Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I_n_1201_s_1179_a.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆

47 Жастағы науқас клиникаға жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша і класс диагнозымен ортопедиялық емдеуге қаралды.

Тіс қатарының формуласы : 00054321 / 12340000

Сақталған тістер төзімді, сау, анатомиялық пішіні жақсы айқындалған. Альвеолярлы өсінділері аздап атрофияланған, шырышты қабаты тығыз, аздап серпімді. Емдеу жоспары- жоғарғы жаққа доғалы протез әзірлеу.

Қандай қалыптық материалдар қолданылуы тиіс?

+ эластикалық

- қатты кристалды

- термопластикалық

- гидроколлоидты

- полиэфирлі

?

Қандай кламмерлі бекітіліс биомеханикалық көзқарас бойынша тиімді болып саналады және неге?

- нүктелі- эстетикалық қалыпты аз мөлшерде бұзады

- сызықты- сақталған тістерді шендейді

+ жазықтықты- протездің шығып кетуін немесе аударылып кетуін болдырмайды

- бір жақты- ретенциялық аймақтар тудырмайды

- екі жақты- қызмет кезінде протезді ұстап тұрады

?

Науқас 38 жаста, ортопедиялық стоматология клиникасына 11 тіс маңының ауыруына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде қатты тіндердің патологиясы анықталмады. Анамнезінде механикалық жарақаттың болғанын айтады. Қандай тексеру әдісін жүргізу қажет?

- мастикациография

- одонтопародонтограмма

+ рентгенография

- реография

- миография

?

Науқас С., 27 жаста, протездеу мақсатында қаралды. Объективті: беттің төменгі бөлігінің биіктігі өзгермеген. Ауыз қуысының шырышты қабаты бозғыл-қызыл түсті.

Тіс формуласы: 870054321/12345678. Диагноз қойыңыз?

- Кеннеди бойынша 1- класс.

- Кеннеди бойынша 2- класс.

+ Кеннеди бойынша 3- класс.

- Кеннеди бойынша 4- класс.

- Кеннеди бойынша 5- класс.

?

25 жастағы науқас, сыртқы тітіркендіргіштерге тістерінің сезімталдығының артуына шағымдандыАуыз қуысын тексеру кезінде: 22,21/11,12 тістердің кесу қырымен жарты ай тәріздес ойықтар бар. Ойықтардың қабырғасы, қыры мен түбі тегіс. Диагноз құрыңыз.

+ гипоплазия

- гиперплазия

- эрозия

- сына тәрізді ақау

- флюороз

?

36 жастағы науқас, протез салдыру мақсатында клиникаға қаралды. Анамнезі: тістері тіс жегісінің асқынуынан жұлынған, бұрын протез салынбаған.

Объективті: Тістер формуласы: 00000321/12345678

Шырышты қабат ақшыл-қызғылт түсті, патологиялық өзгерістер байқалмайды. Тістесуі ортогнатиялық. Протез конструкциясын таңдаңыз.

+ жартылай алынбалы пластиналы протез.

- толық алынбалы пластиналы протез

- алынбалы көпіртектес протез

- адгезивті көпіртектес протез

- пластмассалы каппалар

?

Науқас төменгі жағында тістерінің мүлдем болмауына шағымданып қаралды. Бұрын протез салынған. Объективті: беті симметриялы. Беттің төменгі үшінші бөлігі төмендеген.

Тіс қатарының формуласы: 87654321 / 12345678

00000000 00000000

Альвеолярлы өсінді мен таңдай атрофияланған, оларды жауып жатқан жұқа шырышты қабат тартылған. Табиғи қатпарлар альвеолярлы өсіндінің қырына жақын орналасқан, альвеолярлы өсінді күрт, біркелкі атрофияланған. Диагноз қойыңыз?

- Оксман бойынша 2 тип, Суппле бойынша 1 класс, шайнау тиімділігі 100 %-ға төменедеген

- Оксман бойынша 1 тип, Суппле бойынша 3 класс, шайнау тиімділігі 100 %-ға төменедеген

+ Оксман бойынша 3 тип, Суппле бойынша 2 класс, шайнау тиімділігі 100 %-ға төменедеген

- Оксман бойынша 4 тип, Суппле бойынша 4 класс, шайнау тиімділігі 100 %-ға төменедеген

- Оксман бойынша 2 тип, Суппле бойынша 2 класс, шайнау тиімділігі 100 %-ға төменедеген

?

