Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
600 тесты по психол и разв. человека.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
636 Кб
Скачать
☆
  1. Биографиялық әдіс.

  2. Байқау әдісі.

  3. Эксперименталды әдіс.

  4. Лонгитюдті әдіс.

  5. Эмпатиялық тыңдау әдісі.

110. Психикалық құбылыстардың қалыпты қызметін қамтамасыз ететін мидың функционалды блоктарын бөліп көрсеткен ғалым.

1. П.К. Анохин.

2. А. Р. Лурия.

3. Л. В. Выготский.

4. И. П. Павлов.

5. А. А. Ухтомский.

111. Қорқу, ашу, қуаныш, қайғы – бұл:

  1. Сезім мүшелері.

  2. Психикалық процестер.

  3. Психикалық күйлер.

  4. Рецепторлар.

  5. Іс-әрекет түрлері.

112. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау – бұл:

  1. Сезім мүшелері.

  2. Психикалық процестер.

  3. Психикалық күйлер.

  4. Рецепторлар.

  5. Іс-әрекет түрлері.

113. Өзінің пайда болуы бойынша әлеуметтік болып табылатын өмір барысында қалыптасатын күрделі психологиялық процестер:

  1. Жоғары психикалық функция.

  2. Психикалық күй.

  3. Натуралды психикалық функция.

  4. Психикалық қасиеттер.

  5. Сана.

114. Іс-әрекет түрлері:

1. Икемділік, дағды және әдет.

2. Реминисценция, консолидация.

3. Ойын, оқу, еңбек.

4. Синестезия, адаптация.

5. Реактивтілік, динамикалық, сензитивтілік.

115. Еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны және икемділіктерді мақсатты түрде меңгеру процесі.

1.Ойын.

2. Еңбек.

3. Оқу.

4. Икемділік.

5. Әдет.

116. Адамның материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.

1.Оқу.

2. Ойын.

3. Еңбек.

4. Дағды.

5. Икемділік.

117. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерін қайталап

жаттығудың нәтижесінде автоматталуы қалай аталады ?

  1. Білім.

  2. Әдет.

  3. Икемділік.

  4. Дағды.

  5. Еңбек.

118. Субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы арқылы

іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті.

1. Дағды.

2. Әдет.

3. Білім.

4. Икемділік.

5. Оқу.

119. Біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс:

1. Іс-әрекет.

2. Тіл табысу.

3. Перцепция.

4. Қарым-қатынас.

5. Интеракция.

120. Тұлға топтағы болған жағдайды, топтың ішкі әлемін, топтағы адамдардың бір-бірін қабылдауын, топтағы жеке мүшелердің пікірін т. б. тани бастайды. Бұл қарым-қатынастың мына қызметі болып табылады:

1. Дамытушы.

2. Экспрессивті.

3. Басқару.

4. Танымдық.

5. Ұйымдастырушы.

121. Адам үздіксіз қарым-қатынас жасау нәтижесінде жан-жақты жетіледі, білімдерімен, ой-пікір, құндылықтарымен, идеал, қызығуларымен алмасады. Осыдан тұлғаның психологиялық қасиеттері өзгереді – бұл қарым-қатынастың мына қызметі:

1. Танымдық қызмет.

2. Себептестілік қызмет.

3. Экспрессивті қызмет.

4. Басқарушы қызмет.

5. Дамытушы қызмет.

122. Бірлескен іс-әрекет және қарым-қатынас жасау процесінде адамдардың информациямен алмасуы:

1. Интерактивті.

2. Коммуникативті.

3. Перцептивті.

4. Рефлексивті.

5. Идентификациялық.

123. Когнитивті (танымдық процестер):

  1. Түйсіну, қабылдау, ес, зейін, ойлау, қиял.

  2. Темперамент, мінез, қабілет.

  3. Шабыт, стресс, адаптация, аффект, фрустрация.

  4. Қорқу, қуану, таңдану, ашу.

  5. Симпатия, эмпатия, антипатия.

