Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
infektsia_RK.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

Аланинаминотрансфераза

В. атты 42 жастағы науқастың маркерлік спектрін серологиялық келесі мәліметтер анықталды: HBsAg+, анти-HBc IgG+, анти-HBc IgМ -, анти-HAV IgM - , анти-HAV IgG - . Бұлар нені көрсетеді: Созылмалы вирусты гепатит В

29 жастағы науқас Ш., «Жедел вирустық гепатит В, сарғаюлық түрі» диагнозымен стационарлық ем қабылдауда 6-шы күні есі адасып, ашуланшақ, терісі мен склерасының сарғаюы үдеді, бауырдың көлемі кішірейдң. «Сito!» қандай зертханалық көрсеткіштерді қайталау қажет:: протромбин

47 жасар науқаста обаның бубондық түріне күдік туды. Ошақта эпидемияға қарсы және алдын-алуға жүргізілетін шаралар қандай: науқасты міндетті түрде госпитализациялап қатаң түрде оқшаулау

30 жастағы М.атты науқастың жанұясында ұжымдастырылған орынға баратын 4 жасар балада энтеробиоз анықталған. Қандай эпидемияға қарсы және алдын-алуға бағытталған шаралар жүргізу қажет: қатынаста болған тулғаларда копроскопиялық зерттеу жүргізу

Қандай гельминтозда УДЗ жүргізеді: Эхинококоз

Науқас С., 22 жаста амебиазға күдік бар. Қандай зертханалық зерттеу әдісі негізгі болып табылады:

Паразитологиялық

35 жасар ер адамды қаңғырған ит тістеп алған. Жарақаттық пункте жараның алғашқы өңдеуін жүргізген. Қандай алдын алуға бағытталған шаралар жүргізу қажет:

АИВ-инфекцияны негіздеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет: Иммуноблат

Дизентерияның жұғу механизмі: фекальді оральді

Ботулотоксин жүйке жүйесінің қандай құрылымдарына әсер етеді: ОЖЖ және парасимпатикалық жүйке жүйесінің холинергиялы синапстарына

Лептоспирозға тән симптомокомплекс: миалгия

Инфекционды мононуклеоз кезіндегі гемограмманы көрсетініз:Атипиялы мононуклеярлы

Төмендегі вирустардың қайсысына антигендік құрылымының өзгергіштігі тән:

Бруцеллез кезіндегі инфекция көзі:

Эшерихиоздың берілу механизмі:

Сібір жарасының қандай клиникалық түрі ең жиі кездеседі: карбункулезді

Оба кезінде 2 дәрежелі дегидратацияда жоғалған сұйықтық көлемі қанша:

Лептоспирозға тән негізгі симптом:миалгия

Эпидемиялық паротиттің кіру қақапасы не:

Гастроэнтереиттегі ротавирусты инфекцияның көзі:

3Дәрежелі дегидратацияда жоғалған сұйықтық көлемі:

Тілменің өршу себеі:стрептококка бая типтегі гиперсезімталдық

Аусылдың жетекші синдромы: сиалория

Қай аурудың диагностикасында аңқа мен мұрын-жұтқыншақтың жұғынын бактериологиялық өсіру қажет: дифтерия

ВГА сарғаюалды кезеңіндегі зертханалық көрсеткіштердегі өзгерістер: АЛАТ жоғарылаған

Вирустық гепатиттердегі жетекші синдром қандай:

Вирустық гепатит А продромалдық кезеңінде қандай б/х тест неғұрлым мәліметте: Ферменттер АЛАТ ,АСАТ

Төмендегі ЖРВИ қайсысына екі жұғу механизмі тән (ауау-тамшылы, фекалды-оралды)?