33 жастағы науқас алдыңғы тістерінің түсінің өзгеруіне және пломбаның үнемі түсіп қала беретініне шағымдаып қаралды. Объективті: пп п 87654321/12345678. Диагноз: 1.1,1.2,2.1 тістер сауытының ақауы. Протез конструкциясын таңдаңыз.

- салма

- штифті тіс

- құйылған сауыт

+ металлокерамикалық сауыт

- пластмассалы жартылай сауыт

?

Науқастың жоғарғы және төменгі жақтарына толық алынбалы протез жасау жоспарланды. 4-лабораториялық кезеңде тіс технигі модельді кюветаға гипстеп, қатқан соң балауызды ерітіп, модельдерді ыстық сумен шайып жуды, суытқан соң пластмассаны салып, прессте қысып және ыстық суға салып, 30 минут қайнатты.

Қандай қателік жіберілді және қандай асқыну болуы мүмкін?

- пластмассалы қамырды дайындау технологиясы сақталмағандықтан пластмасса ұлғаяды.

- пластмассалы қамырды дайындау технологиясы сақталмағандықтан ұсақ жарықтар пайда болады

- температуралық ереже бұзылмаған

- пластмассалы қамырды дайындау технологиясы бұзылмаған

+ полимеризацияның температуралық ережесін бұзғанда дайын бұйымның ақауына әкеп соғады

?

Науқас тістерінің жоқтығына, тамақ шайнауының қиындауына шағымданып қаралды.

00000000 / 00000000

00000321 / 12345000

Шырышты қабат бозғылт қызыл түсті, үзбелері мен ұрт тәждері жоғарғы жақта альвеолярлы айдаршыққа жақын орналасқан, төменгі жақтағы тістер төзімді, перкуссияда ауырмайды, альвеолярлы өскіннің атрофиясы біркелкі емес екендігі анықталды. Дәрігер протез конструкциясын шақтап тексеру кезеңінде науқас жымиған кезде протездің альвеолярлы бөлімі көрініп тұратынын аңғарды. Қай кезеңде, қандай қателік жіберілді?

- лабораториялық кезеңде- тістерді жасанды қызыл иекке орнату

- клиникалық кезеңде- жасанды тістер дұрыс таңдалмаған

- лабораториялық кезеңде- тістерді айқастырып орнату

+ лабораториялық кезеңде- тістерді нүктелі орнату

- клиникалық кезеңде- тістем түрін дұрыс анықтамаған

?

Қандай алынбайтын шендеуішті дайындау кезінде шендеуге алынатын жоғарғы тістерге параллельді паз жасай отырып егейді, неге?

+ жартылай сауыттан жасалған шендеуіштер- сенімді иммобилизацияны қамтамасыз етеді

- сақиналы шендеуіш- тірек тістердің параллельдігін жақсартады

- қалпақшалы шендеуіш- жақсы бекітуді қамтамасыз етеді

- экваторлы шендеуіш- емдік қасиеттерін жақсартады

- сауытты шендеуіш- эстетикалық жағынан тиімді

?

Науқаста 32, 33, 34, 35, 36 тістер жоқ, дәрігер 31 және 37 тістерге бекітілінетін металлокерамикалық көпіртектес протез жасау қажет екенін шешті. Протез дұрыс таңдалды ма, неге?

- дұрыс- көпіртектес протездер шайнау қысымын толығымен қалпына келтірді

- дұрыс емес- тірек тістердің өзектері емделмеген

+ дұрыс емес- тірек тістерге түсетін жүктеме шамадан тыс үлкен

- дұрыс- эстетикалық жағынан тиімді, протезге тез үйренеді

- дұрыс емес- тірек тістердің саны жеткіліксіз

?

20 жастағы науқас тістеген кезде 26 тісінің ауыратынына шағымданып қаралды. Анамнезінде бір апта бұрын 26 тіске металл сауыт салған, сауытты бекітуге дейін уақытша қолдану кезінде ауыру сезімі болмаған. Сіздің іс-қимылыңыз?

