Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Последний вариант Книги Анатомия.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5-сурет. Жауырын.

  1. Жоғарғы шеті.

  2. Медиан шеті.

  3. Латераль шеті.

  4. Жоғарғы бұрышы.

  1. Құстұмсық өсіндісі.

  2. Акромион.

  3. Буын ойығы.

  4. Қабырғалық беті.

Қолдың еркін сүйектері

Қолдың еркін сүйектері үш бөлімнен тұрады. Олар: қар, білек және қолбасы сүйектері.

Қар сүйегі(плечевая кость, humеr) бір ғана сүйек, ол “тоқпан жілік” деп аталады. Ол білектің қатар жатқан екі сүйегімен - шынтақ және шыбық сүйектен құралатын кәрі жілікпен жалғасады. Ал жоғарғы домалақ басы жауырынның буын ойығына бірігеді.

Қар сүйегі- ұзын түтікше. Оның екі ұшы(эпифизі), денесі (циафиз) бар, олардың аралығы — “метафиз” деп аталады (6-сурет).

6-сурет. Қар сүйегі. (тоқпан жілік). 1.Басы. 2.Анатомиялық мойын. 3.Үлкен томпағы. 4.Кіші томпағы. 5.Томпақ аралық 6.Хирургиялық мойын. 7.Денесі. 8. Шынтақ ойығы. 9.Медиал айдаршық 10.Латераль айдаршық.

Тоқпан жіліктің басы шар іспетті домалақ, ол жауырынның буын ойығына кіреді. Жіліктің шар басының қатарында екі томпақ бар. Алдыңғысы кішкене, ал латераль яғни сыртта орналасқаны үлкен.Бұл екі томпақтың арасыннан томпақ аралық сай өтеді. Жіліктің басы мен томпақтарының арасындағы ойықты — жіліктің “анатомиялық мойыны” деп атайды. Ал сүйектің эпифизінің, яғни жіліктің басы мен томпақтарыннан төменде, оның денесіне өтер жерінде, тоқпан жіліктің хирургиялық мойыны бар. Хирургиялық мойын тоқпан жіліктің ең осал жері, көбіне жілік осы жерден сынады. Жіліктің денесінде дельта тәрізді бұлшықеттер жабысатын бұдырмақтар, жүйке өтетін сайлар, алсүйектің ішінде жүйке мен тамыр өтетін тесік бар. Тоқпан жіліктің төменгі ұшы қырлы болып келген. Онда білек сүйектері келіп бірігетін шұңқыр бар, ал екі бүйірінде — медиальжәне латераль айдаршықтар, айдаршық сүйірі. Айдаршық басының үстіңгі жағында екі шұңқыр тұр. Алдында тәждік, артында шынтақ өсіндісінің шұңқыры, шыбық шұңқыры орналасқан. Үлкен және кішкене бұдырларға, айдаршық үстіне, бұлшық еттер жабысады. Білек сүйектері (кости предплечья)қатар жатқан екі сүйектен — шынтақ немесе кәрі жілік пен шыбықтан құралған.Шынтақ сүйегі, кәрі жілік (локтевая кость,ulna) білектің ішкі жағында,қолдың шынтақ яғни 5саусақтың тұсында.(7 сурет). Терінің сыртынан сипағанда оның қыры білінеді. Кәрі жілік – ұзын түтікше сүйек. Оның денесі диафиз, үш қыры, екі ұшы(эпифиз) бар. Сүйектің денесі үш қырлы.Оған қарай алдыңғы,артқы және медиаль беттері және алдыңғы артқы шеттері бар.Жіліктің жоғарғы,яғни проксималь ұшында екі өсінді бар.Олар:алдыңғы тәждік,артқысы үлкенірек-шыбықтық өсінді.Екі өсіндінің арасында жарты айшалау ойық бар.Тәждік өсіндінің бүйіріндеті буындық ойыққа шыбықсүйегініңбасы тұтасады.Кәрі жіліктің төменгі басының ішкі медиаль шетінен біздей өсінді шығып тұрады(7-сурет). Шыбық сүйегі (лучевая кость,оs radialis) түтікше ұзын сүйек.Оның алдыңғы және артқы латераль беттері бар.Жоғарғы (проксималь) ұшы дөңгеленіп,жіліктің басы пайда болған.Ол кәрі жіліктің айдаршығына сәйкестеніп, сәл иіліңкіріген. Шыбық сүйегінің басында кәрі жіліктің шыбықтық ойығымен тұтасатын буын айналмасы бар.Шыбықтың басының денеге өтетін жерінде сүйектің мойыны тұр.Сүйектің төменгі (дисталь) ұшы қалыңдау,оның медиаль бетінде шыбықты кәрі жілікпен тұтастыратын шынтақ ойығы,ал оған қарама-қарсы сүйектің латераль бетінде біздей сүйірше жатыр.Шыбық сүйегіқолдың қоспасымен төменгі буын беті арқылы тұтасады.Шыбық сүйегінің екі ұшында,оның денесінде,сіңір мен бұлшық ет келіп жабысатын,төмпешіктер мен бұдырмақтар бар.

7-сурет. Білек сүйектері.

А. Шынтақ сүйегі. Б. Шыбық сүйегі. 1. Шынтақ өсіндісі. 2. Тәждік өсіндісі. 3. Жарты ай ойығы. 4. Бұдыры. 5. Денесі.6.Біз тәрізді өсінді. 7. Шыбықтың басы. 8. Шыбықтың денесі. 9. Біздей өсінді.