Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауылщаруашылығы полимер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525 Кб
Скачать
☆
  1. Суғаруға қажетті полимерлер жабындылар. Целлофан, жалпы сиппаттамасына шолу жасаңыз.

Қазіргі кезде ақолданылатын құрылғылар құрамында полимерлер көптеп кездеседі. Полимерлердің агрохимияда алатын орны ерекше. Мысалға полимерлік пленка немесе жабындыларды алсақ.

Полимерлік жабындылар

Қалыңдығы 0,2-0,3 мм болады. Полимерлік жабындыларды табиғи және синтетикалық полимерлерден жасайды. Бірінші топқа белок, табиғи каучук, целлюлоза және т.б.жатады. Екіншісіне полиолефин, поливинилхлорид, полиамид, поливинилиденхлорид, полистирол,полиэтилентерефталат, полиимидтер жатады.

Целлофан — мөлдір, түссіз немесе боялған жұқа, жасанды материал. Ол вискозаны ұзын, жіңішке саңылау арқылы өткізгеңде алынады. Негізінен, азық-түлік, парфюмерия, фармацептика, галантерея бұйымдарын орау үшін қолданылады.

Дастарқанға жабылатын алғашқы Ц. 1911 ж. алынған. 1927 жылдан жетілдіріліп, ылғал өткізбейтін болды. Целлофан вискозаны ұзын, жіңішке саңылау арқылы өткізгенде алынады (қ. Вискоза). Целлофанға ылғал өткізбейтін қасиет беру үшін кей жағдайда оған нитроцеллюлозалық сыр жағады. Целлофанның жұқалығы 0,02 мм шамасында болады. Ол негізінен азық-түлік, парфюмерия, фармацевтика, галантерея бұйымдарын орау үшін, т.б. қолданылады

  1. Ауыл шаруашылығында суғаруға қолданылатын полиэтиленнен дайындалатын бекіткіштерге сипаттама беріңіз, қолданылуына сараптама жасаңЫыз.

Бекіткіш арматурада полиэтиленнен (HDPE100 немесе ПЭНД); полипропиленнен (PP-H); поливинилхлоридтен (PVC); хлорлы поливинилхлоридтен (cPVC); поливинилиденфторидтен (PVDF) жасалады. Иелікте шар түріндегі шүмектер, тиектер, кері клапандар және т.б. бар.

Полиэтилен- ақ түсті термопластикалық полимер. Полиэтиленді алғаш AlBr3 катализаторын қолданып, Г.Г. Густавсон алған (1884). 1933 — 36 ж 100 мПа қысым мен 200С температурада Англия мен КСРО-да, кейінірек Германия мен АҚШ-та өндіріле бастады. Өнеркәсіп жағдайында жоғары қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,913 — 0,934 г/см3, балқу t 102 — 105С) және төмен немесе орташа қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,919 — 0,973 г/см3, балқу t 125 — 137С) этиленнің полимерленуі нәтижесінде алады.

Қолданылуы

Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде. Полиэтилен радиотехника мен телеқондырғыларда электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. Полиэтиленнен химиялық өнеркәсіпте корпустар, футеровкалар, химиялық белсенді және күйдіргіш заттар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қондырғылардың бөлшектері жасалады

  1. Ауылшаруашылығында қолданылатын поливинилхлоридтен дайындалатын құбырлардың қасиеттеріне талдау жасаңыз. Түрлеріне тоқталыңыз

Қазіргі заманғы шлангтер екі үлкен топқа бөлінеді:

-төмен қысымды

-жоғары қысымды.

Екі топтағы шлангтердің айырмашылығы – полипропиленді жіптермен күшейтілуінде немесе армирование. Армирлеу көмегімен жоғары тұрақтылыққа ие болады, сыртқы әсерге төзімді болып келеді. Армирлеу кезінде шлангтің “жеңдері” иілгіштігін жоғалтпайды.

Шлангтерді полиуретан негізіндегі силиконнан, резинадан, термотұрақты пластиктерден жасайды. Барлық материалдар жоғары сапалы, дайындау алдында қажетті тексерістен өтеді.

Түрлері:

Гофрирленген шлангтер. Суғару үшін жеңіл, иілгіштігі есебінен олар эксплуатацияға оңай болып келеді. Бірақ мұндай шлангтердің қолдану уақыты аз. Гофрирленген шлангтерді бақша мен бақты суғаруға, шаруашылықта қолданады.

Армирленген суғарушы шлангтердің тұрақтылығы жоғарырақ болып келеді. Кемшілігі – олардың салмағы үлкен және иілгіштігі төмен. Армирленген шлангтер түрлі модификацияда болады және баға категориясы әр түрлі болып келеді. Бақташылар шлангтың осы түрін көпке жететіндіктен жиі қолданады.

шлангтердің тағы бір түрі - Тегіс бақшалық шлангтер.

Пайдалануға өте қолайлы, себебі суғару жұмыстарын аяқтағаннан кейін оны оңай жинауға болады.

Поливинилхлоридтен жасалған шлангты таңдағанда келесі мәселелерге назар аудару қажет:

-Температура. Өте төмен температурада өзінің эластикалық қасиетін сақтап қалатын материалдан жасалған шлангті таңдау қажет.

-Қысым. Өте жоғары қысымда шланг тесіліп, жұмысқа жарамай қалады.

-Диаметр. Суды тасымалдау жылдамдығы суғарушы шлангтың ішкі диаметріне байланысты болады. Егер шлангтың диаметрі үлкен болса, су аз қысыммен беріледі, ал кіші болса – өнімділігі аз болады.

-Суғарушы шлангті таңдағанда оның пайдалану жиілігіне, құбырдағы қысымға жәнешлангты қолдану ұзақтығына байланысты таңдаған жөн.

Поливинилхлорид (ПВХ, полихлорвинил, винил, вестолит, хосталит) – түссіз, мөлдір пластмасса, винилхлоридтің термопластикалық полимері. Сілтілерге, минералды майларғы, көптеген қышқылдар мен еріткіштерге тұрақты болып келеді.

Ауада жанбайды және қатуға төзімді (-15o), қыздыруға төзімділігі +65о. Молекулалық массасы 9-170 мың, тығыздығы 1,35-1,43 г/см3. Шынылану температурасы – 75-80о, балқу температурасы – 150-220оС. Жылуөткізгіштігі – 0,159 Вт/м*К. Циклогександа, тетрагидрофуранда, диметилформамидте, дихлорэтанда, бензол және ацетонда ериді. Суда, спиртте, көмірсутектерде ерімейді.

Қолданылуы. Поливинилхлорид (ПВХ) (гр. poly — көп, лат. vinul — шарап және хлорид) — тұрмыста кең қолданылатын, маңыздылығы жағынан полиэтиленнен кейін екінші тұрғансинтетикалық полимер. ПВХ-дан құбырлар, терезе жақтаулары, терезе жапқыштар, дастарқандар, еден төсеніштері, ойыншықтар, ыдыстар, қаптар, жәшіктер, т.б. жасалады. Тамақ өнімдерін ПВХ-дан жасалған бұйымдармен қаптауға болмайды. ПВХ-дан жасалған бұйымдарды қоқыс жағатын заводтарда жағу ерекше қауіп туғызады. Себебі, жағунәтижесінде атмосфераға ПВХ құрамынакіретіндиоксиндер.