Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкіметі www.government.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметі www.e.gov.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі www.dari.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі www.mvd.kz
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі http://www.mki.gov.kz/
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі www.mts.gov.kz
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі www.mit.kz
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі www.mod.kz
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі www.nature.kz
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі www.minagri.kz
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі www.minfin.kz
Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер. Серия 7: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы, 2011.
1-шығ.- 64 б.
2-шығ.- 76 б.
Мәдениет, тіл білімі, әдебиет пен өнердің жалпы мәселелері, кітапхана ісі, библиография, мұрағат ісі, әдебиет теориясы, халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері, театр, кино өнері және т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.
Қоғамдық ғылымдар. Серия 6: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы.- Алматы, 2011.
1-шығ.- 107 б.
2-шығ.- 80 б.
3-шығ.- 69 б.
4-шығ.- 77 б.
Қоғамдық ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, жалпы коммуникация, журналистика, ақпараттану, дін т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналад
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
2004 Жылдан бастап Қазақстан Республикасында Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы іс жүзіне асырылуда.
Бағдарламаның мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, Қазақстанның мәдени мұрасын шет елдерде насихаттау.
Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары 2005-2007 жж. Батыс Европа кітапханалары мен мұрағаттарында құнды жазба деректерді іздестіріп табу және олардың көшірмелерін алу мақсатымен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Деректерді іздестіру мынадай бағыттарда жүргізілді:
- қазақ кітаптары, қолжазбалар, Орталық Азия және Қазақстан жөніндегі аса ірі библиографиялық көрсеткіштер мен каталогтар;
- тарихи еңбектердің түпнұсқасы, мұрағат құжаттары;
- Қазақстанның шет елдердегі қазіргі тарихнамасы, ғылыми конференциялардың материалдары, XIX және XX ғасырдың бас кезінде ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар;
- саяхатшылардың жазбалары, карталар, гравюралар және көне экспонаттар.
Шет елдердегі ғылыми-ізденіс экспедициясынан әкелінген басылымдар мен көшірмелердің тізімі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан басылымдардың депозитарийі болып табылады. ҚР Ұлттық кітапханасының қорына кітаптар «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 158 Қаулысына және ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің 2010 жылғы 23 шілдедегі N 94 бұйрығына сәйкес түседі.
