- •Зертханалық жұмыс
- •Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі
- •Мәліметтер қорының құрылуы Мәліметтер қоры құрылуының жоспары
- •4.3. Мқбж құрылуы
- •4.3.1. TDataModule контейнерінің құрылуы
- •4.3.2. Экрандық формалардың құрылуы, олардың мқ – на қатынау жасалуы және мәліметтерді өңдеуді ұйымдастыру (қарапайым нұсқасы)
- •2.1) Экрандық формада кестелер арасында байланысты орнатпай кесте құрамын бейнелеу.
- •2.2) Мқ кестелерінің байланысын ескере отырып, оларды экрандық формаға шығару, яғни олардың арасындағы Master-Detail байланысының орнауы.
- •4.3.3. Мқ бейнелеу үшін, одан әрі күрделі форманың құрылуы.
- •4.3.4. Есептік формаларды құру және олардың мқ қатынау жасалуы.
- •4.3.5. Жүйе жұмысын тексеру және іске қосу
- •5.1. Есептерді құруға арналған компоненттер.
- •5.2. TQuickRep және tqrBand компоненттері көмегімен
- •TqrBand компоненті көмегімен бағандардың тақырыпшаларын көрсету.
- •5.3. Есептегі мәліметтерді топтау әдісі
- •5.4. Сүзбеуді қолданып есептерді құрылымдау
- •Бақылау сұрақтары
4.3.3. Мқ бейнелеу үшін, одан әрі күрделі форманың құрылуы.
Экрандық формада TDBGrid модификация нұсқалары.
N_Prih мәні Prihod кестесіндегі сирек кездесетін мәндерін қамту үшін арналған, және басқа жүктеуді жүргізбейді. Сондықтан бұл өрісті DBGrid2 бағаналар құрамында көрсетпеу жөн болады. Бұл мақсаттар үшін, Prihod кестесінің жолдар тізімін құрамыз. Delphi-де МҚ-ның қандай жолдары мәліметтер жиынының қосымшасын қолдануға болатынын белгілеудің екі тәсілі бар.
Бірінші тәсіл бұл мәліметтер жиыны негізделген МҚ кестесінен барлық жолдарды қолдануда негізделеді. Бұл тәсіл әдетте, өздігімен қолданылады, яғни оны біз де Table1 және Table2 мәліметтер жиынын құрғанда қолдандық.
Екінші тәсіл мәліметтер жиыны негізделген МҚ кестесінің ішкі жиын өрістерін қолдану негізінде қолданады. Бұл мақсат үшін, мәліметтер жиынынын өрістер редакторы қолданылады. Ол мәліметтер жиыны үшін өңделетін өрістер қатарына барлық өрістерді немесе МҚ-ның ішкі жиын өрістерін қосуға мүмкіндік береді.
DataModule5 контейнерінен тышқан көмегімен Таblе2 компонентін таңдаймыз да, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Экранда пайда болған қалқып шығатын мәзірден Fields Editor элементін таңдаймыз. Пайда болған өрістерді өңдеу редакторында (ол бос болған кезінде, 26а суреті) тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз де, пайда болған қалқып шығатын мәзірден Add Fields мәзір элементін таңдаймыз. БД Prihod.DB кестесінің барлық өрістерінің тізімі көрсетіледі. N_Prih өрісінен басқа, барлық өрістерді ерекшелейміз (тышқан және Shift пернелері көмегімен) және Add батырмасын шертеміз (26б суреті). Енді өрістерді өңдеу тізімі барлық белгіленген өрістерді қосады (26в-сурет).
а) б) в)
26-сурет – Өрістердің редакторымен жұмыс: а)өрістер редакторының бос тізімі;
б) өрістерді қосу; в) Өрістер редакторының толтырылған тізімі
№3 формадағы DBGrid2 компонентінің Table2 мәліметтер жиыны үшін, бағаналар құрамында енді тек қана өрістер редакторында ғана қосылған өрістер бар (27-сурет).
27-сурет – DBGrid2 өрістерінің құрамы өрістер редакторымен анықталады
Өрістер редакторында мәліметтер жиынының өрістер тізімнін анықтау үшін (Таblе2 компонентінен тышқанның оң жақ батырмасын шерту) осындай тәсілмен әрбір қосылған өріс үшін, Delphi қосымшасындағы TField компонентінің (мәліметтер жиынынын өрісі) құрылуына әкеп соқтырады. Әрбір осындай компонент өздігімен уникалды атпен – бірінші құраушы аты негізінде мәліметтер жиынының аты (Таblе2) алынады, ал екінші құраушы аты негізінде – МҚ кестесіндегі өріс аты аталынады. Осымен, TField компоненті Material өрісіне сай келеді, Table2Material атауына ие болады. Егер өрістер редакторында тиісті өріске шертетін болсақ, объектілер инспекторында өріс қасиеттерін орнату немесе өзгертуге болады, сонымен қатар нақты бір өріс үшін, оқиға өңдеуішін анықтауға болады.
