- •Мазмұны
- •Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны
- •1.2. Қазақстан-Ресей катынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері
- •1.3. Орта Азиядагы жана саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары
- •Сілтемелер
- •2.1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және ақш-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері
- •2.2. “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары
- •Сілтемелер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Деректер
- •V. Интернет
Сілтемелер
Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии. – Алматы, 1998г. С. 36-37.
“Шанхайский форум“ как фактор безопасности в регионе. Ашимбаев М.С. http:www.kіsі.kz/Analytіc/External%20polіcy/ St2_Ashіmbaev.html
Ашимбаев М.С.“Шанхайский форум“ как фактор безопасности в регионе//Analytіc. –2000. – № 1.С.2 4-25
.Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии. – Алматы, 1998г. С. 43..
Калиева Д.А. Шанхайская Организация Сотрудничества: перспективы и развития // Analіtіc. -2001. – №3. С. 37-40.
Там же.
Душанбинская декларация -глав государств Республики Казахстан, Китайской Народной Республики, Кыргызской Республики, Российской Федерации и Республики Таджикистан (Душанбе, 4 июля 2000 года) // Шанхайская организация сотрудничества (Сборник документов). Центр внешней политики и анализа, Комитет по делам СНГ МИД РК. –Алматы, 2001.
Там же.
Калиева Д.А. Шанхайская Организация Сотрудничества: перспективы развития// Analіtіc. -2001. – №3. С. 37-40.
Нарысов С.Тату кершілік. – Астана. – Пекин, 2001. – С.8.
Там же. С.4.
Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии (стратегические интересы Китая, России и США в ЦА) // Казахстан-Спектр. – 2000. – № 1(11).
“Шанхайская пятерка” – безопасность и сотрудничество в Центральной Азии // http://www.kіsі/kz/pfts/Confs/cnf5/tukumov.ntml
Центральная Азия
Бурнашев Р. “Шанхайская пятерка”: к вопросу о региональной политике Узбекистана // Центральная Азия: политика и экономика. – 2001. – № 5(6) мая. С. 12.
Там же.
Ашимбаев М.С. “Шанхайский форум” как фактор безопасности в регионе // Analіtіc. - 2000. - № 1. С. 24-25.
Акимбеков С.М. Афганский конфликт и проблемы безопасности Центральной Азии. – Алматы, 1999. С. 19.
http//www.kіsk/kz/Gazeta.Ru
Сыроежкин К.Л. Новые рубежи ШОС // Континент. – 2001. – 26 сентября-9 октября.
Касенов У.Т. Безопасность ЦентральнойАзии. – Алматы, 1998г.
Қорытынды
“Шанхай бестігі” ең алдымен, шекара мәселелерін шешу үшін құрылған еді. 90-шы жылдардың соңына қарай жаңа бастамаларға да бағыт аударғаны байқалды. Яғни, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көпті толғандыратын мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзінде кеңінен орын алған өзгерістер әлем мемлекеттері үшін жаңа мәселелерді алып келді. Осыған орай, мемлекеттердің қандай да болмасын мәселелерді күш жұмылдырып шешуге ұмтылады. Орталық Азия елдері мен оларға көршілес жатқан ірі ядролық мемлекеттер - Қытай мен Ресей арасындағы құрылған бірлестігі осыған дәлел. Негізінен, мемлекеттердің барлығы біріктіріп отырған мақсат Еуразиялық кеңістікте және бүкіл әлемде сенімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі еді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы үлкен кеңістіктегі және бірқатар ерекшеліктері бар, басқа интеграциялық бірлестіктерден өзгешелігі бар мемлекеттердің жаңа бірлестігі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуы алты мемлекеттің тығыз әрекеттесуі арқылы субаймақтық ынтымақтастықтың жаңа жүйесін құруға бастама болды. Оған басқа мемлекеттердің де қосылу мүмкіншілігін кемітпеді. Осы контексте жаңа ұйымның ашық сипатта болуы оның келешектік мәні бар екендігін көрсетеді. Мемлекеттердің аймақтық ұйымға қосылу үрдісі сыртқы қатердің болуынан екендігіне күмән жоқ.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының маңызды элементі – ол оның барлық кезеңдерінде қатал сақталып келген барлық тараптар арасындағы сенім шараларының сақталуы, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше Ресей мен Қытай арасындағы өзара әрекеттестік пен серіктестіктің болуы.