+ тістен сауытты шешу

- қабынуға қарсы терапия жүргізу

- ауыру сезімін басуға арналған дәрі-дәрмек тағайындау

- сауыт арқылы тіс ұлпасын алу

- тісті сауытпен бірге жұлу

?

57 жастағы науқас С протез астының ашытып ауыратынына шағымданып қаралды. Анамнезі: бір апта бұрын жартылай алынбалы пластиналы протез әзірленген. 2 күннен кейін ашытып және сұғып ауыратыны байқалды. Ауыз қуысын тексергенде: жоғарғы жақта барлық технологиялық және клиникалық талаптарға сай алынбалы пластиналы протез салынған. Жартылай алмалы салмалы протез орнына сай қатты таңдай мен альвеолярлы өскіннің шырышты қабаты аздап қызарған, ісінген. Диагноз қойыңыз?

- жедел стоматит

- жарақатты стоматит

+ аллергиялық стоматит

- афтозды стоматит

- қайтымды стоматит

?

61 жастағы науқас жоғарғы жағынад мүлдем тістерінің болмауына шағымданады. Объективті: Беті симметриялы, тері қабаты таза, мұрын-ерін қатпары айқындалған, беттің үшінші бөлігі төмендеген. Ауыз қуысында: жоғарғы жақта тістер жоқ, төменгі жақта 35, 34, 33, 43, 44 тістер сақталған, перкуссияда ауырмайды, төзімді. Протездерді жоғарғы және төменгі жаққа салған соң, біраз күннен соң науқас СТЖБ аймағының ауыратынына, сол жақ ұртын тістеп алатынына шағымданып келді. Қай кезеңде қателік жіберілді, не себептен?

+ клиникалық кезеңде- жақтардың орталық қатынасын дұрыс анықтамаған

- клиникалық кезеңде- орталық окклюзияны анықтау кезінде тістесу білігінің деформациясы болған

- лабораториялық кезеңде- жасанды тістерді дұрыс орнатпаған

- лабораториялық кезеңде- модельдерді кюветаға дұрыс ғаныштамаған

- лабораториялық кезеңде- полимеризация ережесі бұзылған

?

Төменгі жақ тіс қатарының екі жақты шеткі ақауын Кеннеди жіктелуі бойынша көрсетіңіз?

- ІІ класс

- ІІІ класс

- ІV класс

+ І класс

- V класс

?

Аттачмендерді протез бекітілуінің қай түріне жатқызады:

- физикалық

+ механикалық

- химиялық

- биологиялық

- аралас

?

Науқастың 1.3 тісінің сауыт бөлімі бұзылған. Тістің окклюзиялық бетінің бұзылу индексі (ТОББИ) > 0,7. Терең тістем. Штифті тістің қай құрылымын ұсынасыз?

- Ричмонд бойынша штифті тіс

- қарапайым штифті тіс

+ толыққұйылған штифті тіс

- тұқылды сауыт

- Тұқылды штифті салма

?

30 жастағы науқас ортопедиялық стоматология клиникасына үнемі пломбаның түсе беретініне шағымданып қаралды. Тексеру кезінде 2.6 тісте тіс сауытының 1/3 бөлігі бұзылған, тіс пломбаланған, антагонист тістермен түйіспейді. Дәрігер 1-клиникалық кезеңде 2.6 тісті егеп, жоғарғы жақтан жартылай анатомиялық үлгі алды. 2.6 тіске металл штампталған сауыт жасалды. Сауытты өлшеп тексеруде сауыт окклюзияны көтеріп тұр. Қай кезеңде қателік жіберілді, тістем неге көтерілді?

- 1-лабораториялық кезең, тіс дұрыс мүсінделмеген

- 1-лабораториялық кезең, сауыт дұрыс штампталмаған

+ 1-клиникалық кезең, қалып дұрыс алынбаған

- 1-клиникалық кезең, тіс дұрыс егелмеген

- 1- лабораториялық кезең, модель дұрыс алынбаған

?

3.7 тіске металл штампталған сауытты өлшеу кезінде, сауыт окклюзияда кедергі жасады. Тіс цилиндр пішінде егелген, окклюзиялық беті мен антагонист тістер арасында 0,2 мм қалыңдықта горизонтальды саңылау бар. Көрші тістер арасынан зонд емін-еркін өтеді. Қай кезеңде, қандай қателік жіберілген?