DBGrid2 компонентінің параметрлерін, бағаналар атауы орысша аталатындай етіп өзгертеміз. Ол үшін, DBGrid2 компонентінен оң жақ батырмасын шертеміз де, қалқып шығатын мәзірден Columns Editor элементін таңдаймыз. Экранда редактор терезесі компоненттер үстелі пайда болады (32а - сурет). TDBGrid үстелінің мінездемесін өзгерту үшін, толығымен анықталмаған бағандардан, толық анықталған бағандарға өту керек. Ол үшін кнопке Add All Fields батырмасын шету керек, нәтижесінде бағаналар қосылады,олардың әрқайсысы Table2 компонентінің өрістер редакторынын өрісіне сай келеді (28б-сурет).
28-сурет – а) DBGrid2 бағаналарының бос тізімі; б) DBGrid2 бағаналарының толтырылған тізімі
Әрбір бағананың бас жолын өзгерту үшін, тышқан көмегімен бағаналар редакторында бағана атын таңдау керек және объектілер инспекторында Title қасиеттер тізімін ашу (ол үшін қасиеттің атауы жанындағы крестті тышқанмен шерту керек). Осы тізімнің Caption элементінде баған атауы белгіленген; бас жолдарын тиісті түрмен өзгертеміз де, DBGrid2 баған редакторынан шығамыз. Дәл солай Table1 мәліметтер жиынымен де жасаймыз (29-сурет).
29-сурет – DBGrid1 және 2 бағаналарының атауларын орнату
Дәл сондай өзгертулерді №2 формада да жасаймыз.
Сонымен қатар, №2 формадағы Таblе3 мәліметтер жиынында жазбалардың сұрыптау тәртібін өзгертеміз. Ол үшін, Таblе3 компонентінің (DataModule5 ішіндегі) объектілер инспекторында IndexFieldNames қасиетін индекстік өрістерін құрайтын әрбір Prihod.DB кестесінің тиісті индекстері үшін анықталған, "DatPrih;Material" мәніне қалқып шығатын тізімнен таңдаймыз. Осыдан кейін, DBGrid бағаналар редакторына қайта кіреміз және тышқан көмегімен DatPrih бағанын Material бағанының алдында тұратындай етіп орналастырамыз. Қосымшаға компиляция жасап, оны іске қосамыз. 30-суретте көрсетілгендей, Table2 мәліметтер жиыны Prihod.DB кестесімен тең келеді. Қосымшада ол келу мерзімі бойына сұрыпталған, ал әрбір келу мерзімі ішінде - материал атауымен сұрыпталған.
30-сурет – Материалдар келу мерзімі бойынша сұрыпталған
Экрандық формады есептелетін өрістерді құру
Егер №3 формада мәні басқа өрістерден алынатын есептелетін өріс құру керек болса, келесідей әрекеттерді орындау керек:
Өрістер редакторында жаңа жолды құру керек, оны Calculated деп белгілейміз. Ол үшін, DataModule5 көшіп, қажетті мәліметтер жиынынын (тышқан көмегімен) ағымды ету (Table2), тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, мәзірден Field Editor таңдау, қайтадан тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, мәзірден New Field таңдау. Осыдан соң сұхбаттық терезеден өріс атын белгілеу, оның типін және жолдық өрістер үшін - өлшемін орнату керек (31-сурет).
31-сурет – New Field терезесі
Жаңа өріс үшін TField компоненті құрылады, енді оған қатынауды өрістер редакторында жасауға болады.
Есептелетін өріс жататын, мәліметтер жиыны (Table2) компоненті үшін, OnCalcFields оқиға өңделуінің анықтау керек.
Мысалы, Table2 мәліметтер жиыны үшін, «Приход» кестелік мәліметтер қорын білдіретін, есептелетін өрістерге Table2Vychisl «Да» мәнін енгіземіз, егер Table2Kolvo өрісінде мәні 100-ден асса. Кері жағдайда, Table2Vychisl өрісіне бос мәнді енгіземіз:
procedure TDataModule5.Table2CalcFields(DataSet: TDataSet);
begin
IF Table2Kolvo.Value > 100 Then
Table2Vychisl.AsString := 'Да'
ELSE
Table2Vychisl.AsString := ' ';
end;
Егер мәліметтер жиынының AutoCalcFields қасиетінің мәні True болып орнатылса, мәліметтер жиынының dsInsert және dsEdit режимінде, онымен реляциялық байланысқан (кестелік мәліметтер қорының бүтінділік шектеулері орнатылған кезде) OnCalcFields оқиғасы есептелмейтін өрістер модификациясы кезінде басталады.
