- •1 Экономикалық жүйедегі орнықты даму мен Кедейшілік мәселелері
- •1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері
- •2 Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы
- •2.1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін талдау және болжау
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Оқо кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері
- •3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
- •3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары
- •3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету жолдары
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері
Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық пен кедейшілік екені бәрімізге белгілі. “Жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын” дегендей, тұрмысың нашар болса, оның үстіне істер жұмысың болмаса, көңіл-күйіңнің қандай болары да белгілі. Осы жұмыссыздықтың салдарынан қаншама адам баласының тағдыры тәлкекке түспеді десеңізші.
Соңғы жылдары елімізде халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жақсарған сайын жұмыссыздық та өз шешімін табуда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасымыз жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, жұмыссыздық және кедейшілікпен күресуді нақты жолға қойған болатын. Соның нәтижесінде, еліміздің экономикасы қарыштап дамып, жаңа өндіріс орындары іске қосылып, жұмыссыздар саны да азайды.
Қазақстанда кедейшілікке қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар аз емес. Нақты нәтижелер де жеткілікті. Жұмыссыздықтың алдын алмасақ, кедейшіліктің арта түсетіні де анық. Сондықтан бұл мәселеге баса ден қойылуда. Жалпы қосалқы шаруашылықты дамытуға көмек көрсетілді.
Жұмыссыздықты жоюдың екінші тиімді жағы – адамдарды қоғамдық жұмыспен қамту ғой. Кеңес Одағы құлағанда әлемдік бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі рынокқа ғана негізделген “халық шаруашылығы” деп аталатын ебедейсіз экономикалық жүйе біржолата тұралап қалды. Басым көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың болашаққа деген үмітінен гөрі күдігі молайып, ел ішін әлеуметтік келеңсіздіктер жайлады. Даму стратегиясы мен экономикалық реформалардың нақты нәтиже бермеуінен пайда болған кедейшілік пен жұмыссыздық адамдардың билікке деген ашу-ызасы мен наразылығын туғызады.
Қазақстан Республикасында өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
бүкіл қоғамды орнықты дамуға қол жеткізу процесіне тарту;
орнықты даму үшін саяси негіз жасау;
ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру;
ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;
ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;
қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру;
трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму.
Өмір сүру сапасын арттырудың басымдықтары мыналар:
өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;
жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;
орнықты көлік жүйелерін дамыту;
энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;
өмір сүру сапасын арттырудың өңірлік проблемалары;
халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып, кедейшілікке қарсы күрес;
орнықты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту;
тарихи және мәдени мұраны сақтау;
халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу және азайту;
шөлейттенуге қарсы күрес;
биологиялық әралуандықты сақтау;
эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;
сапалы ауыз суға қолжетімділік;
трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;
радиациялық және биохимиялық қауіпсіздік;
қалдықтарды кәдеге асыру.
Тұжырымдаманың мақсаты өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін орнықты даму саласында мынадай міндеттерді іске асыру қажет.
1. РПТ көрсеткішін 2012 жылға қарай 37 %-ға , 2018 жылға қарай 43 %-ға және 2024 жылға қарай 53 %-ға дейін арттыру
Бірінші міндетті іске асыру:
экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық және шикізаттық емес салалардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз технологиялардың экономикалық өсімдегі үлесін ұлғайтуға;
елді дамытудың негізгі макроэкономикалық өлшемдерін реттеудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге;
ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыра, ғылыми және білім беру ұйымдары нысандарының алуан түрлерін кеңейте, зияткер қауымның беделін арттыра, инновацияларды мемлекеттік қолдай отырып, оның ішінде экономика салаларын кластерлік дамыту, материалдық-техникалық базаны түбегейлі жаңарту және ғылым-білім беру саласын ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру және осының негізінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелес тұғырларға қол жеткізуі, елдің экспорттық әлеуетін дамыту аясында ғылым мен білім беруді басымдықпен дамыту есебінен технологиялық озуды қамтамасыз етуге;
табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау және өзге де салалар арасындағы теңгерімді сақтауға;
өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізуге;
көліктің орнықты жүйелерін дамытуға;
елдің тиімді инфрақұрылымын құруға негізделетін болады.
2. 1000 адамға шаққанда өмірге келетін 18-22 баладан төмен болмайтын деңгейде ұстаған жағдайда халық өмірінің орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту
Өмір сүру сапасын арттырудың екінші міндетін іске асыру:
әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізуге;
халықты қолайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге;
халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу мен оны азайтуға;
кедейшілікпен күреске, Джини индексінің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге;
жолдағы, тұрмыстағы және өндірістегі жарақаттануды азайту жөніндегі шараларға;
кенеулі тамақтану стандарттарын ынталандыруға, нутриционалдық тапшылықты жоюға (кальций, йод, селен және өзге де бағалы микроэлементтер);
отбасын нығайтуға, бала тууға деген экономикалық ынталандыру жасауға, әйелді босандыру, ана мен баланы қорғау жүйесін түбегейлі жақсартуға негізделетін болады.