Менингококктық инфекцияның қай түрі біріншілік шектелген: Жедел назофарингит

Менингококцемияға тән бөртпе түрі:Гемораргиялық

Острицалар АІЖ қай бөлімінде паразиттейді: ащы ішектің төменгі бөлігінде

Аскаридозың ерте фазасынадағы өкпе зақымдалуының рентгенологиялық белгілері: көптеген ұшпалы инфильтраттар

Туляремияның көз-бубондық түріне қандай өзгерістер тән: бір жақты кератоконьюктивит

Құтырмаға қандай қандай клиникалық симптомдар тән: гидрофобия

Іш сүзектің бірінші кезеңінде ніжістңң сипаты қандай болады:

Қандай жедел ішек инфекцияларында жиә гиповолемиялық шок дамиды:

Грипп ошақтарында алдын алу мақсатында қандай препарат қолданылады:

Сероздық менингиттерге тән ликвордағы өзгерістерлимфоцитарлық плеоцитоз

Люмбалдық пункция жасауға абсолюттік көрсеткіш: оң мәнді менингиальді симптомдар

Менингококкцемияға тән бөртпе түрі: гемораргиялық

Аденовирусты инфекцияға тән симптомдар жиынтығы:ұзақ қызба ,коньюктивит ,тонзилит

Дифтерияның қай түрінде спецификалық асқынулар жиі кездеседі: асқазанның токсикалық дифтериясы

Обаның алғашқы кезеңінде қандай емдік шаралар жүргізіледі:

Науқас 53 жаста, дене температурасының 38,8°Сжоғарылауымен, қалтыраумен жедел ауырды. Келксі күні сол жаұ балтырында ауырсыну, контуры дұрыс емес және нақты шекарасы бар балтырдың ортаңғы үшіне дейінгі ісінуі және гиперемиясы пайда болған. Аурудың 3-ші күні ұызарған аймақта мөлдір түзілімі бар көпіршіктер тпайда болды. Науқас көп жылдар бойы сол жақ балтырының терең веналарының тромбофлебитімен зардап шегеді. Бұрын осындай аурумен ауырмаған. Қандай диагноз неғұрлым сәйкес: тілме

АИВ-инфицирленгендерді біріншілік анықтау үшін қауіп тобына қандай скринигтік әдісті ұолданады:

Жүргізіліп жатұан антиретровирустық терепияның нәтижелілігін бағалауда қандай әдіс қолданылады: динамикада СД 4 лимфоциттерді анау және вирусты күштемелердің шамасын анықтау үшін ПТР жүргізу

Қандай шаралар жүргізгенде вирустың В гепатитінің алдын алуға болады: Жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау

Бауырастылық сарғаюға не тән :гиперхолестеренемия мен гипербилирубенимия

Вирустық гепатиттің ауыр ағымын анықтайтын көрсеткіш: протромбиндик индекстің айқын төмендеуі

Грипп кезінде қызу түсіретін дәрі ретінде аспиринді тағайындау неге әкеледіорганизмде интерферон синтезінің төмендеуі

Жұлынми сұйықтығында нейтрофилді сипатты айқан цитоз анықталды. В спинномозговой жидкости выявлен резко повышенный цитоз нейтрофильного характера. Қандай диагноз неғұрлым сәйкес: менингококты менингит

Қабылдау бөлімшесіне тоталдық цианоз («мәйіттік дақтар»), гипотермия, анестезия белгілерімен науқас түсті. Науқас ступорда, ауырғанына 1 күн, дене температурасы 40С болған. Пульсі анықталмайды. АҚ 40/0 мм.сын.бағ. Жүрек .ндері өте тұйық. НГауұас зәр бқлмеген. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Қандай диагноз неғұрлым сәйкес:

Скарлатинамен науқастарға қандай антибиотик тағайындалады: бензипенициллин

Гиповолемиялық шокта ерітінділердің қандай тобы бірінші кезекте құйылады: кристалоидтер

Бас миының ісіуімен күресте қандай препараттар қолданады: глюкокортикостероидтер

Жұқпалы аурулардың диагностикасы немен негізделген: клиника анамнездік және зертханалық мәліметтер

Науқас К. 62 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішек қтімсіздігіне күдеік негізінде түсті. Ауырғанына 3-ші күн. Күні бұрын кешке бұзылған балық жеген, сыра ішкен. Келесі күні таңертен ішінде ауырсыну пайда болып, 2 рет құсқан, бірнеше күн бойы үлкен дәреті болмаған. Қарағанда: аузы құрғаған, көруі тқмендеген, жалпы әлсіздік. Қан анализінде: Нв – 160 г\л, эр.- 4,5 х 1012\л, лейк-10, 2 х 109\л. ЭТЖ 15 мм\сағ. Дәрігер ботулизмге күдіктенген. Дәрігердің келесі тактикасы қандай:

