Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР банк жүйесінің дамуы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
241 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша – несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);

  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.