемі стандарпен анықталмайды. Ол компьютер мен компилятордан тәуелді. 16-разрядты процессорда 2 байт, ал 32 разрядта-4 байт орын алады. Типтің атының алдында қоланылатын спецификатор short(қысқа) компиляторға оның процессорының разрядына қарамастан тек 2байт орын бөлу керектігін көрсетеді. Сондай-ақ, long(ұзын) спецификаторы 4 байт орын бөлу керектігін көрсетеді. Сонымен 16 разрядты компьютерде int(бүтін) және short(қысқа) int(бүтін), ал 32 разрядты компьютерде int(бүтін) және long(ұзын) int(бүтін) эквивалентті.бүтін типті шамалар екілік кодтағы бүтін сандар. signed(таңбалы) спецификаторын пайдаланғанда жоғарғы бит таңбаны анықтайды(0-оң, ал 1-теріс). Программада кездесетін тұрақтыларға олардың түріне сәйкес тип қосылып жазылады. Мысалы, 0х22UL немесе 05Lu.
Символдық тип.Символдық тип шамасына 1байт орын бөлінеді. Олар таңбалы немесе таңбасыз болуы мүмкін. -128 бен 127 диапазонында таңбалы символы сақтауға болады. unsigned(таңбасыз) спецификаторымен кез келген символды 0 ден 256 аралығындағы диапазонда мәнін сақтауға болады.
wchar_t(кеңейтілген символдық);
Кодтауға бір байт орын аз болатын символдармен жұмыс үшін пайдаланылады. Өлшемі оның қандай қысқы немесе ұзын типке жататындығына байланысты. wchar_t(кеңейтілген символдық)
Типтің тұрақтысы L префикспен жазылады: L”Gates”.
Логикалық тип –bool.
Ол екі мәнді қабылдайды: True немесе False. Ішкі берілу формасы : False-0, ал True-1.
Нүктемен ажыратылаты тип(float, double, long double)
C++ тің стандартында нақты мәнді осы аталған типтер сақтай алады. Олар бүтін типті санға қарағанда басқаша сақталады. Оны екі бөлікке бөліп:мантисса және реті сақтайды. Float типті нақты сандар IBM PC сияқты компьютерлерде 4 байт орын алады, оның бір екілік разряды мантисса таңбасына, 8 разряды ретіне және 23 мантиссасына бөлінеді мантисса 1.0-дан артық ал 2.0-дан кем сан. Мантиссаның үлкен цифры 1-ге тең болады да ол сақталмайды.
double типті нақты сандар 8 байт орын алады. Реті мен мантиссасына сәйкес 11 және 52 разряд бөлінеді.Мантисса ұзындығы санның дәлдігін, ал ретінің ұзындығы оның диапазонын анықтайды.
long спецификаторы жадыдан 10 байт бөлуді көрсетеді. Нақты тұрақты көрсетілмеседе double типті деп қабылданады, бірақ суффикс жалғау (F,f –float, L,l-long)арқылы типін көрсетуге болады. Мысалы, 2E+6L-long duble типті, 1.82f-float типті.
Кесте. Қарапайым типтер диапазоны
Тип |
Мәндер диапазоны |
Өлшемі(байт) |
bool
|
true и false |
1 |
signed char |
-128…127 |
1 |
unsigned char |
0…255 |
1 |
signed short int |
-32768…32767 |
2 |
unsigned short int |
0…65535 |
2 |
signed long int |
-2147483648…2147483647 |
4 |
unsigned long int |
0…4294967295 |
4 |
float |
3.4e-38…3.4e+38 |
4 |
double |
1.7e-308…1.7e+308 |
8 |
long double |
3.4e-4932…3.4e+4932 |
10 |
viod типі
Негізгі типке жатады. Оның мәндерінің жиыны бос. Оны мән қайтармайтын функцияларды анықтау барысында қолданады.
2-дәріс. Программа структурасы. Операциялар, өрнек операторы
С++ тіліндегі программа функция, сипаттау және процессор директивасынан тұрады.
Жиі қолданылатын препроцессор операторлары:
# include
#define
#define директивасы пограммада макростарды қосуға мүмкіндік береді.
Функциянң біреуінің аты main атында болуы керек. Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторынан басталады. Қарапайым функция түрі төмендегідей:
Қайтарылатын_мән_типі аты([ параметрлер]) {
Операторлар, функция денесін құрайтын құрамдастар
}
Функция қандайда бір мәнді есептеу үшін құрылады, сондықтан нәтиже қандай типтен болатындығын көрсету керек. Функция үшін негізгі орындалатын талаптар:
егер функция мән қайтармайтын болса, онда void типін көрсету керек;
функция денесі блоктан тұратын болса, онда оны фигуралы жақшаға алу керек;
функция ішінде функция пайдалануға болмайды;
әрбір оператор ; мен аяқталады.
Мысалы main, f1, f2 функцияларын қамтитын программа структурасы төмендегідей:
Директивы препроцессора
Описания
int main( ){
негізгі функция операторлары
}
int f1( ) {
f1 функциясының операторлары
}
int f2( ) {
f2 функциясының операторлары
}
Программа бірнеше модульден тұруы мүмкін.
С++ тілінде енгізу-шығару стандарты құралы қарастырылмаған. Енгізу-шығару стандарты кітапханалары бар функциялар, типтер, объектілер арқылы жасалады. Шығаруға екі функция пайдаланылады:
int scanf ( const char* format, …)// ввод
int printf(const char* format, ..)// вывод
Олар форматталған енгізу мен шығаруды ұйымдастырады. Мысалы, С тілінде :
#include < stdio.h>
#include <conio.h>
int main () {
int i;
printf(“ Введите целое цисло\ n”);
scanf(“%d”,&i);
printf(“Вы ввели число %d,спосибо!”,i);
getch();
return o;
}
Мұндағы бірінші жол < stdio.h>-ды қоятын препроцессор директивасы. Барлық директива # белгісінен басталады.
Үшінші жолда i айнымалысы бүтін деп сипатталып тұр. printf функциясы Введите целое цисло\ n жазуын шығарады.
Келесі жолда scanf функциясы клавиатурадан енгізілген мәнді i айнымалысына меншіктейді. Келесі оператор түрлендіріп, мәнді экранға шығарады.
Осы программа С++ тілінде:
#include < iostream.h>
#include <conio.h>
int main () {
int i;
cout<<“ Введите целое цисло\ n”;
cin>>i;
cout<<“Вы ввели число”<<i<<”,спосибо!”;
getch();
return 0;
}
Мұнда < iostream.h> файлы енгізу мен шығаруды басқаратын кластарды сипаттайды.
cin - клавиатурадан енгізуді, cout- экранға шығаруды ұйымдастырады.
