- •Мазмұны
- •1.2. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің ара-қатынасы.....................................5
- •2.1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері..........................5
- •2.2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері.........................................22
- •1.2. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы.
- •2.1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
- •2.2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері
- •Заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар:
- •Занды жауапкершіліктің функциялары:
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Қорыта айта келе, қоғамдық тәртіп орнатудың басты жолы — түрлі әлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлқын реттейтін қағидалардың орын алуы. Қоғамдық төртіптің бір бөлігі бұл — дәстүрлік тәртіп. Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны — әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Мәселен, казақ халқының әдеттерінің заң сияқты күші болған. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған.
Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі — әдептік нормалар. Ол әдептік тәртіпті реттейді. Әдептік нормалардың құқық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Негізінен адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тәртіп орнатуға ұйытқы болады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі-негіз болып отырған. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғүрлым заңдардың әлеуметтік, адамгершілік мәні жоғары болады.
Қоғамдық ұйымдардағы тәртіпте қоғам бірлестіктерінің нормаларымен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда айтып өткен қоғамдық тәртіптің әрбір бөлігі өзіне тән ережелермен реттеле келіп, нәтижесінде толыққанды қоғамдық тәртіп орнап, құқық бұзушылыққа қарсы үлкен тосқауыл орнатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин «Құқықтану», Алматы, 2006 жыл
Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері», Алматы, 2003 жыл
Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова «Құқықтану», 2007 жыл
Копабаев О., Озбекулы С. : Мемлекет және құқық теориясы
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, 1997жылы.
Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы, Алматы, 2005.
Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Т12. Алматы: “Жеті Жарғы”,2003.
Оспанов Қ.И. Құқық негіздері., Алматы “Жеті Жарғы”,2010.
Введение в политологию. Авт.- сост. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Алматы: Жеті жарғы, 1998.
Ағыбаев А.Н. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Алматы. 2002.
Артемов В.М. Правопорядок в современном российском обществе: социально-философский анализ. Дисс. докт. филос. наук. Москва. 1999.
Конституционное (государственное) право зарубежных старан / Под ред. Б. А.Страшуна. Т.1. М., 1993.
Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. 5-е изд. М., 1996.
Нудненко Л.А. Теория демократии. М.: Юристь, 2001.
Денисов. А.И. Основные черты социалистической демократии в СССР. М., 1966.
