Алкогольды галлюциноз.
23. 35 жастағы ер кісі 10 жылдан бері ішімдікті шектен тыс қолданады. Анамнезінде көп реттік бас ми жарақаттары бар, бірақ дәрігерге қаралған емес. Соңғы 5 жылда салынып ішкен. Салынып ішу кезеңінде таңертеңгі уақытта бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, тершеңдік, жүрек қағуы мен қан қысымы жоғарылауы болады. Соңғы алкогольдік эксцесс кезінде үрей, көңілдің түсуі, тітіркенгіштік пайда болған, қозғалысы тынышсыз, суицидальді ойлар айтып, пәтерінің 2-қабатынан секіріп кеткен, бірақ ешқандай қатты зақым алмаған. Туыстары кезекші психиатрды шақырып стационарға жатқызған.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Алкоголизмнің 2 сатысы, абстинентті синдром, суицидальді тәртіп
24. 48 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы алкогольді ішімдіктерді шектен тыс қолданады, күніне 1-2 бөтелке арақтан салынып ішеді, басын жазады. Ауруханаға түсер алдында 10 күн бойы салынып ішкен. Одан кейін тоқтатқаннан кейін 3 күннің ішінде ұйқысыздық дамыған. Бастапқыда құлағына шу, ысқырық, сыбырлар, одан кейін таныс емес әйелдердің бұның іс-қимылына комментарий жасап, мазақтаған дауыстарын естіген. Науқастың іс-әрекеті оның қайғыруларына сәйкес.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Алкогольды галлюциноз.
25. 15 жасар жасөспірім 14 жасынан бастап достарымен марихуана шеккен. 2 ай бұрын таблеткалар қабылдай бастаған. 20 таблетка ішкеннен кейін қайда екенін түсінбеген дәрежеге жеткен. Бастапқыда оны аңдып жүргендей сезім, қорқыныш, үзінділі көру галлюцинациялары пайда болды. Қауіп төндіруші адамдардың «дауыстарын» естіп, оларды көре бастады. Фантастикалық мазмұндағы сахналар көз алдында өте бастады. Кезеңді түрде «жарықтану» пайда болды. Объективті: мидриаз, беттің гиперемиясы, тремор мен тахикардия.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Циклодол. Делириозды синдром.
26. Көктамырына психоактивті зат енгізетін науқаста, оны тоқтатудың фонында мұрын бітуі, жас ағу мен сілекей бөліну, түшкіру, буындар мен сүйектердегі азапты, ұзақ уақыттық ауру сезімдері байқалады. Улану кезі седациялар, қуаныш сезімдері, «рахаттану» және комфорт сезімдері түрінде көрінеді. 1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Опиынды наркомания, абстинентті синдром.
27. Науқас 5 жыл көлемінде алкоголь қабылдайды. Оны қабылдамаған кездері тітіркенгіштік пайда болады, көңіл күйі төмендеп, алкогольге деген күшті әуестікті сезінеді. Периодты түрде ішу жайлы ойлар пайда болады. «Тойынуды» сезінуі үшін оған үлкен көлемдегі алкоголь қажет, ол компанияларда алкоголь ішудің инициаторы болып табылады, өзі басқалардан алдын ала тост сөйлеуге тырысады, ішуді жиілетеді, «өткен кештің оқиғаларын» жиі ұмытып қалады. 1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы Алкоголизмнің 1 сатысы, палимсестер.
28. Науқас алкогольді қабылдағанына 25 жыл болды. Салынып ішудің ұзақтығы 1 аптадай уақытқа созылады. Ішкілік кезеңдерінде таңғы уақыттарда жүрек қағу, жүрек аймағындағы ауру сезіміне, тершеңдік, перистальтиканың бұзылысы, қан қысымының ауытқуы, беймаздық пен тәбеттің төмендеуі байқалады. 1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы Алкоголизм, абстинентті синдром.
29. 47 жастағы ер кісі 25 жылдан бері алькоголь қабылдайды. Соңғы жылдары тәулік бойы көп рет бөлшектеп, аз порциямен ішеді. Аяқ-қолдарында аурулық сезімдердің төмендеуі мен жүрісінің бұзылыстары байқалады. Ағымдағы күнді, ай мен жылды айта алмайды, бірнеше минут алдында болған оқиғаларды есіне түсіре алмайды. 1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
