Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биоресурс Айым.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26 Кб
Скачать
☆

8.3.2 Тұқымдастық – Семейство: Аюлар-Медвежьи – Ursidae

Қоңыр аю – Бурый медведь - Ursus arctos Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 2 түршесі бар: U.a.isabellinus – тянь-шань аюы – тянь-шаньский медведь (8.3.2.1- сурет) және U.a.jeniseensis – оңтүстік сібір аюы – южносибирский медведь. Тұрғылықты аңдар. Қыста ұйықтайды. Тянь-шань аюы Тянь – Шаньда, Жетісу Алатауында, оңтүстік сібір аюы – Алтайда таралған. Тауларда мекендейді. Өсімдік тектес азықтармен: жидектер, жемістер, сиректеу жабайы және үй жануарларымен қоректенеді. Қоңыр аю 2-3 жылда бір рет көбеюге қатысады, көбіне егіз, сирек жалқы және 3-тен қонжық туады. Тянь-Шань аюы Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген; оңтүстік-сібір аюы әуесқой және кәсіби аңшылық нысаналары.

8.3.3 Тұқымдастық – Семейство: Жанаттар – Енотовые – Procyonidae

Жанат – Енот-полоскун - Procyon lotor Linnaeus, 1758.

Қазақстанда нағыз жанат түршесі кездеседі (8.3.3.1-сурет). Қыста ұйықтайды. Батыс Тянь-Шаньда жерсіндірілген. Өгем және Қаржантау жоталарында мекендейді. Орман тұрғыны. Қос мекенділермен, бауырмен жорғалаушылармен, құстармен, майда сүтқоректілермен, жәндіктермен, моллюскалармен, өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 2-6, көбінесе 3-4 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы.

8.3.4 Тұқымдастық – Семейство: Сусарлар – Куньи – Mustelidae

Тас сусары – Каменная куница - Martes foina Erxleben, 1777.

Қазақстанда 1 түршесі бар: M.f.intermedia – орта азия тас сусары – среднеазиатская каменная куница (8.3.4.1-сурет). Тұрғылықты аңдар. Жыл бойы белсенді.Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Тарбағатайда, Сәуірде, Қалбі және Оңтүстік Алтайда таралған. Тауларда мекендейді. Тышқан тәрізді кеміргіштермен, құстармен, жәндіктермен, жемістермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, інінде 2-3 күшік бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Орман сусары – Лесная куница – Martes martes Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 1 түршесі бар - M.m.uralensis – оңтүстік орал орман сусары – южноуральская лесная куница (8.3.4.2-сурет). Тұрғылықты аңдар. Жыл бойы белсенді. Жайық өзенінің жайылмаларында және оның бастауларында таралған. Жайылма ормандарда мекендейді. Тышқан тәрізді кеміргіштермен, құстармен, қожақаттың жидектерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, 2-6, көбінесе 3-4 өсім береді. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Бұлғын – Соболь – Martes zibellina Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 1 түршесі бар - M.z.averini – алтай бұлғыны – алтайский соболь (8.3.4.3-сурет). Тұрғылықты аңдар, алайда азық жетіспегенде қоныс аударады, кейде едәуір жерге. Жыл бойы белсенді. Оңтүстік Алтайда тараған. Орманда мекендейді. Кеміргіштермен, шиқылдықтармен, қояндармен, сондай-ақ жидектермен, балқарағайлардың жаңғағымен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 3-6 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы. Энцефалитпен ауырады.

Құну – Росомаха – Gulo gulo Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 1 түршесі бар - G.g.gulo еуропа құнуы – европейская росомаха (8.3.4.4-сурет). Тұрғылықты аңдар. Жыл бойы белсенді. Оңтүстік Алтайда таралған. Орманда мекендейді. Негізгі азықтары – тұяқтылар, әсіресе жас төлдер, сирек – қояндар, қырғауыл тұқымдастары, тоқалтістілер; өлекселеоді, жидектерді, жаңғақтарды жейді. Екі жылда бір рет көбеюге қатысады, ұясында орташа есеппен 2,5 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы.

Сарғыш күзен – Солонгой – Mustela altaica Pallas, 1811.

Қазақстанда 2 түршесі бар: M.a.sacana - түкістан сарғыш күзені – туркестанский солонгой; M.a.altaica – алтайсарғыш күзені – алтайский солонгой. Тұрғылықты аңдар, жыл бойы белсенді (8.3.4.5-сурет). Сотүстік Тянь-Шаньда (Кетпен, Іле Алатауы), Жетісу Алатауында, Тарбағатайда, Сәуірде, Қалбі және Оңтүстік Алтайда, Зайсан ойпаттарында таралған. Тауларда, ормандарда, өзен және көлдердің жағаларындағы тоғайларда және қамыстарда мекендейді. Тышқан тәрізді кеміргіштермен, құстармен және басқа да майда жануарлармен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 2-6 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы.

Аққалақ – Ласка – Mustela nivalis Linnaeus, 1766.

Қазақстанда 2 түршесі бар: M.n.pigmaea – сібір аққалағы – сибирская ласка; M.n.heptneri – щөл аққалағы – пустынная ласка. Кезбешілер (8.3.4.6-сурет). Жыл бойы белсенді. Еліміздің барлық аумағында таралған. Даларда, щөлдерде, тауларда, орманда мекендейді. Тышқан тәрізді кеміргіштермен қоректенеді. Жылына 1-3 рет көбеюге қатысады, ұясында 4-8 күшікиен болады. Елді мекен маңындағы зиянды кеміргіштерді жойып пайда келтіреді.

