Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекбердиева Аида.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

11. Педагогикалық жүйеге қажетті және жеткілікті құрылымдық компоненттерді талдаңыз.

Құрылымдық компоненттер - басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйені, педагогикалық әрекеттің мазмұны, құралы, формалары мен әдістерінен түзіледі

Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субьектісі шешуші рөл атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компонентері айқындалатын нағыз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатын-дығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей - ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған мектеп директоры: мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары.

Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологиясы, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін-өзі басқарушы бірлестіктер мен органдар.

Үшінші деңгей-оқушылар мен ата-аналарға, балалар бірлестіктері, сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мемлекеттік оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың обьектісі болумен бірге өз дамуының субьектісі де болады. Бұл келтірілген өзара қарым-қатынастар тізбегінен аңғаратынымыз, әрбір төменгі деңгейдегі басқару обьектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың обьектісі болады. Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны да жалпы мемлекеттік ұжым және сыныптық ұжым деп басқарудың екі деңгейіне топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс-әрекеттің біртұтастығын (оқу, ізденушілік, спорт, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы еңбек) танытады. Тұтас педагокалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б) алдына қойған мақсатымен айқындалады. Ал педагогика-лық және оқушылар ұжымының оқу-тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.

Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру балалар мен жасөспірім-дерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін айқындайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі.

Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің басқарылушыға ықпал жасау әдістері де айқын болуы тиіс. Оның тиімділігі - қолданған әдістің нақты педагогикалық жағдайға сәйкестілігіне байланысты.

Тұтас педагогикалық процестің ұйымдастыру әдіс-тері жүйенің ұйымдық, функционалдық және ақпараттық бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім сендіру, жаттығу, бақылау және өзін-өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге ақпарат жинау және оны талдау, дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және т.б. сияқты әдістерді де игеруі тиіс.

Сонымен, аталған жүйе құраушы факторлар педаго-гикалық процесті ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен бірге әрбір компонентті алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға байланысты дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді