- •1, Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •2, I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
- •1918 Жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •9, Мәдени революцияның мақсаты
- •1919—1923 Жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
- •XX ғасырдың 20-жылдарының ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:
- •11, Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы
- •13, Халықтың тылдағы еңбегі
- •14, 1950–1960 Жылдардағы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы
- •16, XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •20, . Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •Конституция құрылымы
- •22, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы
- •23, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
- •Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
- •Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
- •26, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы
2, I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық – территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттыұ мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен Екінші Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін « Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады .Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған соң , « Алаш» партиясы екінші дәрежеде қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз . Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай Қазақс-да да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.
3, .Кеңес үкіметінің орнауы социолистік ревалюция мен коммунистік идеологияның мәні. Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды. 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік жіне солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен. 2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контррнволюциялықкүштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен орнады. Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 ж қарашада Петропавлда Уақытша рев Комитет(төрағасы Дубинин) құрылды.Осы жылы қарашада Орынборда атман Дутов контрреволюциялық төңеріс жасап, үкңмет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл үкімет билігін басыр алды. Ең алғаш рет кеңес үкіметі 1917 ж 30 қазанда Перовскіде орнады. 1 қарашада Ташкентте кеңес үкіметі қарулы күшпен орнады. 1917 ж аяғында торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп, шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде: 1918 ж 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен кеңес орнады. 8 қаңтарда Ақтөбеде орнады. 15-16 қаңтарда Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. Оралда кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 ж 15 қаңтарда жеңіп шықты. Орал өңірінде қалыптасқан контрреволюция ошағы сол жылы 28-29 наурызда төңкеріс жасап Кеңес үкіметін құлатты. Кеңес үкіметі осындай өиыншылықтармен Орал өңірінде азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. Контрреволюциялық күштер 1917 ж желтоқсанда Верный Кеңесін таратып, большевиктер жағында болған Симбирск жасағын қарусыздандырып, прапорщиктер мектебін ашты. 1918 ж 2-3 наурызда революцияшыл күштер көтеріліс жасап, Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1917 ж қазан 1918 ж наурыз аралығы Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
4, Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
Антикеңестік күштер
Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.
жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верныйқаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.
жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды.
Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К. Сүтішев, И. Дубынин, П. Калюжная, Г. Ыдырысов, К. Шұғаев, И. Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. Өскемен Кеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді.
Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.
22 шілдеде Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.
