- •1.2.Салауатты өмірін сақтау, тұлғаны әлеуметтендірудің бір саласы
- •2.2.Мектеп оқушыларына салауатты өмір салты бойынша білім беру өзектілігі.
- •«Өнерге қанат қаққандар» атты концертіне арналған сценарий
- •41»Ұлтаралық мәдени» бағытында іс-шараның жоспарын құрастырыңыз
- •43.Студенттік клуб құрып оның іс-әрекеттік жоспарын жаз
- •44. «Дұрыс әрекет тәжірибесі - өмір негізі» тақырыбына эссе жаз
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •47 «Әлеуметтену және компьютер» тықырыбына шағын шығармашылық жұмыс жаз
- •48Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін қысқаша сипатта
- •49 «Интернет және студент» тақырыбына шағын шығармашылық жаз
- •50.Педагогикалық артистизм ұғымына сипаттама беріңіз.
- •Педагогикалық шеберлік деген не?
- •51. «Қазіргі кездегі біріктіріп оқыту және инклюзивті білім беру түсінігі» тақырыбына шағын шығармашылық жұмыс жазыңыз
- •53.Өзін-өзі тану білімнің жеке саласы тақырыбында шағын шығармашылық жұмыс жасаңыз.
- •54. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі танудың құрылымы ретінде 5-6 қағида ұсыныңыз.
- •55.Қазақ менталитетінің ерекшеліктері.
- •59 Микросоциум тісінігіне философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан анықтама беріңіз..
51. «Қазіргі кездегі біріктіріп оқыту және инклюзивті білім беру түсінігі» тақырыбына шағын шығармашылық жұмыс жазыңыз
Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.[5] Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.[4,5]
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.[6]
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.[1]
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 0,Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.[5] Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 0,Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
52. Көп ұлтты елдің сипаты және қазақ халқының ұлттық сипаты» тақырыбына жоба үлгісін құрастырыңыз.
Қазақстан әлемдегі
көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.
Олар:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы
(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);
3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).
Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нәтижесі.
Мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос - қазақтар. Екінші орында орыстар. Халқы 100 мыңнан асатын 6 этнос бар. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96%-ын құрайды.
Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.
Бұл классификация 3 сатыдан тұрады. Алғашқы (теменгі) сатысы - жеке халықтар. Екінші (орташа) сатыны тіл бойынша жақын туыстас халықтар тобы құрайды. Үшінші (жоғарғы) саты - әулет — тілдері бойынша туыстас халықтар тобын біріктіреді.
Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы — орыстар.
Дүние жүзіндегі қазақ этносының саны 13,5 млн адам, оның 9,2 млн-нан астам адамы Қазақстанда тұрады. Тағы да 4,3 млн адам қазақ этносы (диаспора), шет елдерде 44 мемлекетте тұрады.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізілуде. Соңғы 20 жылда дәл осындай кең көлемді репатрияцияны 3 мемлекет жүргізеді. Репатрияция Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын кебейту үшін өте қажет үрдіс. Соңғы сайлау бойынша мемлекетіміздің 2/3 бөлігін солар құрайды. Еліміздегі қазақтардың 1/2 бөлігіне жуығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрады.
Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Барлық аймактарда орыстар, украиндар, немістер және белорустар тұрады. Дегенмен олардың тұратын негізгі аудандары - солтүстік, орталық және шығыс. Өзбектер мен ұйғырлар, керісінше, жинақы түрде қоныстанған. Ұйғырлардың 95%-ы Алматы облысы мен Алматыда орналасса, ал өзбектердің 9/10 бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған.
Қазақстанда барлық халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын қалпына келтіруге және дамытуға жағдай жасалған. Елдің конституциясы оларды тең құқыққа үндеп, ешқандай қысымшылық түрін жасауға тыйым салады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда ел Президенті басқаратын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтар маңызды рөл атқарады.
Біздің еліміздегі барлық халықтар өздерінің ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін сақтайды. Бірақ оларды мәдени-саяси және әлеуметтік-экономикалық біртұтастық байланыстырады.
Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады.
