Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
24 дәріс.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

Тұрақты тоқ түйіспелі торабының істен шығу қауіптері

Элементтер

Қауіп, тг

(2008 жылдың бағасымен)

Түйіспелі сым

9150

Арқалаушы тростар

4350

Фиксаторлар (оқшаулатқыштардан басқасы)

3725

Тіректер

3475

Фиксаторлық оқшаулатқыштар

3460

Ілмелі оқшаулатқыштар

2995

Консольді оқшаулатқыштар

2145

Қысқыштар мен бөлшектер

2015

Консольдер (оқшаулатқыштардан басқасы)

1365

Әуелік жебелер

1325

Қоректендіргіш, сорғыш, күшейткіш сымдар

1005

Электрлік қосқыштар

980

Секциялы оқшаулатқыштар

955

Басқалар

665

Анкерлі және ойықталған оқшаулатқыштар

620

Анкерлер мен тартылыстар

270

Хомуттар (мойынтұрықтар), кронштейндер, тартылымдар

210

Көлденең тростар

175

Разрядтауыштар және айырғыштар

25

Қатаң көлбеуліктер

0

Барлығы

38910

Электр беріліс желілерінің (ЭБЖ) істен шығулары

Электр желілерінің элементтері территориялық алшақтықтан және метеорологиялық шарттардың ықпалына тез ілігетіндіктен өте жиі зақымдалады. әуе электр беріліс желілерінің зақымдалуының негізгі себептері:

  • мұздақ-желдік жүктеме;

  • атмосфералық асқын кернеулер;

  • автокөліктің және басқа механизмдердің тіректерге соқтығысуы;

  • тіректердің, сымдардың, оқшаулатқыштардың зауыттық ақаулары;

  • монтаждау қателігі және т.б.

Бұл себептер бәрінен бұрын сымдардың, тіректердің, оқшаулатқыштардың механикалық беріктілігін әлсіретіп, олардың сынуына және үзілуіне, тоттанып шіруіне әкеліп соқтырады. Сымдардың вибрациясы, билеп иілуі мен үзілуі тіректердің зақымдалуы қысқа тұйықталуларды болдырады. Әуе ЭБЖ қайта қалпына келтіру ұзақтылығы бірнеше сағаттан ондаған сағатқа созылады.

Кабельді ЭБЖ зақымдалу себептері:

  • жер қазатын машиналардан зақымдалуы (70% дейін);

  • кабельді қосқыш муфталарда электрлік тесілудің болуы;

  • оқшауламалардың тозуы мен ескіруі, кабельдің металл қабықшасына ылғалдың кіріп, оның тоттануы;

  • кезбе тоқтардың болуы.

Кабельдердің істен шығу түрлері – үзілулер, қысқа тұйықталулар, жерге тұйықталу. Кабельдік желілерді қайта қалпына келтіру уақыты әуелік желілерге қарағанда анағұрлым ұзақ және ондаған сағатқа созылады.

Істен шығулардың өршуінің (дамуының) «домино эффектісі» деген түрі жиі кездеседі. Бұл кезде алғашқы кезеңде өте үлкен емес ЭБЖ зақымдалуы уақыт өте келе өсіп үлкен апатқа соқтыруы мүмкін және ол бір өткіннен екіншісіне көшіп ауқымды апатты болдырады. Мысалы, Данияда 50 км ЭБЖ, ал АҚШ-та (Висконсия штатында) 125 км ЭБЖ құртылған.

Ғылыми институттардың мәліметтері бойынша электрмен жабдықтау жүйесінің барлық істен шығуларының 38-ден 55% дейін әуе және кабельдік желілерге тиесілі екен. Тұрақты тоқтың екі электрмен жабдықтау дистанцияларының СОБ (сигналдау, орталықтандырылған блоктау) әуе ЭБЖ істен шығулары жайлы статистикалық мәліметтер 3-кестеде келтірілген.

Тіректер көбінде көліктің келіп соғуынан, топырақтың (жердің) отыруынан, ағаштың шіруінен және темірбетонды сүйеудің тоттануынан, сонымен қатар күйіп жанудан зақымдалады. Сымдар ағаштардың және басқа ЭБЖ сымдарының құлауынан, габариті үлкен көліктің өтуінен, болаттың тоттануынан, сым кесігін лақтырғаннан, тоқылуының бұзылуынан зақымдалады.

3-кесте.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]