2.3. Табиғат ескерткіштері
Кең-байтақ даламызда бір кездері мекендеген, бірақ бертін келе жойылып кеткен мамонт, жүндес мүйізтұмсық, керік, тағы баска көптеген хайуанаттардың қазба қалдықтары мен сонау көне дәуір куәлары реликті өсімдіктер мен жануарлар - бұлар миллиондаған жыл бойы тіршілігін жоймай сақталып бізге жеткен табиғатымыздың тамаша ескерткіштері.
Міне, осы табиғат ескерткіштерін корғаудың эстетикалық және ғылыми маңызы орасан зор. Өйткені оларды жан-жақты зерттеу арқылы ғалымдарымызға жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің қалыптасу тарихынан, олардың эволюциялық даму жолынан және табиғаттың басқа да небір жұмбақ сырларын ашу үшін қажетті құнды мәліметтер алуына мүмкіндік туады.
Сондықтан табиғатымыздың мұндай баға жетпес байлығы - табиғат ескерткіштерін қорғап, оны көркейтілген күйінде келешек үрпақка табыс ету - бүгінгі үрпак үшін асыл парыз.
Табиғат ескерткіштері саналатын алып мамонтпен қатар тіршілік еткен ақбөкен, құлан, жұпартышқан, карамойнақ шағала сияқты жануарларды қорғау, олардың қорын молайту жүмыстарын жүргізу ісі бізде біршама дұрыс жолға қойылған болса, екінші жағынан, реликті өсімдіктер мен ертеде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың қазба қалдықтары шоғырланған аумақтар ерекше қатаң қорғауды керек етеді.
Қазіргі кезде елімізде республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіші бар. Олардың екеуі - Шарын шаған тоғайы мен Шыңтүрген шыршалы алқабы Алматы облысының аумағында, ал ертедегі жануарлардың қазба калдықтары шоғырланған "Қазқонақ" ("Гусиный перелет") атты табиғат ескерткіші Павлодар облысының аумағында орналасқан. Осы аталған табиғат ескерткіштерінің бастапкы екеуін корғап, оны күтімге алу жұмыстарын Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы басқармасы жүргізсе, ал "Қазқонақ" ескерткішін сақтап қалу жауапкершілігі Павлодар облыстың табиғат қорғау комитетіне жүктелген.
"Жетісу маржаны" аталып кеткен Шарын шаған тоғайы Алматы облысы, Үйғыр ауданы аумағындағы Сарытоғай сайы арқылы ағып өтетін Шарын өзені жағалауын бойлай орналасқан. Бұл табиғат ескерткішінің казіргі уакытта алып жатқан жалпы жер көлемі - 3150 га, оның 4855 га-сы 25 км-ге созылып жаткан орман-тоғай үлесіне тиеді. Мұнда шаған ағашымен бірге жиде, карағаш және басқа да өсімдік түрлері күтімге алынған.
Биіктігі 25—30 м-ге жетіп, 300 жылға дейін тіршілігін жоймайтын саялы шаған ағашы еліміздің оңтүстік өзендері жағалауында едәуір көп кездеседі. Шарын шаған тоғайы ғалымдардың пікірінше осыдан 5 млн жыл бүрын пайда болған көрінеді. Сондықтан реликті шаған ағашының ең көп шоғырланған осы бір көрікті жерін сақтап қалудың ғылым үшін орасан зор маңызы бар екендігі ескеріліп, 1964 жылы "Табиғат ескерткіші" болып жарияланып, қорғауға алынды.
Көптеген жылдар ішінде небір сұрапыл геологиялық кезеңді басынан өткізген бүл тоғайдың жойылып кетпеуіне осы өзен жағалауының өзіндік ауа райы бірден-бір себепші болған көрінеді.
Шындығында да, бүл жердің ауа райы тоғай өсімдіктеріне, ондағы тіршілік ететін жануарлардың өсіп-өнуіне аса қолайлы. Өйткені Шарын өзенінің 20-100 м-ге дейін жететін биік аңғары айналасындағы шөл даланың қүрғақшылығынан сол маңайды қорғап тұрады. Өзеннен алыстау жаткан жерлерде ылғал сүйгіш шаған ағашының нағыз шөл өсімдігі - сексеуілмен катар өсіп тұрғандығының куәсі боласыз. Мұның өзі шаған ағашының табиғаттың қолайсыз жағдайларынай қаншалықты тезімді екендігін байқатады.
Ескерткіш болып жарияланып, қорғауға алынғанға дейін Шарын тоғайы іргелес жатқан елді мекендерді көптеген жылдар бойы қыстық отынмен қамтамасыз етумен қатар, мал отарларының қыстағы ретінде де пайдаланылған. Сонымен катар шаған ағашының сапалы болуына байланысты ауыл шаруашылығына, авиация өнеркәсібіне қажетті бұйымдар мен баска да бағалы заттар жасау үшін шикізат ретінде көп мөлшерде пайдаланылып келген.
Тек "табиғат ескерткіші" болып жарияланғаннан кейін ғана өрттен, қисынсыз кесілуден қорғау ісі қолға алынып, қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла бастады. Шарын өзенінің сол жақ жағалауымен канал жүргізілгеннен бергі уақыт ішінде ағаштарды суаруға, өзеннің киыршық тасты жерлерін игеруге мүмкіндік туды.
