Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ОРТАЛЫ-АЗИЯ-РЕГИОНЫНДА-АЗАСТАН-АУІПСІЗДІГІН-АМТАМАСЫЗДАНДЫРУ-ПРОБЛЕМАЛАРЫ2008.rtf
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

II тарау. Орталық-азия регионында Қазақстан қауіпсіздігін қамтамасыздандыру проблемалары.

2.1. Интеграциялық процесс Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыздандырудыњ негізгі факторы ретінде.

«Орталық Азиядағы қазіргі жағдай келесідей: ХХІ ғасырға келген регионалдық дамудыњ әскери-талдамалы, экономикалық, экологиялық және басқа сұрақтары біртіндеп ғалами сипаттар мен масштабтарға ие болуда.

Дүниежүзілік процестерде Орталық Азияныњ мањызыныњ артуы, регионныњ бүгінгі күнде геосаясаттық кењістікпен өзініњ мәнділігі бойынша, айрықша мањызды, ғалами проблемалардыњ түйіні болғанын куәлендіреді...»1

Орталық Азиядағы регионалдық қауіпсіздіктіњ проблемалары Қазақстан Республикасыныњ сыртқы саясатындағы басымдылықты бағытты алады. Регионалдық қауіпсіздікті бекіту бойынша, біздіњ мемлекетіміздіњ жања және аргументтелген бастамалары «Стратегиялар-2030» - ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтыњ барлық қазақстандықтардыњ қауіпсіздігі және жағдайыныњ жақсаруы, өркендеуі туралы баяндалған.2

Соњғы уақыттардағы, Орталық Азияныњ тәуелсіз мемлекеттері арасындағы жања өзара қатынастыњ қалыптасу процесініњ жалпы ортасында, осы регионныњ қауіпсіздігін қамтамасыздандыру сұрақтары өзініњ көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. Жанжалдардыњ әлуетті көздері регионныњ ішінде ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерде де бар, сондықтан, басты мәселе, кідіртпейтін шешімді талап ететін, түбірлі тәуекелдер мен шақыруларды анықтаумен қорытындыланады.

Бірқатар жетекші саясаткерлердіњ пікірі бойынша «Орталық Азиядағы қауіпсіздіктіњ негізгі қатерлері болып табылатындар, бұл су ресурстарын пайдалану проблемалары, қоршаған ортаныњ азғындаушылығы, ұлт аралық жанжалдар, есірткі бизнесі, ұйымдастырылған қылмыс, халықаралық терроризм, діни экстремизм және халық саныныњ артуы. Сонымен қатар, бүгінгі күні, келешекте Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарсы тұруды болдыруға қабілетті, регионалдық тәртіптегі көптеген ішкі проблемалар өзініњ шегіне жетті...»3

Орталық Азияда регионалдық қауіпсіздік жүйесін құру қажеттілігі туралы көптен бері айтылып келеді. Жәнеде мұндай құрылым, регионныњ әскери-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрақтылығын кепілдендіре алатын, жалпы саясаттық бағытты анықтауға, күштердіњ дүниежүзілік орталықтары арасында баланс жасауға қабілетті жүйе ретінде көрінетін. Қауіпсіздік жүйесі, объективті өзара толықтыру мен өзара тәуелділіктер негізінде жалпы мүдделерді жүзеге асыруға және жалпы қатерді болдырмауға бағытталған, біріккен әрекеттер кешенін қамтамасыз ете алады деп болжалды.

Дегенмен, жалпы орталық-азиялық интеграция процесі үшінде, регионалдық қауіпсіздік жүйесін құру үшінде бір айрықшылықты белгі сипатты – айқын бағытталудыњ болмауы. «Бұл бастамалардыњ бастамашылары мен қатысушылары ақырғы құрылым мен ұзақ мерзімдік келешекті алдын-ала анықтағысы келмеді, ал белгіленген мақсаттыњ әрбір нақты қадамы туралы ғана шарттасты. Мүмкін, мұндай тәсілдеме қозғалысты алға жылжытуды қамтамасыз ететін жалғыз әдіс болған шығар, дегенмен ол өзінде көлденењ дағдарыстардыњ пайда болу тәуекелдігін жасырады және регион елдерініњ үкіметтері өздеріне, бір кезењдерде, алған міндеттемелерінен бас тарту мүмкіндігін жасайды...»1

