- •III Тезис түрінде берілген дәрістер
- •1 Бөлім. Биотехнология ғылым және өндіріс ретінде.
- •1.1 Биотехнологияның казіргі кездегі даму жолдары және ғылыми жетістіктері мен өндіріске айналуы.
- •1.2 Өсімдік биотехнологиясының ғылыми-зерттеу бағыттары
- •2 Бөлім. Өсінді жасушаларының биологиясы
- •2.1 In vitro жағдайындағы жасушалар мен ұлпалар
- •2.2 Каллус ұлпасындағы морфогенез және өсімдіктің қалпына келуі – регенерация үрдісі
- •3 Бөлім. Суспензия өсіндісі және иммобилизацияланған ферменттер және биокатализдік жұйелер
- •3.1 Суспензия өсінділерінде зат алмасудың екінші реттік метаболиттерінің өнімі
- •4 Бөлім. In vitro жағдайында кездесетін сомаклоналдық өзгергіштік кұбылысы және оны өсімдік селекциясында пайдалану
- •4.1 Сомаклоналдық өзгергіштік
- •4.2 Өсімдік селекциясында сомаклоналдық өзгергіштіктің пайдаланылуы және жасуша селекциясы
- •5 Бөлім. Гаплоид өсімдіктерін алу әдістері және олардың селекциядағы маңызы
- •5.1 Селекция бағдарламасында гаплоидтарды қолдану
- •5.2 In vitro жағдайында қоздырылған андрогенез
- •6 Бөлім. Жасуша инженериясы
- •6.1 Оқшауланған протопласт өсіндісі
- •6.2 Сомалық будандастыру
- •7. Бөлім. Генетикалық инженерия негіздері
- •7.1 Генетикалық инженерияның негіздері.
- •7.2 Рекомбинантты днқ технологиясы.
- •V Зертханалық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Интерактивті семинар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Интерактивті семинар
- •Бақылау сұрақтары
- •1) Lauda аппаратының қызметі?
- •Хроматографиялық колонкалар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
1.1 Биотехнологияның казіргі кездегі даму жолдары және ғылыми жетістіктері мен өндіріске айналуы.
а) Биотехнология туралы түсінік және терминдердің ұғымдары.
б) Биотехнология ғылымның даму бағытынан қысқаша тарихи шолу.
в) Биотехнолгияның негізгі әдістері.
Биотехнология – биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген экономикалық жағынан тиімді де маңызды өнімдер шығаратын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты.
Биология – грекше «bios» - тіршілік дегенді білдірсе, технология дегеніміз – бастапқы материалдан (шикі зат) практикалық бағалы өнімдерді алуға арналған әдіс – тәсілдерінің жиынтығы. Биотехнологиялық әдістер: гаплоидты технологиялар, микроклональды көбейту технологиялары, in vitro жағдайында ұрықтандыру әдісі, криосақтандыру, жасуша инженериясы, жасуша селекциясы, микроболиттер өндірісі, суспензия өндірісі, ферментерлерде өсіру әдісі, генетикалық инженерия, хромосомалық инженерия, жеке гендерді конструкциялау, диагностика әдісі. Өнімдерді алудың және оны пайдаланудың түрлері өте көп. Осыған қарамастан технологияны үлкен 3 топқа жіктейді:
Физико-механикалық – бастапқы материалдан өнім алу процесінде оның пішіні, агрегаттық күйі өзгергенімен химиялық құрамы өзгеріссіз қалады.
Химиялық өнімді алу барысында шикі заттың химиялық құрамы өзгереді.
Биотехнология – тірі нысандардың көмегімен халық шаруашылығына бағалы өнімдер алу. Биотехнология компьютерлік техника, байланы және коммуникация жүйелерімен қайта дамып, келе жатқан биологиялық ғылымдардың жетекші бағытына айналып отыр.
Биотехнологияның негізгі бағыттары:
Медициналық (фармацевтік, иммундық)
Ауыл шаруашылық (ветеринарлық, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы)
Өнеркәсіптік (тағамдық, жеңіл өнеркәсіп, химиялық, энергетикалық)
Экологиялық (тазарту, деградация)
Биотехнология және энергетика
Биотехнологияның тарихы
Кезеңдері |
Мәліметтер |
5-6 мың жыл бұрын |
Биотехнология адамдар нан пісіруді, сыра ашытуды, ірімшік және жасауды үйренген кезде пайда болады |
19 ғасыр |
Пастер ашудың табиғатын ашады(биотехнологияның ғылыми кезеңі басталады). |
1917 ж. |
Карл Эреки «биотехнология» терминін ендіреді. |
1943 ж. |
Пенициллин өнеркәсіптік көлемде өндіріле бастады |
1944 ж. |
Эвери, Мак Леод және Мак Карти генетикалық материал ДНК-дан тұратынын анықтады. |
1953 ж. |
Уотсон және Крик ДНК молекуласының құрылысын анықтайды. |
1930-1950 жж. |
Өсімдік ұлпасы мен жасушасын in vitro жағдайында өсіру әдісі жасалды. Мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыру, эмбриондарды трансплантациялау. Медицинада, мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында биоқоспалар. Ферменттерді алу, иммобилизацияланған ферменттер. |
1961-1966 жж. |
Генетикалық код анықталды |
1970 ж. |
Алғашқы рестрикиялық эндонуклеаза шығарылды |
1972 ж. |
Корана және б. Алғашқы жасанды генді синтездеді |
1973 ж. |
Бойер мен Коэн рекомбинантты ДНК технологиясын жасады. |
1975 ж. |
Колер мен Мильштейн МАТ (моноклоналдық антидене) алу жолын сипаттады, Нобел силығының лауреаты. |
1976 ж. |
Рекомбинантты ДНК мен жұмыс істеуді реттеу кітабы жазылады |
1976 ж. |
ДНК нуклеотид тізбегін анықтау тәсілі жасалады |
1978 ж. |
Genentech фирмасы адам инсулинін жасап шығарды |
1982 ж. |
Европада малдарға арнап рекомбинатты ДНК технологиясымен алынған алғашқы вакцинаны пайдалануға рұқсат беріледі |
1983 ж. |
Өсімдік трансформациялау үшін гибридты Ті-плазмидасы қолданылды |
1988 ж. |
ПЦР тәсілі жасалынды. |
1994-1995 жж. |
Адам хромосомалық нақты генетикалық және физикалық карта жасалынды. |
1996 ж. |
Алғашқы рекомбинантты белок |
1997 ж. |
Дифференцияланған соматикалық клеткадан алғашқы сүт қоректі клондалған. |
