- •Басқарушылық процесс және оның элементтерi
- •Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
- •2 Тарау Менеджменттің мәні
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi
- •Менеджмент түрлері
- •3 Тарау Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар
- •Басқару объектілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қатынастар
- •Менеджер және оның қызметтері
- •Менеджерлердің рөлдері
- •4 Тарау Басқарудың шетелдік тәжірибесі
- •Жапондық менеджмент
- •Американдық және жапондық менеджерлердің ерекшеліктері
- •5 Тарау Басқарудағы жүйеліК тәсілдеменің негіздері
- •Жүйелер және олардың қасиеттерi
- •Жүйелердiң түрлерi
- •Басқару жүйесі және оның элементтерi
- •Өндірісті басқарудағы жүйелiк тәсiлдеме
- •6 Тарау Менеджмент эволюциясы
- •Менеджмент ғылымының дамуы
- •Басқарудағы түрлі мектептерді бөлу
- •Процестік тәсілдеме
- •Жағдайлық тәсілдеме
- •7 Тарау Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері
- •Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшудің негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы
- •Басқаруды ұйымдастыру
- •8 Тарау Ұйым туралы түсінік және оның түрлерi
- •Ұйымның түрлерi
- •Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
- •Қазіргі заманғы менеджер үлгісі
- •9 Тарау Ұйым мақсаттары және олардың жіктелуі
- •Мақсаттарды жiктеу
- •Мақсатты құру
- •Мақсаттар бойынша басқару
- •10 Тарау Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •Ұйымның ішкі айнымалылары
- •Тура әсер ету ортасы
- •Жанама әсер ету ортасы
- •11 Тарау Басқарудың ұйымдық құрылымы мен басқарылу нормасы
- •Басқарудың ұйымдық құрылымы туралы түсінік
- •Ұйымды басқарудың бюрократиялық құрылымы
- •Дивизионалдық құрылым
- •Ұйымды басқарудың органикалық құрылымы және оның түрлері
- •11.4. Матрицалық құрылымның схемасы
- •12 Тарау Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары
- •Коммерциялық ұйымдар
- •Коммерциялық емес ұйымдар
- •Шетелдік бірлестік нысандары
- •13 Тарау Әрекеттестікті ұйымдастыру және өкілеттіктер
- •Жауапкершілік, өкілеттік және өкілеттіктерді табыстау
- •Өкілеттік тұрпаттары
- •Өкілеттіктерді табыстауды тиімді ұйымдастыру
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпараттық жүйелер
- •15 Тарау Менеджменттегі коммуникация
- •Коммуникациялар және олардың түрлері
- •Коммуникациялық процестің элементтері мен кезеңдері
- •Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілер
- •Ұйымдық коммуникациядағы кедергілер және оның тиімділігін арттыру тәсілдері
- •16 Тарау Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
- •Шешім қабылдау процесінің түсінігі
- •Басқарушылық шешімдерді жіктеу
- •Шешiм қабылдау кезеңдері
- •Басқарушылық шешiмдердi қабылдау әдiстерi
- •Басқарушылық шешім қабылдау процесіне әсер ететін факторлар
- •Коммерциялық және фирмаiшiлiк есеп
- •Баға және баға белгiлеу механизмi
- •18 Тарау Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
- •Әлеуметтік-психологиялық әдістердің жалпы сипаттамасы
- •Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •Басқарудың психологиялық әдістері
- •19 Тарау Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің мәнi мен негіздері
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерін жіктеу
- •Басқарудың ұйымдастыру-өкімдік әдістерінің негізгі сипаттамалары
- •Ұйымдастыру қағидалары
- •Басқарушылық қызметтің ерекшеліктері
- •21 Тарау Менеджменттегі жоспарлау
- •Жоспарлау түсінігі
- •Жоспарлау тұрпаттары, түрлері мен нысандары
- •Ұйымның жұмысын стратегиялық жоспарлау
- •Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау
- •Тактикалық және фирмаішілік жоспарлау
- •22 Тарау Менеджменттегі уәждеме
- •Уәждеменің негізгі түсініктері
- •Уәждеменің мазмұндық теориялары
- •Бастапқы
- •1. Маслоу теориясы:
- •2. МакКлелланд теориясы:
- •3. Герцберг теориясы:
- •Уәждеменің процессуалдық теориялары
- •23 Тарау Менеджмент жүйесiндегі бақылау
- •Бақылаудың мәнi мен қызметтерi
- •Бақылау түрлерi
- •Бақылау процесiнiң кезеңдерi
- •Бақылауды ұйымдастыру нысандары
- •Тиiмдi бақылаудың сипаттамасы
- •Контроллинг түсiнiгiнiң негiздерi
- •Бейресми ұйымдар
- •Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары
- •25 Тарау Басшылық: билiк пен жеке ықпал
- •Билiк, ықпал, лидер
- •Билiк пен ықпал нысандары
- •Сендiру және қатыстылық
- •26 Тарау Лидерлік: стиль, жағдай мен тиімділік
- •Лидерлік теорияларына шолу
- •Лидерлікке мінез-құлықтық көзқарас
- •Блэйк пен Моутонның басқарушылық торы
- •Лидерлікке жағдайлық көзқарас
- •27 Тарау Жанжалды, өзгерістер мен стресті басқару
- •Жанжалдың тұрпаттары мен себептері
- •Жанжал процесiнiң үлгiсi
- •Жанжалдық жағдайды басқару
- •Өзгерістер мен стрестерді басқару
- •28 Тарау Фирманың кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың түсiнiгi
- •Еңбек ресурстарын қалыптастыру
- •Еңбек ресурстарын дамыту
- •Еңбек өмiрiнiң сапасын арттыру
- •Басқару мәдениетiнiң элементтерi
- •30 Тарау Басқарудың корпоративтiк мәдениетi
- •Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
- •Сыртқы орта және мәдениет
- •Корпоративтiк мәдениеттiң жiктелуi
- •31 Тарау Менеджердiң iскерлiк этикетi
- •Этикет – адам мiнез-құлқын реттеу нысандарының бiрi
- •Сөйлеу мәдениетi
- •Қызмет бабындағы қарым-қатынастар
- •Келiссөздер стилi
- •Кеңсенi безендiру
- •Пайдаланылған әдебиет
Менеджмент курсының мазмұны мен міндеттері
Нарықтық экономика маман-басшылардың бiлiктiлiгiне жоғары талаптар қояды. Кәсiпорынның жоғары басшылығының маңызды қызметi нарықтық критерийлерге бағдарланған тиiмдi стратегияны әзiрлеу мен iске асыру болып табылады. Жаңа шаруашылық жағдайларда әрекет ете алатын ұйым дамуының мүлдем жаңа тұжырымдамасы қажет. Өнiмдi әрдайым жаңарту жекелеген кәсiпорындардың әрекет етуiнiң, Қазақстан экономикасының тұрақтануы мен одан әрi гүлденуiнiң анықтағыш факторы болуы тиiс.
