- •Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус)
- •Астана - 2015ж.
- •1.Оқытушы туралы мәлімет:
- •2.Пән туралы мәлімет
- •Оқу уақытын бөлу
- •5. Курсқа қысқаша шолу
- •5.1 Пәннің сипаттамасы
- •6. Курстың мазмұны
- •Дәріс сабақтарының тізбесі және қысқаша мазмұны
- •Тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10 Білімді бақылау ақпараты
- •11.Баға қою саясаты Студенттердің білімін емтиханда бағалау
- •Студенттердің білімін бағалау шәкілі
- •6. Модульді сипаттауға арналған формуляр
- •Оқу бағдарламасын жасаған экология кафедрасының аға оқытушысы Абдиева з.Б.
5. Курсқа қысқаша шолу
5.1 Пәннің сипаттамасы
Тіршілік қауіпсіздік негіздері- адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен оны болдырмау салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу мәселелерін зерттейді.
5.2 Курстың мақсаты: Болашақ мамандарды теориялық білім және практикалық дағды мен қаруландыру қажет;
- Өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасау;
- Техникалық жүйлерде және шарушылық жүргізу объектілерін тұрақтылығын есепке ала отырып, қазіргі талаптарға сәйкес жаңа техника мен технологиялық процесстерін қауіпсіз жағдайларын жобалау;
- Табиғи аппатардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарын өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдау.
- Студенттерге бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен аварияның,аппаттың күтпеген зілзаланың және қазіргі зақымдағыш құралдары қолданылғанан кейін болатын зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;
- Студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы
аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту
5.3 Курстың міндеті:
- Төтенше жағдайларды және олардың түрлерін;
- Қылмыстық төтенше жағдайды;
- Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесін;
- Алғашқы медициналық көмек беруді;
- Салауатты өмір салты және оның компоненттерін білу;
- Жеке бас гигенасы, оны қадағалау тәртібі;
- Қалыпты дені сау жағдайдан ауруға өтетін аралықты;
-Кеңтаралғанаурулардыңтүрлерінт.б.
А. Студент курсты оқып, аяқтаған соң мына мәселелерді білуі және түсінуі тиіс:
-Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;
-ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек;
-Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;
-Заңды және нормативтік – құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.
-зақымдану ошағының техникалық есептерін жүргізе білу;
-өндірістің техникалық үрдістерін және өндірістік қызметтің экологиялығын және қауіпсіздігін жоғарлату бойынша қажетті шараларды түсіну;
-травмалық, зиянды және зақымдаушы факторлардың адамға анатомия – физиологиялық салдары туралы түсіне білу, травматологиялық зақымдану, аса қауіпті инфекциялық аурулар белгілерін ажырата білу және алғашқы медициналық көмек көрсете білу керек.
В. Игеруі тиіс: өмір сүру ортасында адамның тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері, тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативті – техникалық негіздері, төтенше жағдайларды бағалау әдістерін және олардың салдарын жою, төтенше жағдайлар кезінде шаруашылық нысандарының тұрақтылығын арттыру жолдары мен әдістерін меңгеру;
- С,D. Машықтануы тиіс:Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;
Е.Оқу қабілеті: өмір сүру ортасында адамның тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздерінбіле отырып, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, төтенше жағдайлар кезінде шаруашылық нысандарының тұрақтылығын арттыру жолдары мен әдістерін меңгеріп,өз бетімен жұмыс істеу барысында ізденушілікке, мәліметтерді түсінуге, сараптауға, ойды тұжырымдауға, бейімделеді.