¦жымдық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру проблемалары регионныњ объективті ерекшеліктеріменде анықталады. Оныњ субъектілері өзара әлсіз байланысқан, олардыњ өзара байланысты инфрақұрылымы жоқ, өмірлік мањызды ресурстар және демографиялық диспропорциялар айналасындағы, мемлекеттердіњ қазіргі шекараларындағы шешілмеген қарама-қайшылықтар жалғасуда. Одан өзге, ортақ экономикалық бастау жоқ, елдер негізінен регионнан тыс ынтымақтастыққа бағдарланған. Олардыњ аграрлық-шикізаттық бағытталулары кооперацияға емес, ал регион ішіндегі бәсекелестікке әкеледі. Әрбір мемлекет, ењ алдымен, көбінесе әртүрлі бағытта, тағыда Орталық Азия шегінен тысқа шығатын, өзініњ ұлттық мүдделерімен қамданады. Бұл елдердіњ оқшаулануын күшейтеді және кейде оларда қауіпсіздік туралы қарама-қарсы түсінікті қалыптастырады.

1999 жылдыњ аяғында, регионалдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру тәсілдемесін өзгертуді талап ететін жағдай туды. Және бұл кезде қатердіњ сипатыныњ өзгеруі анықтаушы фактор болды. Егер 1999 жылға дейін региондағы қауіпсіздік тек қана сыртқы агрессиядан қорғануды қамтамасыз ету ретінде түсінілетін болса, ал қазіргі кезде бірінші шепке терроризм қатері шықты. Тањбалы уақиға ретінде, 1999 жылы 16 ақпандағы Ташкенттегі жарылысты және сол жылғы Қырғызстандағы Баткен уақиғасын айтуға болады. Енді билік басындағы бетке ұстарлар келесідей пікірлер айтуда: ақырғы мақсатты және регионалдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру негіздерін айқын тұжырымдамай өту мүмкін емес.

Халықаралық қатынастыњ биполярлық жүйесі ыдырағаннан соњ, көп полярлы әлемніњ қалыптасуын және дүниежүзілік істерде бір елдіњ немесе елдер тобыныњ басымдылығыныњ орнықтырылуын өзара жоққа шығаратын беталыстар пайда болды. Бірінші беталыс мемлекеттердіњ көп бөлігініњ экономикалық және саясаттық жайғасымын беріктендіруде, сонымен қатар халықаралық процестерді көпжақты басқару механизмініњ дамуындағы олардыњ интеграциялық бірлестіктерінде байқалады. Екіншісі, АҚШ-тыњ жетекшілігімен Батыс елдерініњ басым жағдайын жасауға негізделген, халықаралық қатынас құрылымын құруға ұмтылумен шақырылады.

Бұл дүниежүзілік қауіпсіздік жүйесіне әсер етеді. «Егер «суық соғыс» қауіпсіздік құрылымына ғаламдану әсерін тигізсе, онда оныњ аяқталуы олардыњ региондануына әкелді...»1. Дегенмен регионалдық қауіпсіздік жүйелерінде, барлық уақытта, ғалами перспективада қатысады.

«Орталық Азия аумағында атаулы «қауіпсіздік кешені» қалыптасады — объективті бар регионалдық түзілім, онда оны құрайтын елдер, өзініњ ұлттық қауіпсіздігін бір-бірінен бөлек нақты қарастыра алмайды. Бұл кешенді ортақ қатері, мүдделері және қауіпсіздікті қамтамасыздандыру жағдайлары бар елдер құрайды... ».2 Бұл кезде ескеретін нәрсе, егер регионалдық қауіпсіздік жүйесі мақсатты бағытта қалыптасатын болса, онда қауіпсіздік кешені объективті және қандайда үкіметтіњ ерігіне тәуелсіз болады.