OnCalcFields оқиғаны өңдеу-процедурасы есептелелтің өріс мәнінің есептеу алгоритмінің құрылымын құрайды. Осы өңделгіште мән тек есептелетің өріске ғана меншіктелуі мүмкін, ал МҚ құрылымында анықталған өріске меншіктей алмайды (32-суретте қосымша көрсетілген).
32-сурет – Іске қосылған қосымшаның түрі
Ескерту. Кейбір кездерде есептелетін өрістерге басқа кестелер өрістерінде болмайтын мәндерді меншіктеу қажеттілігі болады. Басқаша айтқанда, кейде есептелетін өріске форманың кейбір айнымалыларының мәндерін жазуға тиімді болады. Мысалы, біз Tbl мәліметтер жиынына жазбаларды қосайық, кейбір есептеу алгоритмі бойынша Summa өрісінің мәнін есептейміз. Summa өрісіне есептеулер жүргізу үшін, TekOstatok айнымалысы қолдансын. TekOstatok мәнін біз TblTO есептелетін өріске енгізетін болайық.
Мұнда бір қиындық туындайды: мәнді есептелетің өріске енгізілуі OnCalcFields өңдеу процедурасы арқылы жүзеге асады және бұл TekOstatok локалды айнымалы мәні жоғалтылған кезінде болады.
Осы жағдайда Tbl-ге қосылатын жазулар, алгоритм жұмысы үрдісінде, локалды айнымалыларды еске сақтау кейбір динамикалық тізімінде тура келеді, ал соннан соң осы элементтердің мәндерін TblTO өрісіне меншіктеп, оның қажетті элементтерін OnCalcFields оқиғалар өңдеуінде шығару.
Экрандық формада әртүрлі кестелер мәліметтерін бейнелеу үшін SQL-сұраныстарды қолдану.
Бірнеше кестелерді бейнелеуіне арналған бір форманы құрайық. Ол үшін, TDataModule5 контейнерінде TQuery компонентін (компоненттер палитрасының Data Access парағы) орналастырамыз. Өз бетінше оның аты Query1. Оның DatabaseName қасиетін PRIMER мәніне орнатамыз. TDataSource (атауы TDataSource4) компонентін орналастырамыз. Оның DataSet қасиетін Query1 мәніне орнатамыз.
№4 формада TDBGrid компонентін орналастырамыз. Оның DataSource қасиетін DataSource4 деп белгілейміз.
Query1 компоненті үшін, объектілер инспекторында SQL қасиетін табамыз да, батырмасын шертеміз. Пайда болған редактор терезесінде SQL-сұранысының мәтінін енгіземіз:
SELECT P.DatPrih, P.Material, P.Kolvo,Т.Zena,
(P.Kolvo * T.Zena) As Stoim
FROM Materialy T, Prihod P
WHERE T.Material = P.Material
ORDER BY P.DatPrih, P.Material
ОК батырмасын шертеміз.
Осыдан кейін, Query1.Active қасиетін True мәніне орнатамыз. Query1 мәліметтер жиыны қоймаға келіп түсетін материалдар жөнінде мәліметтер құралған. Осы жиынның жазбасының құрамында DatPrih (келу мерзімі), Material (Материал аты), Kolvo (келіп түскен мөлшер), Zena (бір материал үшін орнатылған бағасы), Stoim (келіп түскен материалдың бағасы) өрістері бар. SQL қасиетіндегі сұраныс мәтінінен көрінгендей, PRIMER МҚ мәліметтер жиыны екі кестеден «жиналады», олар Materialy.DB және Prihod.DB. Осыдан осы МҚ кестелерінің жазулары, бірдей мәнді Material өрісінен жиналады (33-сурет).
33-сурет – Әртүрлі кестелерден мәліметтерді бір кестеге біріктіру
№1 формадағы Отчет пунктінде келесі кодты енгіземіз:
Form1.Visible := False;
Form4.Visible := True;
Query1 мәліметтер жиынында жаңа жазуларды қосуға, жазуларды өзгертуге және жоюға болмайды. Ол бірнеше кестелерден жиналған жазбалар тек оқуға ғана арналғанг болып табылатындақтын, өзгертуге рұқсаты жоқ.
