Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_512495395.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

82 А,б сурет

Николь призмасының бір артықшылығы жарық оның ішінде өзгерістерге ұшырамайды. Бірақ екі призма жабыстырылған канада бальзамынан ультракүлгін сәулелер өте алмайды, сондықтан Николь призмасын тек поляризацияланған көрінетін жарық алу үшін ғана пайдалануға болады. Бұл- осы призманың басты кемістігі болып табылады. Сөйтіп никольға табиғи жарық түсірілсе одан электр векторы никольдың ұлы қимасы жазықтығында тербелетін поляризацияланған жарық толқыны өтеді. Никольдың көмегімен поляризацияланған жарық алумен қатар поляризацияланған жарық электр векторының тербелу бағытын анықтауға болады.Бірінші жағдайда николь- поляризатор болса, екінші жағдайда ол- анализатор болады.

Малюс заңы. Жазық поляризацияланған (не сызықша поляризацияланған) жарықты біз поляризатордың көмегімен аламыз. Бұл құралдар поляризатор жазықтығына параллель тербелістерді өткізеді де,оған перпендикуляр тербелістерді өткізбейді. Поляризатор жазықтығымен бұрыш жасайтын жазықтықта жатқан тербеліс амплитудасы -ны және деп екі тербеліске жіктейік (25.2-сурет).

25,2 Сурет 25,3-сурет

Бірінші тербеліс құрал арқылы өтеді, ал екіншісі өтпейді. Ал өткен толқынның интенсивтілігі -ге пропорционал, яғни -ге тең. Сонымен, поляризация жазықтығына параллель тербелістің үлесіне интенсивтіліктің -ден бөлігі тиеді. Табиғи жарық үшін -дің барлық мәндерінің шамасының ықтималдығы бірдей. Сондықтен поляризатор арқылы өткен жарықтың үлесі -дің орташа шамамен алғанда, бөлігіне тең. Поляризаторды табиғи жарықтың интенсивтілігі өзгермейді, тек қана құралдан шығатын сәуленің тербеліс жазықтығының бейімделуі ғана өзгереді.

Поляризаторға амплитудасы және интенсивтілігі жазық поляризацияланған сәуле түссін (25.3-сурет). Құрал арқылы амплитудасы тербеліс өтеді, мұндағы -тербеліс жазықтығы мен поляризатор жазықтығы арасындағы бұрыш. Ендеше, өткен сәуленің интенсивтілігі былай анықталады:

(1)

  1. Теңдігін Малюс заңы деп атайды.

Егер табиғи жарық жолына жазықтықтары бір-бірімен -бұрыш жасайтын екі поляризатор қойсақ, онда бірінші поляризатордан жазық поляризацияланған сәуле шығады. Оның интенсивтілігі табиғи жарық интенсивтілігінің жартысына тең . Малюс заңы бойынша, екінші поляризатордан өткен сәуленің интенсивтілігі . Демек, екі поляризатор арқылы өткен жарық интенсивтілігі, мынаған тең:

(2)

Бұрыш болғанда, интенсивтілік максимум, яғни (поляризаторлар параллель). Ал болғанда, , яғни поляризаторлар бір-біріне перпендикуляр, онда жарық өтпейді. Егер поляризатор арқылы жартылай поляризацияланған жарық өткізсек және құралды сәуленің бағыты айналасында айналдырсақ, онда өткен жарықтың интенсивтілігі -нан -ге дейін өзгереді. Мұнда интенсивтіліктің бір мәнінен екінші мәніне өтуі бұрышты -ге бұрғанда болады, сонда толық бір айналым ішінде интенсивтілік екі рет максимум, екі рет минимум мәніне ие болады, яғни

(3)

(3) өрнегін поляризациялану дәрежесі деп атайды. Жазық поляризацияланған жарық үшін және ; табиғи жарық үшін және . Эллипсше поляризацияланған сәулелер үшін поляризациялану дәрежесі деген түсінік қолданылмайды.

Поляроид. Жоғарыда турмалин кристалынан жарық түскенде пайда болатын кәдімгі сәуле мен өзгеше сәуленің екеуі бірдей турмалиннан өтпейтіндігі, тек одан өзгеше сәуле ғана өте алатындығы айтылған болатын. Иодты хинин сульфаты ұсақ кристалдарының да дәл осындай қасиеті бар. Бұл затқа түскен жарық қосарланып сынып, кәдімгі сәуле мен өзгеше сәуле пайда болады., сонда оның сыртына тек өзгеше сәуле шығады, кәдімгі сәуле толық жұтылады. Бұл жағдайда жасанды поляризаторлар жасап шығару үшін пацдаланылады.

Иодты хинин сульфаты ұсақ кристалдары жұқа пленкаға арнаулы әдіспен енгізіледі. Сонда бұл пленка поляризатор немесе анализатор ролін атқара алатын болады. Мұндай поляризациялық пленкалар поляроид деп аталады.

Поляроидтар жарықты мұқият поляризациялау керек емес жағдайларда қолданылады. Поляроидтар қолайлы болғандықтан техникада қазір көп қолданыла бастады. Мысалы поляроидтар қарсы келе жатқан автомобильдер фарларының жарығының көзге зиянды әсерін кеміту үшін пайдаланылады.

Эллипсше және дөңгелекше поляризация.Табиғи сәуледен пайда болған өзгеше және кәдімгі сәулелер когеренттік емес. Егер табиғи сәулені және әр түрлі екі жазықтықта поляризацияланған екі сәулеге жіктеп, сонан соң осы сәулелерді поляризациялық құралдардың көмегімен бір жазықтыққа келтірсек, онда олар интерференцияланбайды. Мұның себебі, табиғи жарықтың әр түрлі атомдармен молекулалардың шығарған тербелістері әр түрлі жазықтықта жатады, ол тербелістер бір-бірімен байланыссыз және фаза айырымы тұрақты емес.

Егер поляризацияланған сәулені поляризаторлар арқылы өткізсек, онда ол кәдімгі және өзгеше сәулелерді береді. Ол сәулелер когеренттік болады. Олардың тербеліс жазықтығын поляризатордың көмегімен бір жазықтыққа келтірсек, онда олар интерференцияланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]