Ұйым, ең алдымен, мемлекеттердің өзара қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылған аймақтық ұйым. Шанхай ұйымы шеңберіндегі өткен кездсулер мемлекеттердің көпжақты және екіжақты дипломатиясының өсіп келе жатқан абыройына, нақты нәтижелерге қол жеткізуіне беретін көмегі зор.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында автор алдына арнайы мақсат қойып, оны белгілі бір міндеттер негізінде қарастырды. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саяси-құқықтық негіздеріне шолу жасау және оның аймақтық мәселелерді шешудегі роліне, келешектегі зертету, болжам жасау болатын. Осыған орай, бұл мақсатты жүзеге асыру барысында автор Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылу себебіне және оның құқықтық-келісімдік негіздеріне толықтай шолу жасады,қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы Орталық Азия елдерінің алатын роліне баға берді, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыа қатысатын мемлекеттердің стратегиялық мүдделерін салыстырмалы түрде қарастырды, бұл ұйымның ұлғаюы үрдісінің тиімділігін анықталды.
Жалпы, осы міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде автор келесідей қорытындыға келді:
бүгінгі таңда әлемде жаңа өзгерістер, олардың артынан сол өзгерістердің нәтижесі орын алып отырады. Ол нәтижелер жағымдыжәне жағымсыз болуы мүмкін. Осындай мүкін болатын өзгерістердің қандай да болмасын түріне белгілі бір әрекеттер жасау үшін мемлекеттер арнайы дайындығы болуы керек. Сондықтан да, мемлекеттер арасындағы осындай бірлестіктердің тигізетін пайдасы зор.
Бірақта, автор болжамы бойынша Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы сияқты ұйымдардың еклешегін болжау өте қиын. Себебі, Орталық Азия елдері өздерінің онжылдық тәуелсіздік шеңберінде әлі де өз саясаттарын нығайта қойған жоқ және олар шикізатқа бай болғанымен, оны игеруге жағдайлары жоқ. Әскери, саяси және экономика жағынан өтпелі кезеңде отырған Орталық Азия елдері қандай да болмасын дамыған мемлекеттің көмегін қажет етеді. Осыған орай, екіншіден, қандай да болмасын Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен құрылған бірлестіктер міндетті түрде осында өмірлік маңызы бар мүдделерге ие Ресей немесе Қытайдың қатысуымен іске асып жатады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы осыған мысал бола алады. Бірақта, мүше-мемлекеттердің эксперттерінің берген сұхбаттары бойынша, олардың бұл ұйымға мүшелігі көздеген мүдделеріне жауап береді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қызметінің негізгі бағыттарының кейінгі кезде экономикалық, қауіпсіздік ынтымақтастығы саласына жылжығандығы белгілі. Сондықтан, аймақтық қауіпсіздікке төніп тұрған қатердің қандай да болмасын формасымен күш жұмылдыра отырып күресуі өте тиімді болар еді. Өйткені, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан дәстүрлі емес қатерлерге (терроризм, экстремизм және сепаратизммен) қарсы күресуде жалғыз өздері қарсы тұра алмайды. Экономикалық, әскери, саяси жағынан өте әлсіз бұл елдер көршілес жатқан елдермен ынтымақтастыққа түсуге мәжбүр болады.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуы мемлекеттердің дипломатиялық жетістігі болып табылады. Осы орайда, ескеріп кететін жайт, Орталық Азия елдерінің болашақта ірі көршілес немесе алыста жатқан мемлекеттердің “боданына” айналып кету қаупі бар.
Қазіргі кезде Орталық Азия елдеріне деген ұлы державалардың назары ауып, басымдыққа жету үшін тайталасқа түсетіндігін атап өткенжөн. Сондықтан, Орталық Азия мемлекеттерінің мүддесі үшін осынау ғаламдық геоэкономикалық құбылыс жөнінде дұрыс бағдар ұсынудың маңызы бар.
Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы қақтығыстарды болдырмайтын шаралардың жиынтығын біз қазірдің өзінде жасауымыз керек. Мемлекеттер арасындағы жасалған мәңгілік достық туралы шарт бұл үшін игілікті негіз бола алады. Орталық Азиялық интеграция үшін ортақ ұқсастықтарды негізге алу керек. Бұл ұйымға Біріккен Еуропа мемлекеттерінде Орталық Азия мемлекеттері сияқты ұқсастықтардың мөлшері өте аз болды. Интеграцияға қажетті Орталық Азия елдеріндегі алғышарттар Еуропалық Одақ сәулетшілері үшін тек арман ғана болатын.
Сонымен автор Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуын сараптай келе Орталық Азия елдерінің арасындағы қайшылықтарды жоюда интеграцияны жүзеге асыруға бет бұруы керек деген тұжырымға келеді.
Тікелей Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлғаю тенденциясына тоқталатын болсақ, әрине, бұл фактор ұйымның әлемдік маңызын арттырады дейміз. Бірақ, әрбір мүшелікке енген жаңа мемлекет өз мүдделерін қамтамасыз ету үшін жаңа өзгерістер енгізуді қалайды. Іс жүзінде, мұндай процесс қазіргі өтпелі екзеідегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы тәрізді жаңа құрылымдарға ұйым жұмысын біраз тиімсіз етуі мүмкін.
