- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
- •Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Шымкент
- •Сілтілі сулы сығындылардан органикалық еріткіштермен экстракцияланатын заттар
- •§ 32. Хинин
- •Хининді ашу
- •Апиын мен омпонон
- •Морфинді ашу
- •Морфинді ашу
- •Морфинді фотоклориметрия тәсілімен анықтау
- •Кодеинді ашу
- •Кодеинді анықтаудың экстракция
- •Папаверин
- •Папаверинді ашу
- •Галантамин
- •Галантимінді ашу
- •Анабазин
- •Анабазинді ашу
- •Анабазинді фотоколориметриялық анықтау тәсілі
- •Никотин
- •Никотинді ашу
- •Ареколин
- •Ареколинді ашу
- •Кониинді ашу
- •Атропин
- •Атропинді ашу
- •Скополамин
- •Кокаинді ашу
- •Стрихнин
- •Стрихнинді ашу
- •Бруцинді ашу
- •Резерпин
- •Резерпинді ашу
- •Пахикарпин
- •Пахикарпинді ашу
- •Секурининді ашу
- •Эфедрин
- •Эфедринді ашу
- •Аконитин
- •Аконитинді ашу
- •Орыс тілінде
Сілтілі сулы сығындылардан органикалық еріткіштермен экстракцияланатын заттар
Химия-токсикологиялық талдауда сілтілі сулы сығындылардан органикалық еріткіштермен экстракцияланатын заттар улағыш қосылыстардың ең үлкен тобын құрайды. Улануға әлденеше рет себеп болған осы заттардың кейбірлерінің қолданылуы мен талдау тәсілдері, қасиеттері төменде мазмұндалады.
Төменде қарастырылатын заттар қатарына алкалоидтар, алкалоидтар негізінде алынған синтетикалық қосылыстар және бірқатар басқа препараттар жатады.
Осы бөлімге кірген алкалоидтар хинолин (хинин), изохинолин (морфин, кодеин, папаверин, галантамин), пиридин (анабазин, никотин, ареколин), пиперидин (кониин), тропан (атропин, скополамин, кокаин), индол (стрихнин, бруцин, резерпин) және т.б. туындылары болып табылады.
Кітаптың осы бөліміне морфин негізінде алынған синтетикалық заттар (апоморфин, дионин, героин), фенотиазин (аминазин, дипразин және т.б.), бензодиазепин (хлордиазепоксид, диазепам, нитразепам), анилин (новокаин мен дикаин) туындыларына болып табылатын препараттар және т.б. кірген.
Жоғарыда келтірілген улағыш заттарды ашу сілтілік сулы сығындылардан алынған хлороформды сығындыларда жүргізіледі. Осы мақсатта хлороформды сығындыларды буландырудан кейін алынған құрғақ қалдықтар да немесе құрғақ қалдықтар ерітінділері де пайдаланылуы мүмкін.
§ 32. Хинин
Х
инин
– хина ағашының әралуан түрлерінің
қабықтарында болатын алкалоид
Бұл қабықтарда хининнен басқа хинидин, цинхонин, цинхонидин және бірқатар басқа алкалоидтар болады. Хинин молекуласының құрамына – СН-ОН атомдар тобымен байланысқан хинолин және хинуклидин циклдері кіреді. Хинин хинидин изомері болып табылады. Медицина практикасында хинин гидрохлориді, дигидрохлориді және сульфаты қолданылады. Хинин негізі этил спиртінде (1:1), хлороформда (1:2), суда (1:23) ериді, суда (1:810), диэтил эфирінде және хлороформда нашар ериді.
Хинин сілтілі сулы ерітінділерден органикалық еріткіштермен экстракцияланады. Хининнің ең көп мөлшері рН=9-10 болғанда хлороформмен экстракцияланады.
Қолданылуы. Денеге әсері. Қабылданған мөлшерге сәйкес хинин орталық жүйке жұйесін тежеуге, бас ауруына, бас айналуға, көрудің бұзылғанына себеп болады. Хинин жатырдың бұлшық еттерін қоздырады және оның қысқаруын күшейтеді. Ол көкбауыр қысқаруына да себепші болады. Хинин безгек қоздырғыштарына әсер етеді және безгекке қарсы тиімді дәрілік препараттардың бірі болып табылады. Оны аритмияларда қолданады. Хинин акушерлік практикада туу әрекетін қоздыру және күшейту үшін қолданылады. Жүкті әйелдер қабылдайтын хинин мөлшері артып кетсе, олар түсік тастауы мүмкін.
Метаболизмі. Денеде хинин хинолин және хинуклидин циклдерінің тотығу жолымен метаболизмге ұшырайды. Мұнда 2-гидроксихинин, дигидроксихинин түзіледі. Метаболизмде хинин молекуласындағы винил тобы хинетин түзе тотығуы мүмкін. Сонымен қатар, хинуклидин циклді гемохин қышқылын (6-метоксихинолин-4-кетокарбон қышқылын) түзе тотығуы да мүмкін. Метаболиттер және байланыспаған хининнің біразы денеден несеппен шығарылады.