Менеджменттiң алдыңғы қатарлы мiндетi қызметкерлердi жаңашылдыққа ынталандыратын шығармашылық инновациялық ахуалды, ұйымдық мәдениеттi құру болып табылатындығын ескерген жөн. Кәсiпорындардың басшылары технологиялық және ұйымдық өзгерiстердi iске асыру саласындағы бастамашылар болуы тиiс. Табыстың маңызды факторы жаңа типтегi – жоғары кәсiби, экономикалық, әлеуметтiк және технологиялық сұрақтардың кең аясында бiлiмдар, кәсiпорын қызметiнiң нәтижелерi үшiн жауапкершiлiк сезiмi жоғары – басшыларды теориялық және практикалық үздiксiз үйрету болуда.
Осы тұрғыдан маман менеджерлердi даярлауға жоғары талаптар қойылады. Олардың менеджмент теориясы мен тәжiрибесiн бiлуi мiндеттi. Онсыз өндiрiстi басқару саласында тиiмдi жұмыс iстеу мүмкiн емес. Сондықтан да экономикалық пәндердi оқытуда менеджмент барған сайын алдыңғы қатарларға шығуда.
Ғылыми пән ретiнде менеджмент экономикалық ғылымдар жүйесiне жатады. Бұл жүйеде экономикалық ғылымдардың үш негiзгi тобын атап өтуге болады:
жалпы экономикалық ғылымдар – жалпы теориялық және тарихи тұрғыдан өндiрiстiк қатынастарды зерделейдi (экономикалық теория, экономикалық iлiмдер тарихы);
арнайы экономикалық ғылымдар – өндiрiстiк қатынастардың жекелеген қырларын және экономиканың макро-, мезо- және микродеңгейiндегi олардың елеулi белгiлерiн қарастырады (менеджмент, қаржы, бухгалтерлiк есеп, экономикалық талдау, еңбек экономикасы және т.б.);
салалық экономикалық ғылымдар – ұлттық экономиканың жекелеген салаларындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерiн, нақты салалардың заңдылықтары мен тенденцияларын, кәсiпорынды ұйымдастыру мен басқаруды зерделейдi.
Жалпы теориялық тұрғыдан менеджмент экономикалық пәндердiң жалпы жүйесiндегi осы пәннiң рөлiн жақсырақ түсiнуге мүмкiндiк беретiн кәсiби бiлiм беру жүйесiнде келесi негiзгi функцияларды атқарады:
Ғылыми функция – кәсiби бiлiм беру жүйесiндегi шаруашылық қызметтiң негiзгi түсiнiктерi мен заңдылықтарын қалыптастыра отырып, менеджмент жұмыс күшiн дайындау, бөлу және пайдаланумен байланысты күрделi процестердi теориялық ұғынуға және iс жүзiнде игеруге мүмкiндiк бередi.
Танымдық функция – менеджмент экономиканы басқару заңдылықтарының мәнiн түсiнуге, ұлттық шаруашылық үшiн мамандарды даярлау өрiсiндегi түрлi экономикалық процестердiң күрделi өзара байланыстарын ұғынуға көмектеседi.
Болжамдық функция – шешiм қабылдау процестерiнде менеджментте экономикалық болжамдар мен ықтимал көрсеткiштер, ғылыми-техникалық прогрестің тенденциялары мен бағыттары, экономикалық өсу нұсқалары және т.б. маңызды мәнге ие болады.
Тәжiрибелiк функция – кәсiби бiлiм беру жүйесiнде экономикалық процестердiң даму заңдылықтарын меңгерiп, менеджмент бiлiм берудегi инновациялық технологияларды, экономикалық идеяларды iске асыру жолдарын анықтайды.
Менеджмент курсының мақсаты мен мiндеттерi болашақ менеджерде еңбектi уәждемелеу жүйесi арқылы қызметкерлердiң еңбек қызметiн басқаруға, ғылыми негiзделген басқарушылық шешiмдер қабылдауға, өзге адамдардың қызметiн құрылымдауға, ұйымды басқаруға мүмкiндiк беретiн нақтылы бiлiм мен тәжiрибелiк дағдыны қалыптастырудан тұрады.
