Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Патологиялық аффект (Эмоция бұзылысына жатады).

-Кенет басталып, кенеттен аяқталады.

-Толық амнезия

-Жағдайға жауап ретінде дамиды.

Емі:

Нейролептик –Аминазин ( антипсихотикалық эффект)

20. Ер адам 37 жаста, соматикалық ауруы бойынша 2-ші топ мүгедегі. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Құқық бұзушылық күнінде 30-жасар әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретінінін айтады. Осыған реакция ретінде науқас дірілдеп, әйелін қолына кездойсоқ түскен мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «Ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ» дейді. Шамамен таңғы 6-да диванда жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсіннің жатқанын көріп таң қалған.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Патологиялық аффект (Эмоция бұзылысына жатады).

-Кенет басталып, кенеттен аяқталады.

-Толық амнезия

-Жағдайға жауап ретінде дамиды.

Емі:

Нейролептик –Аминазин ( антипсихотикалық эффект)

21. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақтық пневмонияның қалдық белгілері бар. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, бірақ өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. «Көптеген жылжып жатқан бақаларды, жыландарды, биттерді көретінін» айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Делириозды синдром. Интоксикация әсерінен дамыған.

-Делирий сананың жедел күңгірттенуі.

-Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.

-Кешкі уақытта күшейеді.

-Сахна тәрізді галлюцинациялар.

I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)

II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.

III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.

Емі:

-Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

-Седативті

-Нейролептик(Галоперидол)

-Антипсихотикалық ( Транквилизатор-Седуксен)

-Симптоматикалық

22. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: көзіне «бақалар, жыландар, тышқандар» көрінеді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Аменция (сананың қарауытқан бұзылысы)

-Сананың органикалық қарауытуы, ойлаудың байланыссыздығымен,контактқа түспеуімен, қабылдаудың үзілісті бұзылыстарымен, физикалық қажумен көрінеді.

-Қозуы тек төсек жағдайымен шектеледі

-Яктация

-Контактқа түспейді

-Толық амнезия

Емі:

-Нейролептик(Галоперидол,Аминазин)

23. 17 жасар қыз балада тұмау кезінде температурасы жоғары болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейлі, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Делириозды синдром. Интоксикация әсерінен дамыған.

-Делирий сананың жедел күңгірттенуі.

-Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.

-Кешкі уақытта күшейеді.

-Сахна тәрізді галлюцинациялар.

I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)

II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.

III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.

Емі:

-Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

-Седативті

-Нейролептик(Галоперидол)

-Антипсихотикалық ( Транквилизатор-Седуксен)

-Симптоматикалық

24. Науқас, 36 жаста. Анамнезінде: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейлі, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі төмен, жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальді ойлар айтады. Критика жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]