- 1-клиникалық кезең, тіс дұрыс егелмеген

- 2-клиникалық кезең, орталық окклюзия дұрыс анықталмаған

- 1-лабораториялық кезең, қалып дұрыс алынбаған

+ 1-лабораториялық кезең, тіс дұрыс мүсінделмеген

- 1-лабораториялық кезең, тістің клиникалық мойны дұрыс анықталмаған

?

Металлокерамикалық сауыт дайындаудың 2-клиникалық кезеңінде металл қаңқа тіс тұқылына жеңіл орнатылады, саты бойымен дұрыс орналасқан, антагонист- тістермен окклюзия аралық саңылау 0,5 мм, металл қалпақшаның қалыңдығы 0,8 мм тең. Қандай асқыну болуы мүмкін?

- сауыт цементтен босап, түсіп қалады

- сауыт нашар бекиді

+ керамикалық массаның сынып кетеді

- сауыттың эстетикалық ақауы болады

- металл қалпақша тесіліп қалады.

?

Науқастың 2.2,2.3,2.4,2.5,2.6 тістері жоқ, 1.1, 2.1, 2.7 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 1.1,2.1 және 2.7 тістер болатын металлокерамикалы көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге?

- Дұрыс- көпіртектес протез шайнау қысымын толығымен қалыптастырады.

- Дұрыс емес- тірек тістер ұлпасы алынбаған

+ Дұрыс емес- тірек тістерге көп күш түседі

- Дұрыс- эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді

- Дұрыс емес- тірек тістер саны жеткіліксіз

?

48 жастағы науқас 1.2,1.1,2.1,2.2 тістерінің болмауына шағымданып, көпірлі протез жасауды сұрайды. Пластмассалы фасеткалы металл құрама көпірлі протезді тапсыру кезеңінде протезді тірек тістерге отырғызған соң, фасетка альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына тығыз жанасып жатқанын анықтады. Орталық окклюзия жағдайында фасеткадағы жоғарғы күрек тістер ғана түйіседі, ал басқа тістер түйіспейді. 1.3 тістің сауыты мен аралық бөлімнің арасындағы дәнекер қызыл иек емізікшесіне тиіп тұр, протезге түзетулер жасаған соң дәрігер висфат-цементпен тіске бекітті. Қандай түзету жүргізу қажет болды?

- қызыл иек емізікшесін дәнекерден босатып және көпірлі протезді тереңірек енгізу

- қызыл иек емізікшесін көпірлі протездің аралық бөлімінен босату

+ дәнекерді қызыл иек емізікшесінен босатып және фасетканың түйісу аймағын алу

- фасетка мен дәнекерді қызыл иек емізікшесінен ашып, тірек тістерді қосымша егеу

- бұл жағдайда көпірлі протезге түзету жасалмайды, қайтадан жасау қажет.

?

Көпірлі протезді ауызға өлшеп тексеру кезінде тірегі 1.3, 1.6 тістер болатын көпірлі протез тістерге киілмейді. Себебі?Сіздің іс-әрекетіңіз?

+ тірек тістердің параллельдігі жоқ, тістерді қосымша егеу қажет

- көпірлі протездің көлемі өзгерген, қайтадан жасау қажет

- дәнекерлеу кезінде сауыттардың пішіні өзгерген, сауыттарды қайта жасау керек

- тірек тістердің параллельдігі жоқ, қайта жасау қажет

- тірек сауыттар дұрыс қалыптастырылмаған, қайтадан жасау қажет

?

Бүйірлі тістердің ІІ дәрежелі патологиялық желінуі кезінде, оларға металл штампталған сауыт қолдану тиімді ме, неге?

- тиімді, өйткені металл штампталған сауыт қалыңдығы тістемді қалыптастырады

+ Тиімді емес, өйткені сауыт қырымен маргинальді пародонтты жарақатуына байланысты асқынулар болуы мүмкін

- тиімді емес, өйткені бүйірлі бөлімде желінген тістердің анатомиялық пішінін қалыптастыра алмайды

- тиімді, өйткені желінген тістер мен сауыттың окклюзиялық беті арасындағы цементтің қалаң қабаты сауыт қырының қызыл иекке қарай жылжуын болдырмайды

- тиімді емес, өйткені металл штампталған сауыттың қалыңдығы тістемді қалыптастыруға жеткіліксіз

?