Ақкіс – Горностай – Mustela erminea Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 2 түршесі бар: M.e.tobolica – тобыл ақкісі – тобольский горностай; M.e.ferghanae – ферғана ақкісі – ферганский горностай. Тұрғылықты аңдар (8.3.4.7-сурет). Жыл бойы белсенді. Еліміздің оңтүстік бөлігінде (оңтүстікке қарай Каспий және Арал теңіздерінің солтүстік жағалауларына, Ұлытауға, Қызыларайға, Аякөз қаласына және Алакөл ойпатына дейін), сондай-ақ Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Тарбағатайда, Сәуірде, Қалбі және Оңтүстік Алтайда тараған. Тауларда, ормандарда, тоғайларда мекендейді. Тышқан тәрізді кеміргіштермен, шиқылдақтармен, жәндіктермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 3-8 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы.

Сары күзен - Колонок – Mustela sibirica Pallas, 1773.

Қазақстанда 1 түршесі бар - M.s. sibirica (8.3.4.8-сурет). Тұрғылықты аңдар, алайда азық жағдайы нашарлағанда қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. Алтайда, Ертіс бойындағы таспалы орманда және Солтүстік Қазақстан облысында таралған. Тауларда, орманда, тоғайларда мекенде»ді. Тышқан тәрізді кеміргіштермен, құстармен, майда балықтармен, бақалармен, жидектермен, балқарағайдың жаңғағымен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 2-12, көбінесе 4-6 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы.

Еуропа қара күзені – Европейская норка – Mustela lutreola Linnaeus, 1761.

Қазақстанда 1 түршесі бар - M.l.borealis (8.3.4.9-сурет). Тұрғылықты аңдар. Жыл бойы белсенді. Еділ атырауларында, Жайық пен Іленің жайылмаларында таралған. Су қоймаларында және жағалауларда мекендейді. Әртүрлі майда жануарлармен, өлекселермен, сирек өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 3-7 күшік бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Сасық күзен – Степной хорек – Mustela eversmanni Lesson, 1827.

Қазақстанда 2 түршесі бар: M.ev.tvtrsmanni (8.3.4.10-сурет) – перопавл сасық күзені – петропавловский хорек; M.ev.talassicus – түркістан сасық күзені – туркестанский хорек. Азық іздеп көшіп жүреді. Жыл бойы белсенді. Еліміздің барлық аумағында таралған. Негізінен ашық ладшафтарда мекендейді. Кеміргіштермен, сирек құстармен, жыландармен, жәндіктермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 7-20, көбінесе 12-14 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы.

Америка күзені – Американская норка – Mustela vison Schreber, 1777.

Түпшелерге бөлінбеген. Тұрғылықты аңдар (8.3.4.11-сурет). Жыл бойы белсенді. Оңтүстік Алтайда тараған. Өзендерде, жылғаларда, қолдан жасалған су қоймаларында мекендейді. Майда балықтармен, тышқан тәрізді кеміргіштермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 2-7, көбінесе 4-5 күшік бар. Бағалы терілі аңшылық нысанасы.

Шұбар күзен – Перевязка – Vormela peregusna Guldenstaedt, 1770.

Қазақстанда 2 түршесі бар: V.p.koshevnikovi – каспийлік шұбар күзен – закаспийская перевязка; V.ppallidior – жетісулық шұбар күзен – семиреченская перевязка. Тұрғылықты аңдар (8.3.4.12- сурет). Жыл бойы белсенді. Еліміздің оңтүстік бөлігнде батыс шекарадан шығыс щекараға дейін тараған. Шөлдерде, щөлейттерде, далалы тау етектерінде мекендейді. Сарышұнақтармен, тышқан тәрізді кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 3-8, көбінесе 4-5 күшік бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Итаю – Медоед – Mellivora capensis Schreber, 1776.

Түршелерге бөлінбеген. Тұрғылықты аңдар (8.3.4.13-сурет). Жыл бойы белсенді. Батыс Үстіртте және Қарынжарық құмдарында таралған. Шөлдерде, шың жарларында мекендейді. Майда сүтқоректілермен, бауырымен жорғалаушылармен, жәндіктермен, құстармен, жемістермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 1-2 күшік бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Борсық – Борсук – Meles meles Linnaeus, 1758

Қазақстанда 4 түршесі бар (8.3.4.14-сурет): M.m.severtzovi – ферғана борсығы –ферганский барсук; M.m.tianschanensis – тянь-шань борсығы – тянь – шаньский барсук; M.m.arenarius – құм борсығы – песчаный барсук; M.m.sibiricus – сібір борсығы – сибирский барсук. Тұрғылықты аңдар. Қыста ұйықтайды. Кейбір сусыз аумақтардан басқа еліміздің барлық жерінде таралған. Орманда, тауда, щөлде, далада мекендейді. Жәндіктермен, жауын құрттарымен, майда сүтқоректілермен, құстармен, жемістермен, жидектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбеюге қатысады, ұясында 1-5, көбінесе 2-3 күшік бар. Маңызда кәсіби аңшылық аңдары. Эпидемиологиялық маңызы бар.

Камшат – Выдра – Lutra lutra Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 2 түршесі бар: L.l.lutra (8.3.4.15-сурет) – солтүстік камшаты – Северная выдра; L.l.seistanica – орта азия камшаты – среднеазиатская выдра. Тұрғылықты аңдар, азық жетіспегенде және қыста жусандар жоқ болғанда қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. Орта Азия камшаты Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, солтүстік камшаты Оңтүстік Алтайда таралған. Тұщы сулы өзендерде және жылғаларда мекендейді. Балықтармен, сиректеу майда сүтқоректілермен, құстармен, өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Екі жылда бір рет көбеюге қатысады, ұясында 2-5 күшік бар. Орта Азия камшаты Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген; солтүстік камшаты Бағалы терілі аңшылық нысанасы.