Табиғат ескерткіштерінің бірі - Павлодар қаласының орталығындағы "Қазқонақ". Бүл табиғат ескерткіші дүниежүзілік палеонтология әдебиеттері беттерінен "Гиппарион хайуанаттары" деген атпен орын алып жүр. Ертеде кең-байтақ жерімізде үйір-үйірімен жосып жүрген, бірак кейіннен жойылып кеткен жануар сүйектерінің өте көп шоғырланған бүл жері Ертіс өзенінің жар қабақты оң жақ жағалауынан 2 га-дай шағын аймакты алып жатыр.
Баска жануарларға қарағанда гиппарион жылқысының сүйегі басым болғандықтан, бүл жерді мамандар "Гиппарион хайуанат-тары" деп атады. Үйір-үйір табынымен Сібір және Қазақстан жерінде тіршілік еткен үш тұяқты гиппарион жылқысының екі түрі белгілі. Біреуінің дене тұрқы қазіргі есектен сәл кішілеу, ал екіншісі кәдімгі жылқымен парапар болған.
Мұнда тіршілік еткен керік қазіргі Африка керігіне ұқсағанымен, мойны қысқа өрі аяқтары ұзын болып келген. Бұл жерден мүйізтұмсықтардың, тасбақалардың, құстар мен әр түрлі сүтқоректілердің сүйектерін де кездестіруге болады.
Павлодар гиппарион фаунасы өкілдерінің арасынан жыртқыш жануарлардың сүйектерін де байкау қиынға түспейді.
Аталған табиғат ескерткіштеріне карағанда Шыңтүрген шыршалары атты табиғат ескерткішінің жағдайы біршама жаксы. Өйткені ол елді мекендерден алшақ, Іле Алатауының төрінен орын тепкен. Бозкөл сайында орналаскдн бұл табиғат ескерткішінің алып жатқан жер көлемі 900 га-ға жуык. болса, соның 500 га-сы орман үлесіне тиеді. Шыңтүрген шыршаларының ғылым үшін ерекше маңызы бар екендігін ескеріп, бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1968 жылдың 3 каңтарында бүл аймақ "табиғат ескерткіші" деп жарияланып, корғауға алынды. Қорғау жүмыстарын жүргізу Түрген орманшылығына жүктелген. Бір ескертерлік нәрсе: осы аумақта ескерткіштің маңызы жазылған, көрікті безендірілген белгілер орнатылмаған. Сонымен қатар орман ішінде тазарту жұмыстары қолға алынбаған. Келешекте бұл табиғат ескерткішін сол калпында сақтап қалу үшін іргелес орналаскан Алматы қорығының аумағына біріктірген жөн. Қалған ескерткіштерді төмендегі кестеден көруге болады:
РС |
ЕҚА аттары |
Келемі, мың га |
Қорғалатын объектісі |
Орналасқан орны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Шарын шаған тоғайы |
5014 |
Шаған тоғайы |
Үйғыр ауданы |
2. |
Шыңтүрген шыршасы |
900 |
Реликті шырша |
Вңбекшіқазак ауданы |
3. |
Синегор бауы |
137 |
Реликті қарағай |
Үлан ауданы |
4. |
Қазконак |
2 |
Палеонтологиялык |
Павлодар қаласы, Ертіс |
5. |
Жаңажол |
9 |
Қарағай, мүк, папоротник, т.б. |
Жамбыл ауданы |
6. |
Кұміс бор |
83 |
Реликті карағай |
Қызылжар ауданы |
7. |
Қарағайлы орман |
26 |
Реликті карағай |
-/- |
8. |
Сүйіртөбе |
2 |
Геологиялық |
Еңбекшілер ауданы |
9. |
Реликті көл |
1 |
Реликті жер |
-/- |
10. |
Голочья сопка |
2 |
Геологиялық |
-/- |
|
|
|
|
|
11. |
Көк мыс |
1,2 |
Жылтыр тастар |
Зеренді ауданы |
12. |
Шие түсті мыс |
0,5 |
'-/- |
-/- |
13. |
"Смольная" шоқысы |
1 |
-/- |
-/- |
14. |
"Пожарная" шокысы |
1 |
-/- |
-/- |
15. |
"Стрекач" шокысы |
1,3 |
-/- |
-/- |
16. |
"Орлиния гора" шокысы |
3 |
Гидрологиялык |
Володар ауданы |
17. |
Имантау аралы |
34,4 |
Мойыл |
Арыкбалық ауданы |
18. |
"Обозрение" шокысы |
3,8 |
Жартастар |
-/- |
19. |
Тастағы "Котелок" |
3,9 |
-/- |
-/- |
20. |
Реликті түйык |
2 |
-/- |
-/- |
21. |
Өткір төбе |
3 |
|
-/- |
22. |
"Екі ағайынды" төбесі |
10,5 |
-/- |
-/- |
23. |
Үңгірдегі саркырама |
0,5 |
Геологиялық |
-/- |
24. |
Тесілген төбе |
2 |
Жартастар |
"/" |