Науқас 17 жаста, дене температурасының 38,30 жоғарлауы, тұмау, тамағындағы қышуға, терісіндегі көптеген бөртпелерге шағымданып түсті. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықты, фебрилдік сандарға дейін қызба, денесінде және аяқ-қолында, бетінде , сонымен қатар басының шашаты бқлігіндегі гиперемиялы венчигі бар макуло-папуло-везикулезді сипаттағы бөртпелер. Колледже ұқсас клиникалық белгілермен бірнеше бала ауырған. Қандай диагноз неғұрлым сәйкес Желшешек

Вирусты А гепатиті кезінде диспепсиялық синдромға ТӘН ЕМЕС:

Сальмонеллезге күдікті науқаста жүргізілген терапияға қарамастан дұрыс емес типті ұзақ уақыт ұсталған қызба, айқын интоксикация, гепатоспленомегалия, қарқынды бас ауруы, көпреттік құсу пайда болған. Дәреті қалыпты. Қарағанда: моң мәнді менингеалдық белгілер анықталған. Сальмонеллездің дұрыс ағымын көрсетініз: септикалық

Науқас мына шағыммен түсті, шөлдеу, әлсіздік, жүрек айну, атқылап көп мөлшерде құсу, жиі су тәрізді нәжіс, «күріш қайнатпасы» тәрізді. Қарағанда жағдайы ауыр.Жайлап сөйлейді, дауысы қарлыққан.Еріні құрғақ, көздері шүңірейген.Тері және шырышты қабық құрғақ.Тері қабаты жайлап қалпына келеді.Іші тартылған, пальпацияда ауырмайды. Қандай диагноз сәйкес тырысқақ

Науқас П , 28 жаста, жедел ауырды , t- сы жоғарғы санға көтерілді, басы қатты ауырды, құсу болды. Жұқпалы аурулар клиникасына жедел жәрдеммен жеткізілді. Қабылдау бөлімінде желке бұлшықеттері тартылған. Керниг симптомы оң. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы диагноз қою үшін қолданады

50 жастығы ер азамат 25 тамызда жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне мынадай шағымдармен жеткізілді: дене қызуының жоғарылауы, қалтырауы, беттерінің ауырсынуы, жөтел, ентігу. Ауру жедел басталған. Қараған кезде: бозғылт, ТАЖ-25 рет; аускультацияда: ылғалды, майда, көпіршікті сырылдар естіледі. Анамнезінен: гидромассажды орталықта инструктор қызметін атқарады. Сіздің болжам диагнозыңыз?Орнитоз

32 жастағы еразамат 4 күннен бері қалтырау, басының, бүкіл денесінің сырқырап ауырсынуы, субфебрильді температура, трахея бойымен тамағының ауарсынуы, қос жөтел, демалуының қиындауы, мұрнынан серозды сұйықтықтың бөлінуі,тамағының қарлығуы. Сіздің болжам диагнозыңыз :парагрипп

28 жастағы әйел сүйектерінің, буындарының, бұлшық еттерінің, басының ауырсынуына, мұрнының бітелуіне, құрғақ жөтел,тамағының аздап ауырсынуына шағымданады. 10 күннен бері дене қызуының субфебрильді болуы сақталуда. Эпигастрий аймағының ауырсынуы, 1-2 рет ішінің өтуі болған. Қараған кезде: склерасының қан тамырларының инъекциясы және конъюнктивиті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, полилимфоаденопатия байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?аденовирусты инфекция

44 жастағы еркісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8С. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз:нәжісті бактериологиялық зерттеу

33 жастағы еразамат тұрмыстық жағдайы төмен жұқпалы аурулар ауруханасына қалтырау, басының ауырсынуы, бөртпелердің шығуымен шағымданып келген. Клинико-эпидемиологиялық диагноз «Эпидемиялық бөртпелі сүзек» қойылды. Ең тиімді этиотропты препаратты көрсетіңіз:

22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.

Ең ықтимал диагноз?ботулизм

28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.

Қай диагноз ең ықтимал болады?жедел дизентерия

Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?жұқпалы мононуклеоз

17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.

Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?оральді дезинтоксикация

Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады. Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?аутоиммунды тиреоидит

35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?іш сүзегі

32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?бруцеллез

20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?безгек

23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді. Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):

42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]