Науқаста тіссіз жоғарғы жақ. Альвеолярлы өскіннің атрофиясы орташа дәрежелі, бұдыры аз айқындалған, таңдай тереңдігі орташа, торусы айқын. Диагноз қойыңыз?

- толық екіншілік адентия, Оксман бойынша І- тип

+ толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІІ- тип

- толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІІІ- тип

- толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІV- тип

- толық екіншілік адентия, Оксман бойынша V- тип

?

Науқастың төменгі жағына жеке дара қасықты Гербст сынамасы бойынша өлшеп тексеру кезеңі. Жұтыну сәтінде жеке дара қасық төменгі жақтан ығысады, сіздің іс-әрекетіңіз?

+ қасықтың бұдыр артынан жақ-тіл асты сызығына дейінгі жер бөлігін қысқарту қажет.

- бұл кезде қасықтың бүйір аймағының вестибулярлы қырын қысқартады

- қасықтың алдыңғы аймағының вестибулярлы қырын қысқартады

- қасықты жақ-тіл асты сызығының бойымен қысқартады

- қасықты иттістер аралығының вестибулярлы жағынан қысқартады

?

3-ші клиникалық кезеңде протездің балауыз конструкциясын ауыз қуысына енгізіп, орталық окклюзия жағдайында алдыңғы тістер арасында саңылаудың пайда болғаны анықталды, төменгі жақты алдыға жылжытқанда тістер барлық тіс доғасында жақсы түйіседі. Қай кезеңде қателік жіберілді, неліктен?

- 2-клиникалық кезең, орталық окклюзияны анықтауда бүйірлі окклюзия бекітілген

- 2-лабораториялық кезең, жасанды тістерді дұрыс орнатпау;

- 2-лабораториялық кезең, модельдер окклюдаторға дұрыс бекітілмеген

+ 2-клиникалық кезең, орталық окклюзияны анықтауда алдыңғы окклюзия бекітілген

- 2-клиникалық кезең, протездің балауыз конструкциясының көлемі өзгерген

?

Науқастың төменгі жағында тіс қатарының екі жақты шеткі ақауы бар

Тіс қатарының формуласы : 00004321 / 12340000

3.4 және 4.4 тістерге ұстап тұратын кламмері бар жартылай алмалы пластиналы протез дайындалған. Кламмерлі бекітілудің қай түрі көрсетілген?

+ трансверзальді

- көлденең

- нүктелі

- сагитальді

- диагональді

?

Жоғарғы және төменгі жақ жартылай алмалы салмалы пластиналы протездің балауыз конструкциясын ауыз қуысына енгізгенде беттің төменгі үштен бір бөлігі ұзарған, еріндері қиын түйіседі, бет қатпарлары жазылған, сөйлеу кезінде алдыңғы тістер арасындағы саңылау әзер көрінеді, тістердің тықылы естіледі. Барлық антагонист тістер біркелкі тығыз жанасады. Қандай қателік жіберілген және сіздің іс-әрекетіңіз?

- тістесу биіктігі жоғарылаған- бүйірлі тістердің окклюзиялық бетін егеу

- алдыңғы тістерді дұрыс орнатпаған- балауызды ерітіп алдыңғы тістерді тереңірек батыру

- тістесу биіктігі төмендеген- балауыз пластинкасын қыздырып тістемді жоғарылату

- тістесу биіктігі жоғарылаған- алдыңғы тістердің окклюзиялық бетін егеу

+ тістесу биіктігі жоғарылаған- жақтардың орталық қатынасын қайтадан анықтау

?

Науқастың диагнозы: "Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3-класс". Емдеу жоспары: тірегі 3.7 және 3.3 тістер болатын құралмалы көпірлі протез. Ауыз қуысынан қандай клиникалық көріністі көруге болады?

- тірек тістердің қозғалғыштығы

- тіс қатарының шеткі ақауы

+ ақауды шектеп тұрған тістердің үлкен конвергенциясы

- тіс қатары ақауының аумақтылығы

- терең тістесу

?