124. Эмпатия, идентификация, рефлексия, аттракция, каузалды атрибуция:

1. Интеракция механизмдері.

2. Коммуникация құралдары.

3. Перцепция механизмдері.

4. Кооперациялық қатынас.

5. Конкуренция түрлері.

125. Өзіне-өзі санасын тоқтату қабілеті. Өзгелердің өзін қалай қабылдайтынын, өзгелердің өзіне деген көзқарастарын анықтау:

1. Аттракция.

2. Эмпатия.

3. Рефлексия.

4. Идентификация.

5. Симпатия.

126. Қоғамдық пайдалы мақсатты көздеген және ортақ іс-әрекетпен бірлесіп, ұйымдасқан адамдар тобы:

1. Ассоциация.

2. Үлкен топ.

3. Ұйымдаспаған топ.

4. Ұжым.

5. Тобыр.

127. Адамның күнделікті өмірінде жинақталып, қолданылатын психологиялық білімдер:

  1. Практикалық психологиялық білімдер.

  2. Тұрмыстық психологиялық білімдер.

  3. Иррационалды психологиялық білімдер.

  4. Өнер психологиясы.

  5. Ғылыми психологиялық білімдер.

128. Әлеуметтік қабылдау сферасында себептілікті талдау, субъектінің өзге адамдардың мотивтері мен мінез-құлық себептерін түсінуге тырысу.

1. Рефлексия.

2. Аттракция.

3. Каузалды атрибуция.

4. Идентификация.

5. Эмпатия.

129. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасайтын, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдар бірлестігі.

1. Шағын топ.

2. Референтті топ.

3. Қауымдастық.

4. Ұйымдаспаған топ.

5. Тобыр.

130. Ұжымның мақсаты мен мүддесін жеке бастың ұмтылыстарынан жоғары қоятын және топтық ұйымдасушылық деңгейдің жоғарылығымен сипатталатын адамгершілік қағида:

1. Ұжымшылдық.

2. Тұлға бағыттылығы.

3. Өмірлік ұстаным.

4. Тұлға белсендігі.

5. Бірлестік.

131. Адамның өзі туралы түсініктерінің жүйесі:

1. Өзіндік жетілдіру.

2. «Мен» тұжырымдамасы.

3. Өзін-өзі бағалау.

4. Өзін-өзі байқау.

5. Өзіндік таным.

132. Адамға деген эмоционалды бейімділік, құштарлық:

1. Симпатия.

2. Идентификация.

3. Аттракция.

4. Рефлексия.

5. Антипатия.

133. Беделі, билігі және өкілдігі мен топ мүшелерінің мінез-құлықтарына әсер ететін топ мүшесі:

1. Аутсайдер.

2. Лидер.

3. Конформист.

4. Басшы.

5. Субъект.

134. Эмпирикалық ғылыми фактілерге сүйенетін психологиялық білімдер:

  1. Практикалық психологиялық білімдер.

  2. Ғылыми психологиялық білімдер.

  3. Өнер психологиясы.

  4. Тұрмыстық психологиялық білімдер.

  5. Иррационалды психологиялық білімдер.

135. Мақсаты психологиялық көмек көрсетуге бағытталатын психология саласы:

  1. Иррационалды психологиялық білімдер.

  2. Өнер психологиясы.

  3. Практикалық психология.

  4. Тұрмыстық психологиялық білімдер.

  5. Ғылыми психологиялық білімдер.

136. Көркемдік әдебиеттерде, сурет және музыкада, театр, киноларда табылатын психологиялық білімдер:

  1. Иррационалды психология.

  2. Тұрмыстық психология.

  3. Практикалық психология.

  4. Өнер психологиясы.

  5. Ғылыми психология.

137. Ғылыми және рационалды әдістермен түсіндіруге келмейтін психологиялық білімдерді қарастыратын психология саласы:

  1. Өнер психологиясы.

  2. Практикалық психология.

  3. Ғылыми психология.

  4. Тұрмыстық психология.

  5. Иррационалды психология.