Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАД ЛПЗ 2015.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

4. Есеп берудің мазмұны:

1) Қоспа құрамы бойынша реттеуіш мінездемесін алу;

2) Көлемді қоспа жасалуда ауамен араласып жанармай аулық қоспа түзілуі;

5. Бақылау сұрақтары

1) Қоспа құрамы бойынша реттеуіш мінездемесін алу?

2) Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелерімен олардағы қоспа жасалу шарттары?

3) Қалыпты жану қоспасы?

4) Байытылған қоспа?

5) Кедейлетілген қоспа?

6) қозғалтқыштың декомпрессиялық механизмі қандай принципте жұмыс істейді?

8) декомпрессиялық механизмнің арналуы, құрылымы және жұмысы;

9) декомпрессиялық механизмдердің қандай типтері болады?

6. Оқулықтар:

1. Алиев В, Жүнісбеков П. «Тракторлар мен автомабильдер» Алматы 2005ж.

2. В.К. Вахламов «Подвижной состав автомабильного транспорта» Москва. АКАДЕМА 2003г.

№ 5 Практикалық жұмыс

Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштың ішкі жылдамдық реттеуіш мінездемесін алу.

1. Жұмыстың мақсаты:

1) Карбюраторлы қозғалтқыштың ішкі жылдамдық реттеуіш мінездемесін алу.

2) дизельді қозғалтқыштың ішкі жылдамдық реттеуіш мінездемесін алу;

2. Жұмыс орнының жабдықтары:

ЯМЗ-238, ЗИЛ-130, В-2 қозғалтқыштары, газдарды бөлу механизмдердің бөлшектері,торабтар мен плакаттар.

3. Жұмысты орнындау тәртібі:

Қосиінді-бұлғақты механизмнің цилиндр ішінде жүретін процесстерге әсерін тигізетін негізгі кинематикалық көрсеткіштеріне піспектің жүріс жолын (Sn), жылдамдығын (νп) және үдеуін (jn) жатқызуға болады. Себебі осы көрсеткіштерге байланысты қозғалтқыштың жұмыс процесстері әртүрлі болуы мүмкін.

Піспектің жүріс жолы. Піспектің жүріс жолының ең үлкен мәні оның жоғарғы және төменгі өлі нүктелерінің ара қашықтығына тең болады, яғни АА" - нүктелерінің аралығы (13 сурет). Бірақ бұл қашықтықты піспек жүріп өткен кезде иінді біліктің айналу бүрышына (φ) байланысты әртүрлі жылдамдықпен жүріп өтеді, яғни оның уақытқа байланысты, ағынды мәндері тұрақты болмайды. Сондықтанда оның ағынды мәндерін суреттегі сүлбеден мынандай өрнекпен анықтауға болады:

Sn=OA-OA/ =r( 1 -cos φ) +l( 1 - cos β ). (113)

Сонымен піспек жүріс жолының ағынды мәндері екі бұрышқа бірдей тәуелді екен. Ал есептеуге оңай болуы үшін сол бұрыштардың (φ, β) бір-біріне тәуелді заңдылығын анықтап, орнына қойсақ, сонда бір ғана бүрышқа тәуелді жолмен Sп мәндерін таба аламыз:

Sn = r ( 1 - соs φ ) + ( λ r/4) ( 1 - cos 2φ ). (114)

Піспек жылдамдығы. Піспектің жүріс жолының ағынды мәндерінің бірінші туындысын анықтаймыз, сонда:

vn= d Sп/ dt = (dSn/dφ) (dφdt.) = rω[ sin φ+(λ/2)sin2φ], (115)

мұндағы ω=dφ/dt – иінді біліктің айналу жылдамдығы.

Осы формуламен есептелген піспек жылдамдығының иінді біліктің бұралу бұрышына қатысты графигін тұрғызуға болады. Сол графикке жүгінсек, оның жылдамдығы піспектің өлі нүктелерінде нольге тең болады. Ал ең жоғарғы жылдамдық жүріс жолының ортасынан ауытқып кетеді екен. Оны λ-қатынасымен түсіндіруге болады.

Көбінесе қозғалтқыштарды салыстыру мақсатымен піспек жылдамдығының орташа мәнін мына өрнек бойынша есептейді

vп ор = 2S n /60 = r n / 15. (116)

Бұл жылдамдық көп болған сайын піспектің тозуы да көп болады. Сондықтанда қазіргі қолданылып жүрген қозғалтқыштардағы піспектің орташа жылдамдығы шамамен 8÷15 м/сек болады.

Піспек үдеуі. Бұл көрсеткіш жылдамдықтың бірінші немесе жолдың екінші туындысы болады. Олай болса

jn = d vп/dt. = (dνη/dφ) (dφ/dt) = rω2 (cos φ + λcos 2φ). (117)

Үдеудің үлкен мәндері піспек жылдамдығы нольге тең болған кезіне сәйкес, ал сол жылдамдықтың ең үлкен мәнінде үдеу нольге теңеседі. Себебі бұл кезде піспек жүріс бағытын өзгертерде тоқтайды да үдеу ең үлкен мәніне жетеді, ал піспек жылдамдығы ең үлкен мәніне жеткен кезде үдеу нольге теңесетін себебі одан әрі қарай ол өзінің таңбасын өзгертеді.