Дәрігер науқастың төменгі жағына доғалы протез жасауды ұйғарды. Модельді параллелометрде зерттеп тексерген соң, тірек тіске Нея жүйесінің тіреп-ұстайтын кламмерінің 5-түрін жасауды ұсынды. Тіс қатарының ақауы қандай?

- кіші азу тіспен шектелген екі жақты шеткі ақау

- кіші азу тіспен шектелген бір жақты шеткі ақау

- кіші азу тістері оңашаланған алдыңғы бөлімнің шектелген ақауы

+ үлкен азу тістері оңашаланған шектелген ақау

- жақта жалғыз кіші азу тіс сақталған

?

Микропротездерге жатады:

+ Қондырмалар, винирлер, жартылай сауыттар

- Жасанды сауыттар

- Көпірлі протездер

- Дентальді импланттар

- Адгезивті көпірлі протездер

?

Қондырманың жасанды сауыттан артықшылығы:

- Эстетикалық қасиеті

- Қуысқа тығыз жанасады

+ Тірек тістер көп егелмейді

- Берік, тіс аралық қатынасты жақсы қалыптастырады

- Аллергиялық реакцияның болмауы

?

Қондырманың пломбадан артықшылығы:

- Эстетикалық тиімді

- Қуысқа тығыз жанасуы

- Тіс аз егеледі

+ Тіс аралық қатынасты қалыпқа келтіреді, материалдың беріктігіне байланысты азу тістер тұсында сынбайды.

- Аллергия болмайды

?

Эмальдің мүжілуіне ең көп әсер ететін конструкциялық материал?

+ Металл

- Фарфор

- Акрильді пластмасса

- Композит

- Ситалл

?

Мүжілудің зақымданудәрежесіне және тереңдігіне байланысты жіктелуі

- Физиологиялық

- Сызықтық

+ Патологиялық, физиологиялық, өтпелі

- Сызықтық, өтпелі, физиологиялық

- Сызықтық, нүктелік

?

Аттачменнің қойылуы:

- Артикуляторға

- Окклюдаторға

+ Параллелометрде

- Кюветада

- Гнатодинамомертде

?

Мүжілудің компенсациялық формасының авторы:

- Гаврилов Е.И.

- Бушан М.Г.

- Демнер Л.Н.

- Грозовский С.Н.

+ Курляндский В.Ю.

?

Шайнау тістері болмағанда буын басының жылжу бағыты?

- Алдыға

- Төмен

+ Ішке қарай және артқа

- Трансверзальді

- Диагональді

?

Шықшыт-самай буынының қабынуының бірінші белгісі:

+ Зақымданған буынның сықыры

- Зақымданған буынның шуы

- Буынның ауырсынуы

- Тілдің ұюы

- Шырышты қабаттың қабынып қызаруы

?

Имплантацияға кері көрсеткіштер:

- Тіс қатарының шектелген ақауы

+ Патологиялық тістесу

- Тістердің толық болмауы

- Ас қорыту жолдарының аурулары

- Фронтальды аймақта бір тістің болмауы

?

Патологиялық мүжілудің барлық түрлерінде қолданылатын ортопедиялық конструкциялар:

- Штампталған сауыттар

+ Тұтас құйылған протездер

- Ауыз сырты емдік протездер

- Пластмассалық сауыттар

- Аралас сауыттар

?

Патологиялық мүжілудің ошақты түрін ортопедиялық емдеу

- Қиғаш жазықтықты пластинка

+ Пластмасса каппа

- Вестибулярлы доғалы пластинка

- Тістесу алаңшасы бар пластинка

- Штифті тістесу

?

Физиологиялық тыныштық күй мен орталық окклюзияның арақашықтығының айырмасы?

- 1.0-1.5 мм

+ 1.5-3.0 мм

- 5.0-7.0 мм

- 8-10 мм

- 0.2-0.4 мм

?

Патологиялық мүжілудің қай түрінде дезокклюзия әдісі біртіндеп қолданылады?

+ Жастылмалы

- Беттің 1/3 төмендеусіз

- Ошақты

- Аралас

- Беттің төменгі төменгі бөлігінің төмендеуінде

?

Мүжілудің вертикальді түрінде қай аймақ көп мүжіледі?

