- •«Экономикалық теория» пәні бойынша лекциялар курсы
- •1 Тақырып Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен ролі.
- •3.Экономикалық саясат және оның мақсаттары
- •2 Таќырып Ќоѓамдыќ µндіріс негіздері
- •3 Таќырып. Меншік ќатынастары жєне оныњ экономикадаѓы ролі
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •4,1999-2000 Ж.Ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.
- •4 Таќырып. Ќоѓамдыќ шаруашылыќ формалары. Ќоѓамдыќ µндірісті тауарлы ±йымдастыру
- •1. Жеке меншік
- •2.Ұжымдық меншік
- •Серіктестік Кооператив Акционерлік Бірлескен
- •3.Қоғамдық меншік
- •Тақырып Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
- •6 Таќырып. С±раныс пен ±сыныс теориясы.
- •7 Таќырып. Бєсеке жєне монополия
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирма) шығындары мен пайдасы
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •9 Таќырып. ¤ндіріс факторларыныњ нарыѓы жєне факторлыќ табыстардыњ ќалыптасуы
- •Мерзімдік
- •Жалақының формалары
- •10 Таќырып. ¦лттыќ экономика ж‰йе ретінде. Негізгі макроэкономикалыќ кµрсеткіштер.
- •11 Таќырып. Макроэкономикалыќ тепе-тењдік
- •12 Таќырып. Ж±мыссыздыќ пен инфляция макроэкономикалыќ т±раќсыздыќ кµрсеткіші ретінде
- •13 Таќырып. Экономикалыќ µсу жєне экономикалыќ дамудыњ циклділігі.
- •Экономикалық өсудің типтері
- •Экстенсивті тип
- •Интенсивті тип
- •Аралас тип
- •Экономикалық өсудің факторлары
- •14 Таќырып. Елдіњ аќша-несие саясаты
- •Н есиенің түрлері
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •15 Таќырып. Ќаржылыќ ж‰йе жєне мемлекеттіњ фискалдыќ саясаты
Экономикалық өсудің типтері
қосымша
өндіріс факторларын тарту арқылы
ұлттық өнімнің өсуі. техника мен
технологияның жетілдірілуі арқылы
ұлттық өнімнің өсуі.Экстенсивті тип
Интенсивті тип
Факторлардың
өсуімен қатар техника мен технологияның
жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің
өсуі.Аралас тип
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз, өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары
Тікелей факторлар: |
Жанама факторлар: |
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
|
|
Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономиканың ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.
Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:
Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу.
Қатал монетарлық және фискалдық шектеулер қою.
Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.
Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау
Жекешелендіру процесін аяқтау (аграрлық секторда).
Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.
Индустриалдық технология стратегиясын жасау
Өндіріс диверсификациясын жүрзізу.
Өндіріс салаларының бәсеке қабілетін дамыту.
14 Таќырып. Елдіњ аќша-несие саясаты
Лекция жоспары (2 кр. саѓ)
1. Аќша ж‰йесініњ т‰сінігі мен элементтері.Аќша с±ранысы мен ±сынысы.
2. Ќазіргі нарыќтыќ экономикадаѓы несиеніњ ќызметі мен ролі
3. Несие-банк ж‰йесініњ ќ±рылымы
4. Елдіњ несие-аќша саясаты
Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша - бұл жалпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
Құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.
Айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма - қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық қызмет атқарады. (тауар – ақша-тауар)
Төлем құралы. Бұл қызмет тауарды несиеге сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жалақыны және т.б. төлемдерді атқарады.
Қорлану немесе қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және келешекте ұзақ мерзім пайдаланатын тауарларды сатып алу үшін қорланады.
Әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:
Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
Пайдалануға өте ыңғайлы
Мүлтіксіз сақталынуы
Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.
Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.
Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі 2 типке бөлінеді:
металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
Несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады.
Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және керісінше өтеді.
Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады.
Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.
М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп - шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.
М2= М1+мерзімді салымдар.
М3 = М2 + мемлекеттік зайым облигациялары.
Тауар айналымына қызмет ететін ақша айналымы экономикалық заңмен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады:
EС
Аа = ───
А
Мұндағы: EС – тауар бағасының сомасы;
А- бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.
Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш факторға тәуелді:
- айналатын тауар массасымен;
- олардағы баға қозғалысымен;
- ақша айналымының жылдамдылығымен анықталады.
Бірақта, ақша айналым құралы ретінде ғана емес төлем құралы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан, айналым үшін қажетті ақша саны төмендегі формалумен анықталады:
С – Н + Т -Е
Аа = ────────
А
Мұндағы: Аа - айналымдағы ақша саны;
С - өткізуге жататын тауар бағасының сомасы;
Н- несиеге өткізілетін тауар бағасының сомасы;
Т - мерзімі келген төлемдер;
Е - өзара есеп айырысу сомасы;
А – бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.
Төмендегі принциптер бойынша несие – қарызға берілген ақшалар мен тауарлар:
Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.
Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.
Төлем приципі – несиені пайдаланғаны үшін ақы төлеу.
Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда қарыз берушінің мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.
Несиенің дифференциалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.
Несие функциялары:
Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.
Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.
Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.
Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.
Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.
