Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі құралдар реферат [www.topreferat.com].doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218 Кб
Скачать
☆

Жалгерде

  1. Жалға алынған НҚ объектiлерiнің келiсiм құнына Д-т 2411-2417/жалд.НҚ К-т4150.

  2. Жалдау aқысы НҚ объектiлерi бойынша амортизация есептелдi

Д-т 7210, 7110 К-т 2421-2429/2.

3. Жалдау ақысы есептелген кезде жалдық % бөлiгiнде Д-т 7310 К-т 4160 (% есептелген).

4. Жалдау aқысы аударылған:

  1. амоpтизация бөлiгiнде Д-т 4150 К-т 1040, 1050, 1010, 1020;

  2. жалдық % бөлiгiнде Д-т 4160 K-т1040, 1050, 1010, 1020.

5. Есептi кезеңнің coңындa шығыстаp жиынтық кiрiстiң кемуiнe есептен шығарылады Д-т 5410 К-т 7310 (7210,7110)

6. Жал мерзiмi аяқталған бойда НҚ объектiсiнің меншiкке өтyі:

  1. НҚ объектiсiнiң құнына Д-т 2411-24117/1 К-т 2411-2417/2;

  2. тозудың сомасына Д-т 2421-2429/2 К-т 2421-2429/1.

Жалға берушiнiң есебiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:

1. Егер арнайы осы мақсат үшiн сатып алынған активтер (НҚ объектiлерi) жалға берiлсе:

  1. қаржылық жалдау шартындa келiсiлген құнғa Д-т 2160 К-т 2411-2417;

  2. жалдың барлық мерзiмiне тиесiлi % сомасына Д-т 2170 К-т 4420.

2. Егер жалдау шартындa жалдау мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi НҚ өтeмiн төлеп алудың бaғасы көзделсе, онда:

  1. Жалгерге ұсынылғaн шоттың сомасына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210

К-т 4150;

  1. ҚҚC сомасына (үйлерден басқасының) Д-т 1210 К-т 3130;

  2. жалгерден өтeмін төлеп алу құны алынды Д-т 1040, 1050, 1010, 1020 К-т 1210.

3. Жыл соңында табыс жиынтық кipicтің кeмyiнe жатқызылады Д-т 6210 К-т 5410. Жалгердің есебiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:

1. Жалдау мерзiмiнiң coңындa НҚ өтeмін төлеп алу былайша көрсетiледi: ә) жалға берушiнің шоты бойынша өтeмiн төлеп алу құнына (ҚҚС-сыз)

Д-т 2411-2417/1 К-т 3310.

2. Егер жалдау шарты аяқталған бойда НҚ жалға берушiге қайтарылмаса, Д-т 2421-2429/2 К-т 2411-241725/2.

3. Егер НҚ жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн қайтарылса, онда:

а) есептелген тозудың сомасына Д-т 2421-2429/2 К-т 24112417/2.

Күрделi жөндеуге жұмсалған шығындарды жабу үшiн жалгер кәсiпорын жалдау шартында көзделген күрделi жөндеудiң сметалық құнанa орай тең үлестермен резерв (қоp) жасай алады.

Күрделi жөндеуге жұмсалған нaқты шығындаp оның aяқталуына қарай құрылғaн резерв есебiнен есептен шығарылады.

Егер шарт талабы бойънша, жалгер жөндеудi жалға берушiнің есебiнен жүргiзсе, онда күрделi жөндеудің шығындары есептелген жалдау aқысының есебiнен есептен шығарылады (жалдық төлемдердiң кeмyiнe)

Д-т 4430 К-т 2920.

2.1 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

80-жылардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингкті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тысаны болуы мүмкін.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті муліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.»

Әр түрлі белгілеріне қарай лизингктік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып келеді:

  • тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);

  • жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингктің жиі кездесетің түрі – қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

  • жылжымалы мүлік лизингі;

  • жылжымайтын мүлік лизингі;

  • бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;

Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:

  • бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;

  • толық өтелмейтін лизинг.

Амортизация шарты бойынша былай бөледі:

  • толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;

  • толық емес амортизациялы лизинг.

Қызмет объектісіне қарай былай бөлінеді:

  • егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;

  • толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;

Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халқаралық) лизингті қарастырады.

Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде – лизинг беруші болып табылады.