- Алдыңғы тістердің кескіш беттері

- Бүйір тістердің шайнау беттері

+ Жоғарғы күрек тістердің оральді беті және төменгі күрек тістердің вестибулярлы беті

- Жоғарғы күрек тістердің оральді беті

- Жоғарғы күрек тістердің кескіш беті және оральді беті

?

Бұлшықеттердегі электропотенциялын тіркеу

- Реография

- ЭОД

+ Электромиография

- Томография

- Гальванометрия

?

Имплантацияға салыстырмалы кері көрсеткіштер:

- Фронтальді аймақта бір тістің болмауы

- Тіс қатарының аралық ақауы

+ Патологиялық мүжілу

- Тістердің толық болмауы

- Тістерді толық болмау себепті асқазан жолдарының аурулары

?

Каппаның биіктігін көтерген кезде тез қататын пластмасса қандай қалыңдықта жағылады?

- 5 мм

- 4 мм

+ 2 мм

- 4.5 мм

- 1 см

?

Дезокклюзия әдісі:

- Тіс қатарын тарылту

- Тіс қатарын кеңейту

+ Тістерге қосымша салмақ түсіру

- Тістерді шендеу

- Тістесуді көтеру

?

Вакантты гипертрофия анықтамасы:

- Беттің төменгі бөлігінің биіктігінің төмендеуі

+ Альвеола өскінің ұлғаюы

- Тіс қатарының кеңеюі

- Тіс қатарының қысқаруы

- Тіс қатарының тарылуы

?

Пародонттиттің дамыған сатысында және тістер қозғалмалы болғанда таңдап егеуді қай уақытта жүргіземіз?

+ Алдын-ала шендеуден кейін

- Тіс түбірлерін жұлған соң

- Тіс ұлпасын алған соң

- Таңдап егеу жүргізілмейді

- Тістерді физиологиялық қозғалғыштығында

?

Ауыз қуысының шырышының қабатының жіктелуін кім ұсынды?

- Келлер

+ Супле

- Бушан

- Криштаб

- Шредер

?

Тіссіз жақты тексеру кезінде жақтың қай анатомиялық бөлігі есепке алынбайды?

- Торус

- Жоғарғы жақ төмпешіктері

- альвеола өсіндісі

- таңдай тігісі

+ Төменгі жақ өсіндісі

?

Супле бойынша ІІ типке қандай қалып алынады?

+ Қысым түсірмейді

- Қысым түсіру арқылы

- Дифференциалды

- Анатомиялық

- Функционалды

?

Қысымсыз функциональды қалып алған кезде қолданатын материал?

- Альгинатты

- Гипс

- Ағымдылық дәрежесі төмен поливинил-силоксан

+ Ағымдылық дәрежесі жоғары поливинил-силоксан

- Дентол

?

Құрғақ атрофиялық шырышты қабатта қандай қалып алынады?

- компрессиялық (қысым түсіру)

+ қысымсыз

- дифференциалды

- анатомиялық

- функционалды

?

Балауызды базисті окклюзиялық валикпен тексергенде дәрігердің көңіл бөлетін жағдайы?

+ Базистің гипсті модельге тығыз жанасуы

- Келешек протездің шекарасын балауыз базис шекарасына сәйкес келмеуі

- Төменгі балауыз валигінің альвеоло өскінінің дәл ортасында орналасуы

- Жоғарғы балауыз валигінің альвеола өскінінің дәл ортасында орналаспауы

- Базис гипсті модельге тығыз жанаспайды

?

Жасанды тістердің формасын, түсін, көлемін таңдау кезінде қандай жағдай есепке алынбайды?

- Науқастың жасы

- Жынысы

- Бет-әлпетінің анатомиялық ерекшелігі

- Тістесуі

+ Қызыл иектің күйі

?

Жоғарғы жақтың алмалы протездің бірінші коррекциясында базисте қатты таңдай аймағында жарық (трещина) пайда болды, себебі?

+ Протез жасау кезінде текшек торусты ажыратпады?

- Дәрігер окклюзияны дұрыс анықтамады

- Дәрігер беттің төменгі бөлігінің биіктігін дұрыс анықтамады

- Гербст сынамасы жүргізілмеді

- Дәрігер тістерді таңдап егемеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]