Барлық елдерге қатер төндіретін ғаламдық пролемалардыњ дењгейіне терроризм мен экстремизмніњ таралу мәселесі, сонымен қатар осымен байланысты есірткі бизнесі мен қаруды зањсыз сату мәселелері шығады.

«Региондағы соњғы жылдардыњ уақиғалары, террор тактикасын қолданумен, этникалық жанжалмен және сепаратизммен исламныњ экстремисттік қозғалысыныњ сап түзеу процесін көрсетеді. Және ол кезде, жанжал ОА тыс жерде әрекеттенетін, белгілі бір орталықтыњ мұқият әзірлеген және құрылымдастырған жоспарлары бойынша бастапқы ошағынан басқа мемлекеттер территориясына экспортталады.

Радикалдар қатањ жайғасым алып үлгірген, мемлекеттер арасындағы ділдіњ ортақтығы мен шекаралардыњ ашықтығы, ОА қауіпсіздіктіњ нақты қатерін жасайды...»3

Шекараларды беріктендіру және зањсыз транзиттік ағындарды тоқтатумен байланысты бағытталмаған әрекеттерді, сонымен қатар халықаралық терроризм мен діни экстремизмніњ пайда болуымен күресті жүргізу бойынша (ИГА төњірегіндегі «қауіпсіздік белдігін» құру бойынша бастамалар, «Шанхайлық бестік» шаралары, СТО мен ЦАЭС мүшелері) ОА мемлекеттерініњ Күштері, азия континентініњ барлық басқа елдерімен өзара тығыз әрекеттесумен толықтандырылуы керек. Қолданудағы ынтымақтастық әлуеті әлдеде толық жүзеге асырылудан алыс, және осы қатынаста ОА елдері олардан ортақ проблемаларды шешуде масштабты қолдауды күте алады.

Осыған байланысты «региондағы үрей тудыратын әскери – саясаттық жағдай, меншікті қарулы күштерді реформалау мен нығайту бойынша шапшањ стратегиялық шешімдерді және регион мемлекеттерініњ қарулы күштерініњ өзара әрекеттесуін үйлестіру бойынша шараларды қабылдауға мәжбүр етеді. Дүниежүзіне қауіп төндіретін сыртқы және ішкі қатерлердіњ таралып кетуін болдырмау үшін, региондағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін, ОА елдерініњ, әлеуметтік-экономикалық міндеттерін тиімді шешу, исламды демократиялық процеске енгізу бойынша әлуеттерініњ бірлестірілуі және әрекеттерініњ үйлестірілуі, өзара келісімдері қажетті... »1

Дүниежүзілік қоғамдастық тәжірибесініњ куәлендіруіне сәйкес, Орталық Азия мемлекеттерініњ қауіпсіздігін қамтамасыз етудіњ мањызды факторы болып региондағы интеграциялық процестердіњ терењдеуі табылады.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзініњ Қазақстанныњ, Қырғызстанныњ, Тәжікстанныњ және ¤збекстанныњ мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесуіндегі сөйлеген сөзінде былай деді: «Егер біздіњ, ұлттық мүдделердіњ келісу жүйесін құруға саясаттық жігеріміз болмаса, онда, сөзсіз, біздіњ мемлекеттеріміздіњ ұлттық мүдделері арасында жанжал туады. Біз мұны болдырмаймыз. Орталық Азия елдері басшыларыныњ мүдделерді келістіруде осындай еріктері бар».2

Орталық Азиядағы интеграциялық процестер экономика шегінен алыс шығады. Жања аспектілер пайда болады: саясаттық, құқықтық, гуманитарлық және ақпараттық. Әрине түсінікті, регионалдық дењгейде әлдеде жеткілікті бірікпеген Орталық Азия елдері, жылдам қарқында дүниежүзілік нарықта бірігуге ұмтылады. Екінші жағынан, осы этаптағы интеграциялық процеске деген регионныњ кейбір елдерініњ ерекше қатынасы, табысқа жетуге ықпал ете алмайды. Минералдық, энергетикалық ресурстардыњ барлық түрлерініњ едәуір қорыныњ және оларды игеру жопарыныњ болуы, ОА-ныњ, геосаясаттық көзқараста, мањызды региондардыњ біріне айналуға және оған дүниежүзілік ынтымақтастықтыњ әртүрлі елдері жағынан мүдделердіњ артуына алғы шарт жасайды.

