Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Кб
Скачать
☆

25 Сұрақтан тұратын тест құрап келуді тапсырамын.

Осындай жұмыстар нәтижесінде оқу жылының аяғында әр оқушыда қазақ тілінен портфолио пайда болады.

Жеке дайындық түріне келсем, 2012-2013 оқу жылында әдебиет пәнін бір оқушы таңдап, бір жыл бойы сонымен жеке дайындық жүргіздім.

Әдебиеттен қандай жұмыс түрлерін жүргіздім

Сауалнама алдым (әдебиетке деген қызығушылығы,

шығармашылығы, қандай көркем шығармалар оқыдың деген сұрақтар негізінде)

5-8- сыныптан бастап барлық әдебиетті оқып, берілген

шығармаларды оқып, авторы жайлы және негізгі кейіпкерлерін, оқиғаның қысқаша мазмұндарын жазып алу.

9-10-11-сынып әдебиеттеріндегі ақын-жазушылар жайлы

хронологиялық кесте толтыру және шығарма мазмұнына байланысты кестелер толтыру.

Сынама тестерді беріп жауабын тауып келу

Жылдам сұрақтар дайындау

Жыл соңында әдебиеттен өз портфолиосында мол материал жинақтап алды. ҰБТ нәтижесінде сол оқушым әдебиет пәнінен 25 балл алып, Қостанай педагогикалық институтына «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп кетті.. Бұл жеке дайындықтың жемісі деп айтқым келеді.

Жалпы айтқанда ҰБТ-ның сапасын көтеруде жеке жұмыстың да, топтық жұмыстыңда пайдасы мол.

8. Мониторинг. Кез келген жұмыстың нәтижесін шығару міндетті түрде жүргізілгені дұрыс. Өйткені мұғалім де, оқушы да өз жұмысының нәтижесі қандай екенін білгісі келеді. Мұғалім оқушылардың қаншалықты меңгергенін көргісі келсе, оқушы өзіңнің қандай жетістікке жеткенін білгісі келеді. Сондықтан кез келген жұмыстың мониторинг шығарылғаны дұрыс.Мен өзім алған тест болсын, басқа жұмыстар болсын оқушының көз алдында тексеріп, нәтижесін шығарып берем немесе дайын жауаптар арқылы өздеріне тексертемін.

Былтыр біздің мектепте қыркүйек айынан бастап ай сайын екі, қаңтар айынан бастап төрт рет сынама тест жүргізілетін. Соның нәтежиесі бойынша әр ай сайын оқушы, мұғалім, ата-ана арасында жиналыс өткізіліп, сараптама жасалатын.Биылғы өзгеріс тест тегін беріледі, бірақ айына бір рет қана алынып жүр. Негізінде сынама тесттің жиі алынғаны білім сапасын көтеруге зор әсерін тигізеді. Оқушы жауаптылықты сезінеді, дайындықты күшейтеді, өз мүмкіншілігінің қандай дәрежеде екенін өз көзімен көреді.

Осындай жүмыстардың жүйелі жүргізілуі арқасында біздің мектеп биылғы оқу жылында көптеген жетістіктерге жетті. Бұл біз үшін үлкен абырой, әрі мақтаныш.

«Ұстаз ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес, өз ұстазын сүймесе»,- деп қазақтың белгілі ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай бұл жетістіктерге ұстаз бен оқушының бірлесе жасаған жүмыстарының арқасында жетіп отыр десем болады.

Енді биыл 11/б/ сыныбына сабақ беремін. Жаратылыстану бағыты. Биылғы сыныптардың оқушыларының саны аз. Мен сабақ беретін сыныпта 11 оқушы бар, оның 8 –і ҰБТ баруға талап білдіріп отыр. Үшеуі «Алтын белгіге» үміткер. Оқушы саны аз болса да мен сыныпты да үш аралас топқа бөліп жұмыс жасап жатырмын.Тапсырманы былтырғы кластағыдай орындатын жүрмін. Осы уақытқа дейін үш рет сынама тест алынды. Соның нәтижесіне тоқталсам.