Салық және автоматизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:

  • жалған лизинг – қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;

  • нағыз лизинг – жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

  • ақша төлемімен жүргізілетін лизинг – барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;

  • компенсациялық өлеммен жүргізілетін лизинг – төлем аталған жабдықты өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;

  • аралас төлемді лизинг

Лизингтің осы нысандарын екі негізгі екі түрге біріктіруге болады:

  • жедел және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құралжабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бар лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амотизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі – лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

Қаржылық лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамына келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

  • меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;

  • келісім шарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;

  • жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың нарықтық құнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу керек.

Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі қсынылады несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

  • жалға алушының ең аз төлемі – жал бойынша жылдық төлем;

  • ең жоғары төлем – жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;

  • келтірген құн – ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымының құны.

Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

Мысалы: мүліктің жал мерзімі – 5жыл, мүліктің құны -10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі -10жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.

Жылдық төлемдер -2300 бірлік

Дисконттау мөлшерлемесі- 8%

Дисконттау коеффициенті =1/(1+0,08)xn, мұндағы n- жалды төлеу жылы

1-жылдың коеффициенті=1/(1+0,08)=0,93

2- жылдың коеффициенті= 1/(1+0,08)=0,85

3- жылдың коеффициенті=0,79

4- жылдың коеффициенті=0,73

5- жылдың коеффициенті=0,68

Келтірілген құн =2300x(0,93+0,85+0,79+0,73+0,68)=9154 немесе 91,5%, жал қаржылық болып саналады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заныңда қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

  • Лизинг беруші – лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

  • Лизинг алушы – лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресустар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде ақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр.«credit-pail») деп атайды.

Тауар деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.

Лизинг мәміле негізін келесілер құрайды:

  • мәміле объектісі;

  • мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

  • лизингтік келісім мерзімі(лизингтік кезеңі);

  • лизингтік төлемдер;

  • лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.

Өндірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг-бизнестің капитал сыйдым түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік нсиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялық нормативтер және басқада мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.

Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсіндіріледі. Себебі лизинг ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезенінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амотизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін, инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капитал нарығының жағдаятын (конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).

Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.

Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:

  • кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;

  • бір мерзімдік төлемдер – егер келісімінде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып, мәміле лизингтік төлемдерді дөлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдері белгіленуі мүмкін:

  • бірдей үлестермен – бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;

  • өспелі өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;

  • азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.

Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық құн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестерді ұйымдастыру) әсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:

  • амортизация;

  • мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін төлемі;

  • көрсетілген қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік маржа;

  • лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты тәуекелділік сыйақысының көлемі.

Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды.

Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:

  • техникалық қызмет – клиент пайдаланатын объектіні тасымалдауды, құрастыруды және орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет етуге және ағымды жөндеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жағдайда);

  • кеңес беру қызметі- салық салу, рәсімдеу және т.б мәселелер бойынша қызметтер.

Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады, өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы, және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және қаржылық қызмет деректері көрсетіледі. Ұсынылған мәліметтер толық талданған соң лизингтік компания соңғы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг келісімінің жалпы шарттарын қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпаратымен хабардар етіледі. Бұл жағдайда лизинг беруші жабдықтаушымен жабдық құның келіседі, қажет болса қызмет объектісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.

Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары көрсетіледі:

  • келісім заты;

  • лизинг затын сатушының аты, сатушы таңдауы кіммен белгіленгені;

  • лизинг алушының лизинг затын жалдау шарттары және мерзімдері;

  • лизинг затының құны;

  • келісімде әрекет ету мерзімдері;

  • лизинг алушының меншігіне лизинг зтының біржола берілу шарттары, егер мұндай берілу келісімде қаралса;

  • лизинг затының сипаты;

  • лизинг затын сақтандыру;

  • тараптардың біріне лизинг затын лизинг беруші атына мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы міндеттемені белгілеу;

  • лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;

  • тараптар жауапкершілігі.

Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып саналады. Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг затының толық немесе жарты құнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.

Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім – міндеттемесі бар хатты, қол қойылған келісімінің жалпы шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма-жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы келісім және жабдыққа жіктелім құрастыруды қолдануы мүмкін.

Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет объектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін дәлелдейтін қабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың қолы қойылады және лизинг алушы қызмет объектісінің құнын төлейді.