Сондықтан біздіњ елдеріміздіњ экономикасыныњ өзара тәуелділігі мен өзара толықтырылуы, шаруашылықты және көліктік байланыстардыњ интегралдануы, алдағы жақындасудыњ басымдылығын және олардыњ арасындағы экономикалық, әскери-саясаттық және гуманитарлық салаларда, екіжақты ынтымақтастықтыњ терењдеуін анықтайды.

Бұл контексте регион ОА, ұлттық нарықтыњ бытыраған, қаржылық және технологиялық ресурстардыњ ұлттық экономикалардыњ тар шењберінде шектелген жағдайларында, мәнділігі бойынша, мемлекеттердіњ регионалдық интеграцияға ұмтылуыныњ баламасынсыз.

Бүгінгі күні ОА – дүниежүзініњ бірыњғай геоэкономикалық және геосаясаттық регионы, Батыс пен Шығыс арасындағы ірі «делдал», және оныњ келешегі – тек қана бірлескен дамуда.

Региондағы суды, отын – энергетикалық ресурстарды пайдалану, көлік пен коммуникацияны дамыту және т.б. мемлекет аралық шешімдерді талап етеді. «Бірыњғай энергетикалық жүйені құру регионныњ энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және осы арқылы оныњ қауіпсіздігін беріктендіреді. Энергетика саласындағы интеграциядан зањды алынатын, су ресурстарын бірігіп бақылау регионныњ ішкі қауіпсіздігін беріктендіруге мүмкіндік береді, өйткені көптеген жанжалдар әлуетті су ресурстарыныњ жетіспеуінен шығады. Бұл жағдайда қауіпсіздік факторы, интеграциялық процестіњ контекстінде барынша көрінеді. Ары қарай, региондағы интеграциялық процесс, экономикалық, гуманитарлық және басқа проблемаларды шеше отырып, сол арқылы Орталық Азиядағы регионалдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сенімді және берік негіз жасай отырып, кењ саланы қамтуы және біртіндеп терењдеуі керек...»1

Орталық Азиядағы регионалдық қауіпсіздік жүйесініњ қалыптасуыныњ негізгі факторы болып Ауғанстандағы жағдай табылады. Бұл жүйеніњ басты принципі мен міндетті шарты — ауған жанжалыныњ аймағын және оныњ салдарларын оқшаулау. Қазіргі кезде Ауғанстан — регионға төнетін басты қатерлер көзініњ бірі. Есірткіні өсіру, өндіру және өткізу – елдіњ өміршењдігін қамтамасыздандыру негізі. Оларды сатудан түскен қаражаттыњ үлкен бөлігі, олардыњ саясаттық бағыттарына тәуелсіз, қарулы құрамаларды жарақтандыруға жұмсалады. Соғыс әрекеттерініњ жалғасуымен, халықаралық оқшаулаумен, экономиканыњ күйзелісімен байланысты, әрекеттіњ бұл түрі жаппай ұйымдастырылуға өтуде. Жәнеде есірткілік заттардыњ ағымы қарқынды өсуде. Ауғанстан, героин өндірісі бойынша дүниежүзінде бірінші орынға шықты – 70 % асады. Героин Ауғанстанмен шекаралас елдердіњ барлығы арқылы экспортталуда, жәнеде транзит дайындалған, аз шығынмен жүзеге асуда».2

Ауғанстандағы жағдайды реттеуге болады, егер бұл процеске, қарсы тұратын күштерге жәрдем көрсететін, барлық мемлекет қатысатын болса. ¤зекті проблема - Ауғанстан осындай бірлікті сақтай алама: оныњ ыдырауы региондағы мемлекет аралық шекаралардыњ қайта қаралу процесіне ынтагерлік білдіруі мүмкін. Жәнеде бұл кезде, билікке кім келседе , ењ бастысы ауған шекарасында тәртіптіњ болуы жайғасымынан қарау керек. Елдегі азаматтық соғыс – ауған халқыныњ аса ішкі ісі.

