Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ №8 каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31 Кб
Скачать
☆

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 3.

Сіз балаға үй жағдайында кезекті барған кезде 3 айына 5 күн қалғанда баланың бет терісінің алқызыл гиперемиясын, құрғақтануын және қабыршықтануын байқадыңыз. Жалпы қарауда қолдарының ішкі беткей терісінде қышмалы түйінді бөртпелер анықталды. Сұрау кезінде: анасы балада осы көріністердің 5 күн бұрын байқалғаның және де емшек сүті азайғандай болғандықтан әрбір емізуде балаға қосымша 50,0 гр сүт қоспасы «NAN» бере бастағаннан кейін 3-ші күні анықталған.

1.Болжам диагнозды атыңыз және негіздеңіз.

2.Осы жағдайдың дамуына не себепкер болды.

3.Бала еміне кеңестер беріңіз.

4.Бала 3 айлық. Профилактикалық екпе жасау керек – Сіз екпе жасайсыз ба?

5.Денсаулық тобын анықтаңыз, бала тамақтануына кеңес беріңіз.

«Астана медициналық университеті» ақ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

№ 8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 4

1 жастағы баланы кезекті қарауда дәрігер бала терісі мен шырышты қабатының айқын бозаруына көңіл аударды. Анасы баласының тез шаршағыштығына, ашуланшақтығына, селқостығына, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Анасына сұрақтар қою кезінде баланың күніне 2 рет сүт ботқасы мен қарапайым тамақтануы анықталды. Бала жемістер мен көкеністерге тәбеті жоқ. Анасы сүт-қышқыл өнімдерін бермейді.

Жалпы қарауда: баланың жалпы жағдайы қаңағаттанарлық. Тері және шырышты қабаттары айқын бозарған. Шеткі лимфатүйіндері ұлғаймаған. Жүректе – систолалық шуыл естіледі. Іші жұмсақ, бауыры қабырғаның төменгі қырынан 2 см шығынқы орналасқан. Анамнезінде: мерзімінде туылған бала, 1 айдан бастап аралас тамақтандырылған, ЖРВИ жиі сырқаттанады.

1.Болжам диагнозды атыңыз және негіздеңіз.

2.Осы балаға қажетті зерттеу әдістерін атаңыз.

3.Дәрілерді атау және дозасын есептей отыра ем тағайындау.

4.Денсаулық тобын анықтаңыз және диспансерлік бақылау ұзақтығы.

5.Осы баланың тамақтануы туралы кеңес беріңіз.

«Астана медициналық университеті» ақ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

№ 8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 5.

9 айлық қыз бала, көп балалы жанұядан. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қолайсыз. Екпе кабинетінде кезекті вакцинация кезінде бала қышқырып, қысқа мерзімді апноэдан кейін тері түсі көгеріп кетті. Одан кейін тері тұсі бозарып, бұлшықет гипотониясы байқалды.

Объективті: терісі бозарған, тістері жоқ, көкірек клеткасы құс кеудесі пішінді, сүйектерде «тасбиық», «білезік» белгілері айқын, өздігінен отыра алмайды. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшынды систолалық шуыл естіледі, Труссо, Люст, Хвостек симптомдары оң.

1.Сіздің болжам диагнозыңыз.

2.Зерттеу жоспарын құрастырыңыз.

3.Диспансерлік бақылау жоспарын құрастырыңыз.

4.Сауықтыру жоспарын құрастырыңыз.

5.Баланы тамақтандыру және күтімі туралы кеңес беріңіз.