Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жана технология.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать
☆

Бағалау

Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен оқытуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нәтижесін бағалауда да жаңа бағытқа ие болуда.

Еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан оқытудың Кембридждік Бағдарламасы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалауды екі түрде қарастырады: суммативті (жиынтық) бағалау және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқыту үшін бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.

Жиынтық (суммативті) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.  Әрбір бөлім соңында өткізіледі (бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы), оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге көмектесіп, мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі қалыптастырушы бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды және баланы алға жетелеуді көздемейді.

Қалыптастырушы (формативті) бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. Ол бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі, мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымды нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Осы орайда қалыптастырушы бағалау басқа бағалау әдістерімен салыстырғанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау түрлерін қолдануды, тиімді кері байланыс жасауды, ол үшін сұрақты дұрыс құруды, бағалау үшін критерий қолдануды ұсынады. Бұл ретте оқушылар өздерінің білімін қандай дәрежеде екенін айтып, алда нені жетілдіру керектігін тұжырымдайды.

Қазіргі оқыту тұрғысы бойынша оқушылар оқыту үдерісінің белсенді қатысушылары болғандықтан оларды оқу үдерісіне тарту үшін алдымен олар сабақта не істейтінін, олардан не талап етілетінін білуі тиіс. Сол себептен мұғалімнің жаңа сабақты ұйымдастырудағы алғашқы қадамы – сабақтың мақсатымен, табыс критерийлерімен таныстыруы.  Мұғалім әр оқушының сабақ мақсатын түсінгенін және әр оқушының алдына мақсат пен табыс критерйлерін белгілегенін қадағалап, сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың мақсатына қайта оралып, оқушылармен бірге белгіленген критерийлерге әр оқушының қаншалықты жеткенін айқындайды. Тізбектелген сабақтар топтмасындағы әр сабақты жоспарлауда осы үдерісті қалай жүретіндігінің тәсілін жоспарлау керек.

Оқыту мен оқу процесі аясында мұғалім оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін формативті бағалауда үздіксіз бақылап отырады. Нақтырақ айтқанда, қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек. Сондықтан қалыптастырушы бағалау аясында мұғалімдер оқушылардың мақсатқа қаншалықты қол жеткізіп жатқандығын бақылауға алуы тиіс.