Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 9 ОСД.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9.2.Ағаш элементтерін байланыстыру амалдары.

Ағаш элементтерін байланыстырудың келесі амалдарын айыруға болады: топтастыру (жалпақ көлем беру үшін жанындағы қырларын қосу), тұтастыру ( көлденең орналасқан бөлшекке ұзындық элементтерін біріктіру), ұзарту (тігінен орналасқан бөлшекке элементтерді қосып ұзарту).

Тақтайларды топтастыру тығыздалынып, қырлы (45градуста кесіледі) орындалады. Бұл амалдарды орындаған кезде, тақтай кепкеннен соң оның аралары ашылып, саңылау қалады. Кейбір құрылымдарда саңылау қалдыруды қажет етпейді, және қалдыруға болмайды да. Ондай кездерде топтастыру тәсілі арқылы жүзеге асады.

Бұл әдістің орындалуы қарапайым, бірақ материалды үнемдей алмайсыз. Материалды үнемдеумен бірге оны тығыз байланыстыру үшін топтастыру мен тығындау тәсілін пайдалануға болады.

Тығындап байланыстыру қырқаның көмегімен тақтайдың бір жақ ойылған қабырғасына келесісін ою арқылы және осы ойық арқылы өтетін жіңішке тақтайша арқылы іске асады.

Әрине, бұл әдісті қолдану үшін, қолда дайын, механикалық өңдеуден өткен тақтайлар болған жағдайда іске асады.

9.2 - сурет. Ағаш элементтерін балқыту:

а – нығыздап; б – пышақпен; в – жапсарлай; г – вразбежку;

д – төртке бөліп; е – шпунт; ж – екі жақты саңылау;

з – бөренелер мен тақтайлардың бірігуі; 1 – нагель (шкант); 2– саңылауларды кесу

Бөренелер мен қырлы ағаштармен топтастыру тәсілі ағаш қабырғаларды шабу жұмыстарында қолданылады. Топтастырмастан бұрын борланған шнурдың көмегімен белгілеп алынады (егер құрылыста қолмен шабатын болса). Ал зауытта кесу тәсілі арнайы кесетін станоктың көмегімен жүргізіледі, станокпен цилиндр кесіп, бөрененің биіктігі мен қырлы ағашты нагелиямен қосады.(9.1.з.сурет)

Бұрышын бөрене мен қабырғадың ойып шабу арқылы жүзеге асырылады.(9.3.сурет).

Бөрене, қырлы ағаш немесе тақтайларды ұзыны бойына қосу (көлденеңіне) жоғарыда айтқандай тұтастыру деп аталады. Бұл тәсілді құрылымның ұзындығы қолда бар құрылыс материалдарынан ұзын болған жағдайда қолданылады.Тұтастыру тәсілін пайдалану құрылымның түріне және салмағына байланысты, қолданылатын элементтер бір-біріне жақын,қабырғаты ағаштан, бір не екі жақты накладкалармен, темір қапсырмамен, сым орамамен және т.б. жүзеге асады.

Сурет 9.3. Бөренелердің кесілген бұрыштарын жалғау:

а – в лапу без остатка; б – «в обло»

Тұтастыру - көлденең бағытта бөрене және қырлы тақтайларды ұзынына жалғастыру (9.4.сурет). Көбіне жалғастырудың қарапайым түрі- тікесінен қабыстырып қосу, ағаштан тиек жасау арқылы жүзеге асады немесе бөрененің жоғары жағы жылжымас үшін темір тиектерді пайдаланады. Қабырғатылай тік жапсырманы бүйіржағымен түгелдей қосып, қосымша бұратпамен немесе темір тиек арқылы бекітіп, орындауға да болады.

Сурет 9.4. Ағаш элементтерді ұзарту:

а – вполдерева со скошенными торцами;

б – в прямой притык с шипом

9.3. Ағаш құрылымдарды дайындау және құрастыру.

Ағаш өңдеу үшін әртүрлі құрал- саймандар мен жабдықтарды қолданады. Ағаш өңдейтін мекемелерде ағаш пішу станогы, қырлы ағаштар, қалқандар, тақта материалдары, қиюластырғыш (фуговальный), сызба сүргі (рейсмусовый), сүргілеуга арналған төрт жақты станок, жылтыр да білікті сүргілеу үшін фрезерлі станокты, бұрғылауыштар, тесуге оюға арналған қашауыш станоктарын, тікенек кесетін станоктарды және т. б. пайдаланады.

Қол жұмыстарында мынандай құрал-саймандарды пайдаланады: ара, балта,сүргі,қашау, айқыш қашау, бұдыр қашау және электрленген құралдар: шынжырлы немесе дисклі аралар, электр сүргілер, электр бұрғылар, электр қашауыштар, бұрғыға арналған саптамалар және белгілейтін, өлшейтін, тексеретін құралдар: жиналмалы метр, өлшеуіш, белгілейтін циркуль, бұрыштық, уровень, отвес, рейсмус (сызба сүргі).

Ағаш құрылыс құрылымдарын, негізі арнайыланған ағаш өңдеушілер немесе үй тұрғызатын мекемелер әзірлейді. Құрылыс алаңына шығыр (блок) немесе жабынды қалқаны, аралық қалқан, ферм,терезе мен есік шығырлары құрастыруға әзір күйінде келеді.

Ағаш құрылымдарды құрастыруға түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы: жеке бөлшектер, бөлшектелінген немесе дайын құрылым күйінде.

Көбірек жетілдірілген құрастыру дайын терезе мен есік шығырлары, аралық секциялар, жиналған жақтаулар, ферм. Бұл тәсілмен жұмыс жасағанда құрылым құрастырарда жобада белгіленіп, құрылым уақытын азайтып және де арзанға түсуге септігін тигізеді.

Бірнеше элементтен құралған бөлектенген шығырлар (блок) құрастырғанда бір толық бекіткіш болатын тәсілді қолданған тиімді.

Мысалы төбе жабындысына пайдаланатын ірі элементтерді 9.5. суреттен көруге болады. Дайын құрылымды көтеріп, құрастыру крандарымен жинау, құрылымның жиналуын тездетеді.