Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-Студ. білімін текс.МАТЕРИАЛД..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Кб
Скачать
☆

12. Төмендегі адамдардың қайсысы Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмысы үшін қр-ның қылмыстық заңдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды?

А) елде тұрақтану ниеті бар шетел азаматы;

В) шетелдік саяхатшы ; С) шетел мемлекетінің сауда өкілі; Д) азаматтығы жоқ адам; Е) шетел тұратын қазақстан азаматы. 13. Қазақстан Республикасының юрисдикциясы тарайтын аумаққа жатпайды?

А) ғарыш кеңістігіне ұшырылған ҚР-на тиесілі объект; В) шетел елшілігінің аумағы; С) шетел портындағы қазақстандық әскери су кемесі немесе әскери әуе кемесі; Д) Қазақстан Республикасының елшілігінің аумағы ; Е) ашық теңіздегі немесе әуе кеңістігінлегі Қазақстан портына тиесілі кеме. 

14. Қылмыс жасалған уақыт деп танылады:

А) қоғамға –қауіпті зардаптар пайда болған уақыт; В) қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт; С) дайындық әрекеттер жүзеге асырылған уақыт; Д) аяқталмаған оқталу жүзеге асырылған уақыт; Е) аяқталған оқталу жүзеге асырылған уақыт.

15. Қандай заң іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын заң деп танылады?

А) жазаның ең жоғарғы мөлшерін төмендететін; В) жазаның ең төменгі мөлшерін кемітетін; С) іс-әрекетті декриминализациялайтын;, Д) балама санкция көздейтін; Е) сотталғандықты жою және алу мерзімін қысқартатын. 16. Заңды талқылауды грамаматикалық, логикалық, жүйелі және тарихи деп түрлерге бөлуге қандай жік (критерий) негіз болған? А) талқылау көлемі; В) талқылау субъектісі; С) талқылау тәсілдері;  Д) талқылаудың құқықтық күші; Е) талқылаудың көлемі мен субъектісі.

17. Қылмыстық-құқықтық норманың қылмысты іс-әрекетті атайтын немесе сипаттайтын бөлігі қалай аталады?

А) санкция; В) норманы қолдану шарты ; С) гипотеза; Д) диспозиция; Е) жазаның түрі мен мөлшері.

18.Қылмыстық-құқықтық норма жазаның екі және одан да көп түрін көздейтін санкциясы қалай аталады?

А) салыстырмалы-айқындалған; В) абсолютті-айқындалған; С) сілтемелі;  Д) балама; Е) бланкетті.

19.Қылмыстың заңға қайшылық белгісінің мазмұны қандай?

А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады; В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады; С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі бір психикалық қатынасымен сипатталады; Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады; Е) мораль талаптарын бұзады. 20. Қылмыстарды санаттарға бөлуге негіз болған жікті(критерийді) атаңыз:

А) қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі; В) кінә нысаны; С) қоғамдық қауіпті зардаптардың сипаты; Д) келтірілген зиян мөлшері; Е) қылмыс субъектісі. 21.Кінәлі түрде істелген төмендегі қылмыстардың қайсысында қылмыстың істелу сатылары болуы мүмкін?

А) салақтықпен жасалған;

В) жеңіл ойлылықпен; С) жанама қасақаналықпен; Д) тікелей қасақаналықпен; Е) қылмыстық пиғылмен.

22. Төмендегі белгілердің қайсысы қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайды?

А) кінә; В) субъектінің жасы; С) мақсат; Д) себептілік байланыс;  Е) есі дұрыстық.

23. Қылмыс құрамының элементтерінің қатарына жатпайды:

А) қылмыс құрамының объективтік жағы; В) қылмыс құрамының субъективтік жағы; С) қылмыс субъектісі; Д) қылмыс заты; Е) қылмыс объектісі.

24. Қылмыс объектісінің қай түрі «қылмыстық қол сұғушылықтан» қылмыстық заңның көмегімен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп анықталады?

А) жалпы объект; В) топтық объект;, С) түрлік объект; Д) тікелей объект; Е) факультативтік объект.

25. Ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлардың қылмыс құрамдары қалай аталады? 

А) қарапайым қылмыс құрамы; В) негізгі қылмыс құрамы; С) сараланған қылмыс құрамы; Д) формальдық қылмыс құрамы; Е) балама қылмыс құрамы.

26.Қылмыстық заңда көзделген қауіпті зардаптар аяқталған қылмыстың қажетті белгісі болып табылатын қылмыс құрамдары қалай аталады?

А) күрделі қылмыс құрамы; В) формальдық қылмыс құрамы; С) материалдық қылмыс құрамы; Д) жеңілдетілген қылмыс құрамы; Е) балама қылмыс құрамы.

27. Қылмыстың кінәлілік белгісінің мазмұны қандай?

А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады; В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады ; С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі психикалық қатынасымен сипатталады; Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады; Е) мораль талаптарын бұзады.

28. Жасөспірімдерге тағайындалуы мүмкін бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғарғы шегі қанша жыл ?

А) он жеті жыл; В) он бес жыл; С) бес жыл; Д) он жыл; Е) жиырма жыл.

29. Сыртқы көрінісі белсенді іс-әрекетпен немесе нақты іс-әрекетті орындаудан бұлтарумен сипатталатын қылмыстық заңда тыйым салынған адамның саналы, ерікке бағынған іс-қимылы қалай аталады?

А) қоғамдық қауіпті іс-әрекет; В) қоғамдық қауіпті әрекетсіздік; С) қоғамдық қауіпті әрекет; Д) қылмыс жасау тәсілі; Е) қылмыс жасау құралы.

30.Аса қауіпті қайталау (рецидив) болып танылғандар бас бостандығын айыру жазасын қайда өтейді?

А) қоныс-колониясында;

В) жалпы режимдегі ТК-да; С) ерекше режимдегі ТК-да; Д) қатаң режимдегі ТК-да; Е) күшейтілген режимдегі ТК-да.

31.Егер сотталған адам түзеу жұмысынан жалтарған болса, онда сот:

А) түзеу жұмысын бас бостандығынан айыру жұмысымен алмастырады; В) ондай адамды түзеу жұмысын өтеу үшін басқа жерге жібереді; С) түзеу жұмысын айыппұлмен алмастырады; Д) түзеу жұмысын бас бостандығын шектеумен ауыстырады; Е) түзеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен ауыстырады.

32. Аралас жазаға жататындар:

А) бас бостандығынан айырмай түзеу жұмысы; В) белгілі бір лауазымды қызметте болу немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдану құқығынан айыру; С) қамауға алу; Д) бостандықты шектеу; Е) мүлкін тәркілеу.

33.Аяқталу сәті қылмыстық әрекеттің алғашқы сатыларына көшірілген қылмыс-құрамдары қалай аталады?

А) формальдық қылмыс құрамы; В) қарапайым қылмыс құрамы; С) күрделі қылмыс құрамы; Д) материалдық қылмыс құрамы; Е) жеңілдетілген қылмыс құрамы. 34. Қылмыс жасағаны үшін қоныс колониясында жазасын өтейтіндер:

А) қасақана қылмыс үшін сотталғандар; В) бірінші рет қасақана ауыр қылмыс үшін сотталғандар; С) бірінші рет абайсыздықпен істелген қылмыс үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге сотталғандар; Д) жазаның мөлшеріне қарамастан бірінші рет ауыр емес қасақана қылмыс жасағандар; Е) екінші рет қасақана қылмыс жасағандар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]