- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. І нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. Іi нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. Іii нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Жазбаша тест сұрақтары. Іv нұсқа
- •Жазбаша тест сұрақтары. V нұсқа
- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Факультет Филология
Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, мамандығы: 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
Пән : «Мәнерлеп оқу»
Жазбаша тест сұрақтары. Іv нұсқа
Аңызға негізделіп жазылған М.Шахановтың туындысы?
А) «Төрт ана»
В) «Жалын»
С) «Отырар»
D) «Туған жерге оралу»
Е) «Туған жер»
М.Шахановтың «Біз қазақтың екі ақыны біргеміз» өлеңі кімге арналған?
А) Т.Молдағалиевке
В)Қ.Мырзалиевке
С)Қ.Жұмағалиевке
D) О.Сүлейменовке
Е)Т.Молдағалиевке
Д.Исабековтің пьесасын табыңыз.
A) «Әпке»
B) «Құдағи келіпті»
C) «Неке қияр»
D) «Мансапқорлар»
Е) Қамажайдың отбасын асырауы
Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз.
A) «Жиырма деген жасыңыз»
B) “Мінкен ер”
C) “Нарын”
D) “О, Ақтан жас,Ақтан жас”
Е) “Аягөз қайда барасың ”
Төмендегі мысалдан метафораны табыңыз.
A) Көкорай шалғын, ағын су.
B) Алыстағы сорлы анамды сағындым.
C) Жел – тым тентек бір бала.
D) Сөз –халықтың қымбаттан қымбат кені.
Е)Астыңғы ерні жер тіреп
Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Сегіз аяқ»
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
Е) «Ғылым таппай мақтанба».
Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) «Ақбілек».
B) «Батыр Баян».
C) «Қалқаман-Мамыр».
D) «Оянған өлке».
Е) «Адамдық борышың»
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.
A) «Анау – аспан, мынау – бақ».
B) «Мен таулықпын».
C) «Қара өлең».
D) «Поэзия».
Е) «Пай, пай өмір»
Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A ) Табиғат көркін суреттеу.
B) Бір адамның ұзақ сөзі.
C) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
D) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
Е)Дұрыс жауабы жоқ
Жәнібектің:
- Інісі өлген қандай екен? - деген сұрағына Жиреншенің қайтарған жауабын белгілеңіз.
A) Оң қанатың қайырылғаны.
B) Асқар тауың құлағаны.
C) Сол қанатың қайырылғаны.
D) Бауыр еті күйгені.
Е)Жүрегінің жартысынан айырылғаны
«Әпке» деп аталатын, Қамажай, Омар, Темірбек, Нәзила, Кама атты кейіпкерлері бар пьесаның авторын табыңыз.
A) М.Мақатаев
B) Р.Мұқанова.
C) Қ.Мұқаметжанов.
D) Б.Римова.
Е) Д.Исабеков.
"Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты.
Жай оғынан кейін емес,
Темірден де өткізеді,
Күндік жерге жеткізеді."
Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.
A) Гипербола.
B) Метафора.
C) Теңеу.
D) Әсірелеу.
Е) Метонимия
Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз.
A) Оқиғаны баяндау.
B) Бір адамның портретін беру.
C) Оқиға болған жерді көрсету.
D) Табиғатты суреттеу.
Е)Оқиғаны суреттеу
М.Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қарияға қалай түсіндіргенін белгілеңіз.
A) Ғылым мен өнердің шамын жағу.
B) Ғылымды қуу.
C) Саяхатшы болу.
D) Саудагер болу үшін мол білім игеру.
Е) Қара ниеттілерді жою
«Ассонанс» анықтамасына сәйкес қатарды белгілеңіз.
A) Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.
B) Бір затты басқа затпен салыстыра суреттеу.
C) Заттың айрықша сипатын анықтау.
D) Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.
Е)Бір затты толық суреттеу
М.Жұмабаев махаббат туралы қандай өлеңдерің білесіз?
A) «Махаббат не»
B) «Гүлсімге»
C) «Ақ кептер»
D) «Оюлар»
Е) «Кәрі қыран»
Өлеңдегі жаңа жолдың басқы бірінші дыбыстарының біркелкі дауысты болып қайталанып айтылуын анықтайтын терминді табыңыз.
A) Аллитерация.
B) Бастапқы қайталау.
C) Ассонанс.
D) Синекдоха.
Е)Профраза
Ж.Молдағалиевтің қандай өлеңдерің білесіздер?
A) «Ақтаңдақтар»
B) «Ақ кептер»
C) «Байқоңыр баспалдақтары»
D) «Сел»
Е) «Кәрі қыран»
Ж.Молдағалиевтің уақыты жағынан ең алғашқы поэмасы?
A) «Сел»
B) «Туған жер»
C) «Мен қазақпын»
D) «Қызыл галстук»
Е) «Қыран дала»
Көктеммен сол бір баянды,
Табысты Айша тағдыры,
Табысты өмірбаяны,
Жүрегі, демі, жан жыры, - Ж.Молдағалиевтың қай шығармасынан үзінді?
A) «Сел»
B) «Қиял қанаты»
C) «Туған жер»
D) «Жесір тағдыры»
Е) «Қыран дала»
Ж.Молдағалиевтың 1956ж. көп тілге аударылып, жоғары бағаланған туындысы? (ашық сұрақ)
Ж.Молдағалиевтың тың игеру науқанының қазақ даласына әкелген әлеуметтік -саналық өсу өзгерістеріне, түрлі жетістіктерін бейнелеп, жырлаған поэмасы? (ашық сұрақ)
Қ. Аманжоловтың соңғы жылдары үстемелеп жазып, ақыры 1954 жылы бітірген туындысы қалай аталады? (ашық сұрақ)
Кімнің өлеңінен?
Пай!Пай!Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағызым жасамай өтпеңдер! (ашық сұрақ)
Кімнің шығармасынан?
"Қадалған көз таларлық
Жігер отын жанар ғып,
Эверестке шыққандардың тізімі
Саусақпенен санарлық" (ашық сұрақ)
«Әдебиет – сөз өнері» дегенді қалай түсінесіз?
Сюжет дегеніміз не?
Теңеу дегеніміз не, оған мысал келтір?
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»- кімнің өлеңі, қандай ой айтқысы келген, өз пікіріңді жаз.
30. Европа әдебиетінде кең өріс алған жұртқа мәлім бағыт?
Кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілді: №2 хаттама, «5» қазан 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі: __________ Мүтиев З.Ж.
Филология фак-нің оқу-әдіс-к кеңесінің №2 хаттамасы «15» қазан 2015 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы: ______________ Турегалиева С.Г.