Экстремизм қатері – бұл көп жағдайда Орталық Азияныњ жас мемлекеттерініњ ішкі проблемаларыныњ салдары. Одан ары, «Ауғанстандағы қатањ діни жайғасым мен қалпына келтіру, пуштундардыњ басымдылығы – бұл, шамасы, елдіњ территориясын қарсы күресетін топтармен бақыланатын аймақтарға бөлінуімен күресу әдісі және жалғыз құрал. Әрине, ұзаққа созылатын қарсы тұрудан соњ, жанжалға қатысқан этникалық аз ұлттарды жәбірлеу қауіпі тууы мүмкін, бұл елді бейбітшілік пен тұрақтылықтан тағыда көптеген жылға айырады».1

Қазақстанныњ, Қырғызстанныњ, Тәжікстанныњ, Түркменстанныњ және ¤збекстанныњ қауіпсіздіктерініњ қатері мен мүдделерін талдау, Ауғанстандағы уақиғалардыњ мањыздылығына қарамастан, басты проблемалар (қазіргі кезде және көрінетін келешекте) осы елдердіњ әлеуметтік-экономикалық және саясаттық салаларына жиналған. Регионалдық қауіпсіздік жүйесін құруды іркуші негізгі фактор, - бұл Орталық Азия мемлекеттерінде оныњ қалыптасуына бірыњғай тәсілдеменіњ болмауы.

«Көбінесе бұл экономикалық, саясаттық және әскери реформалар барысындағы айрықшалықтармен, ұлттық экономиканыњ өзара толықтыруыныњ әлсіздігімен, және экспорт құрылымыныњ ұқсастығымен; ұлттық қауіпсіздік қатерін бағалау айрықшылықтарымен; сыртқы саясаттық басымдылықтармен және әртүрлі күштер орталығына бағатталумен; региондағы жетекшілік үшін күреспен және мемлекеттер басшыларыныњ жеке амбицияларымен; территориялық-шекаралық мәселелердіњ шешілмеуімен және мемлекеттік шекаралардыњ халықаралық- құқықытық аяқталмауымен байланысты…»2

Сонымен, жанжалдар, тіпті олар бір ғана мемлекеттіњ шекараларында пайда болсада, жалпы регионалдық проблема болып табылады. Қарсы күресуші жақтардыњ босқындары мен жауынгерлері көрші мемлекеттердіњ территориясына өтеді. Тәжірибе жүзінде, кез-келген әлуеттік жанжалға тартуға болатын этникалық топтар, бірнеше мемлекеттіњ территориясында өмір сүреді. Бұл елдердіњ арасындағы шекаралар ашық, олардыњ ұлттық қауіпсіздігініњ мүдделері осыны талап етеді. Бұрынғы әкімшіліктік шекаралардыњ, өзініњ сәйкес инфрақұрылымымен мемлекеттік шекараларға айналуы бюджет үшін өте қымбатқа түседі. Одан өзге, демаркация шекаралас аудандарда тұратын, этникалық қоғамдастықтардыњ бөліну мүмкіндігі болатын, жања жанжалдарға әкелуге қабілетті.

«¤збекстанныњ Тәжікстанмен, Түркіменстанмен, Қырғызстанмен қатынасын су ресурстарыныњ тапшылығыда шиеленістіруі мүмкін. Одан өзге, ¤збекстан мен Қазақстан халқыныњ арасында шекаралас өрісті пайдаланумен байланысты келіспеушілік бар. Егер шекаралас аудандарда пайдалы қазбалар табылып, оны өњдеу басталатын болса, жанжалдыњ болу мүмкіндігін теріске шығару қиын...»1

Трансшекаралық экологиялық проблемалардыњ мањызы одан төмен емес. Ядролық және жаппай жою қаруларыныњ басқада түрлерін тарату, оларды өндіру технологиялары және регионмен шектес елдерге жеткізу құралдары сұсты қатер көрсетеді.

Арал күйзелісі регион шењберінен баяғыда шығып, ортақ планеталық мањызға ие болды. Оныњ зарарлы ықпалдары бүгінгі күні климаттыњ өзгеруінде, биологиялық баланстыњ өзгеруінде, халықтыњ денсаулығында, осы жерде тұратын адамдардыњ қазіргі және келешектегі генофонынан сезіледі.

Сонымен, Орталық Азияныњ бірде-бір мемлекеті қауіпсіздіктіњ дербес кешенін көрсете алмайды. Регионды қауіпсіздіктіњ буферлік аймағына түрлендіру беталысы бар. Осыныњ бәрі ұжымдық қауіпсіздіктіњ жања жүйесін қалыптастыруды және региондағы тұрақтылықтыњ нақты кепілдігін іздеуді көкейтесті етеді.

Регионалдық қауіпсіздік жүйесі, қауіпсіздік ауданыныњ географиялық немесе өркениеттілік анықтамаларына негізделмеуі керек. Жүйеге қатысуға арналған критерияны нақты жүзеге асырылуы қажет, түйсікті саясаттық ой ретінде бағалау қажет, яғни барлық мүдделі елдердіњ қауіпсіздігініњ жања сәулетін жасау: Қазақстанныњ, Қырғызстанныњ, Тәжікстанныњ, Түркіменстанныњ және ¤збекстанныњ, сонымен қатар Әзірбайжанныњ, Арменияныњ және Грузияныњ, Ауғанстанныњ, Иранныњ, Қытайдыњ, Пәкістанныњ және Ресейдіњ қатысуымен.

«Бұл жүйеніњ қамтамасыз етілуініњ негізгі принциптері: бірлік, қауіпсіздіктіњ барлық түрініњ өзара байланысы мен баланстануы, жағдайларға қарай олардыњ басымдылығыныњ өзгерісі; ұсынылатын міндеттердіњ нақтылығы».

Регионалдық қауіпсіздік жүйесі барлық мүмкіндікті қатерлерге жауап қайтаруы керек емес. Көптеген проблемаларды мемлекеттік немесе екі жақты дењгейде шешу тиімді. Қазіргі әлемде ұлттық қауіпсіздік ұжымдық қауіпсіздікпен тығыз байланысты, дегенмен ұлттық қауіпсіздік алғашқы, біріншілікті, ал ұжымдық қауіпсіздік және ынтымақтастықтыњ кез-келген басқа нысаны – келесі, екіншілікті. Олар осы елдіњ нақты мүдделері мен мақсаттары басқа мемлекеттердіњ мүдделерімен қаншалықты тікелей немесе жанама сәйкес келетін болса, соншалықтыға ғана пайдалы болады. Қауіпсіздіктіњ регионалдық стратегиясы дењгейінде, жалпы мемлекеттік мүдделерүшін және регионалдық органдар күштерімен бірлесіп шешу мүмкіндікті және тиімді болатын қатерлер туралы ғана сөз болуы керек. Бұл кезде акцент нақты, тәжірибелік шараларға жасалу керек.

Орталық Азияныњ регионалдық қауіпсіздік жүйесін жасанды, жылдамдатылған жолмен жасау мүмкін емес. Мәселелердіњ кешенін тек қана сатылы шешу және жүйеніњ құрама бөліктерін, объективті өзара толықтыру мен өзара тәуелділік негізінде қалыптастыру, регион елдерініњ алдымен оныњ жеке элементтерінде, содан соњ регионалдық қауіпсіздіктіњ барлық жүйесінде қатысуын қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде жүйені құру қауіпсіздіктіњ бар элементтеріне сүйенуі керек.

Регионалдық қауіпсіздік элементі ретінде қарастырылатындар: ядролық қарудан еркін аймақты жасау бойынша бастамалар, Азиядағы сенімділіктіњ өзара әрекеті мен шаралары бойынша Кењес, сонымен қатар Орталық-азиялық және Кедендік одақтар, ұжымдық қауіпсіздіктер туралы Шарт, «Шанхай бестігі» және басқа ұсыныстар. Одан өзге, регионалдық қауіпсіздік жүйесі Б¦¦, ОБСЕ, ЭКО және бірқатар басқа халықаралық ұйымдардыњ әлуетін пайдалана алады.