Сертификаттау сұлбалары
Сертификаттау – сертификаттау жүйесінде орнатылған сұлбалар бойынша жүргізіледі. Сертификаттау сұлбасы – бұл өнімнің, қызметтің, сапа жүйесінің және персоналдың сәйкестігін бағалау кезінде үшінші жақ құрамы және әрекеттер реті; Әдетте сертификаттау жүйесі бірнеше сұлбаларды қарастырады. Сұлбаны таңдау кезінде өтініш берушінің ыұтимал шығындары, талап етілетін дәлелдеу деңгейі, нақты өнімді жабдықтау және қолдануғ сынау, өндіру ерекшеліктері ескерілу керек.
1сұлба аккредитацияланған сынау зертханасында өнімнің типтік үлгісін сынауды қарастырады.
2 сұлба 1 сұлбаға қосымшаны қарастырады (өнімге сертификат берілгеннен кейін) – сатушыдан алынған өнімді аккредитацияланған сынау зертханасында сынау жолымен сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау жүргізеді.
З сұлба 1 сұлбаға қосымшаны қарастырады (өнімге сертификат берілгеннен кейін) –тұтынушыға жіберер алдында өндірушінің дайын өнімдер қоймасынан алынған өнімді аккредитацияланған сынау зертханасында сынау жолымен сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау жүргізеді.
4 сұлба өнім үлгісін сынауға (1-3 сұлбадағы сияқты) , ары қарай сатушыдан, сол сияқты өндірушіден алынған үлгілерге сынау жүргізу жолымен сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауға негізделеді.
5 сұлба өнімді сынауға және өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттауға, ары қарай сатушыдан және өндірушіден алынған үлгілерді сынау жолымен инспекциялық бақылау жүргізуге негізделеді.
6 сұлба өндірушіде сапа жүйесін сертификаттауды қарастырады, оны аккредитацияланған орган орындайды. Өндірушімен өндірілген, осы өнімді өндіруге ұатысты сапа жүйесіне сертификат алған өнім үшін сертификат беру үшін өнімнің орнатылған талаптарға сәйкестігі туралы өндірушінің өтініш декларациясы негіз болады.
7 сұлба аккредитацияланған сынау зертханаларында әрбір дайындалған үлгіні сынауды қарастырады.
8 сұлба аккредитацияланған сынау зертханаларында өндірілген өнім партиясынан алынған үлгілер іріктемесін сынауды қарастырады.
9 және 10 сұлбалар өндіруші жағынан ілестірілетін ұүжаттарға сәйкестігі туралы декларацияны қарастыруға негізделген.
Қызмсеттерді сертификаттауда олардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, біршама басқа сұлбалар қолданылады (2 кесте).
1 сұлба қызметті орындаушы шщеберлігін бағалауды қарастырады: жұмыс істеу жағдайын, технологиялық, нормативті құжаттарды білуін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыру туралы мәліметтерді, қызмет нәтижесін іріктеп тексереді, инспекциялық бақылаудыы.
2 сұлба төменде келтірілген 2 әдiспен өндiрiп ала алатын қызмет көрсетуiнің процессінiң бағалау үшін қарастырылған:
1) Технологиялық процесстерді, орындаушының шеберлігі, қызмет көрсетуін тексеру;
Сапа жүйесін бағалау.
1 әдiс бойынша тексеру кезінде технологиялық құжаттардың толықтығы, жабдықт ардың орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі, орындаушы біліктілігі, жұмыс тәртібін қадағалау, бақылау аспаптарының болуы және т.б. бақыланады.
2 әдіс бойынша тексеру кезінде сапа саласындағы саясат,сапа басшылығы, сапа жүйесі элементтерінің сәйкестігі, осы жүйенің тиімділігі және т.б бақыланады.
3 сұлба қызмет көрсету нәтижелерінің толық тексерісін қарастырады және материалдық қызметін сертификаттау үшін қолдануы мүмкін.
4 сұлба кәсіпорынды аттестаттауды қарастырады. Бұлматериалды-техникалық базаны, санитарно-гигиеникалық жағдайды, қызмет көрсетудің сапасын және ассортиментінен, персоналдың шеберлігін және т.б. тексеру.
Инспекциялық бақылау әлеуметтік сауалнама жүргізу жолымен іске асады.
5 сұлба сапа жүйесін сертификаттауды және қызмет ету тұрақтылығын инспекциялық бақылауды қарастырады.
2 кесте – Қызметтерді сертификаттау сұлбасы
Сұлбаның нөмірі |
Орындаушының шеберлігін бағалау |
Қызмет көрсеу процессін бағалау |
Кәсіпорынды аттестаттау |
Сапа жүйесін сертификаттау |
Қызмет көрсету нәтижелерінің іріктеп тексеру |
Инспекциялық бақылау |
1 |
+ |
|
|
|
+ |
Қызмет көрсету нәтижелерін тексеру |
2 |
|
+ |
|
|
+ |
Қызмет көрсету процессін стандарттау тұрақтылығын бақылау |
3 |
|
|
|
|
+ |
Қызмет көрсету нәтижелерін іріктеп тексеру |
4 |
|
|
+ |
|
+ |
Қызмет көрсету нәтижелерін іріктеп тексеру |
5 |
|
|
|
+ |
|
Жүйенiң қызмет етуін стандарттау тұрақтылығын бақылау |
Еуропа одақ елдерінде сертификаттаудің аналогтық сұлбасы қолданылады. Оларда модульді құрылымды – 3 кесте және өзіндік қолдану ерекшелігі. Бұл Еуропадағы сертификаттау және аккредитация жөнінде «жаһандық концепциямен» түсіндіріледі. Өнім қауіпсіздігі жөнінде ЕО дерективасы оны өндіруші кәсіпорында сәйкестікті бағалау үшін белгілі бір модульді қолдануды қарастырады. А, В, G, Н модульдерінің біреуін немесе олардың комбинациясын қолдану қауіпсіздік көрсеткіштерін дұрыс бағалау дәлелі болып табылады. Егер өнім теңгерілген дерективтер талаптарына жауап беретін болса, өндіруші оның арнайы белгімен СЄ таңбалануын жүзеге асырады.
Сәйкестік бағалау модульдері өнімдерді құрудың екі кезеңін де қамтиды: жобалау және өндіру. Аталған модульдердің әрқай сысы қажет болған жағдайда нақты дерективтердің талаптарына сәйкес толықтырылуы мүмкін. Өнімнің сәйкестігітуралы өндіруші декларациясы және модульдерді қолдану нәтижесі бойынша белгіні басуы сапа белгісі немесе нарыққы шығуына рұқсаты болып табылмайды. Бұл ЕО еркін сату кепілдігі болып табылады.
