Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар жинагы сыныптан тыс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

Лекция №3 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстардың түрлері

Географиялық үйірме

География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстардың түрлері

Географиялық апталық

Географиялық кеш

Географиялық олимпиада

Географиялық конференция

Географиялық қоғам

Эскурсия

Үйірме – кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі және маңызды түрлерінің бірі. Үйірмені барлық оқу пәндері бойынша ұйымдастыруға болады. Үйірмеге берілген тақырыпқа қызығатын әртүрлі жастағы балалардың қатысуына болады. Үйірме – аптасына бір рет немесе одан да жиі болып тұрады. Біршама белсенді үйірмешілердің арасынан үйірме кеңесі сайланады.

Географиялық әдебиеттерді оқығанда көп жағдайда көркемдік әдебиеттердегі географиялық мазмұндағы үзінділер, саяхатшылардың күнделіктері, керемет жерлер мен табиғаттың ғажайып құбылыстары туралы ғылыми – қарапайым әдебиеттер оқылады. Көптеген материалдарды географиялық әдебиеттер мен журналдардан тауып, әңгіме, пікірталас өткізуге болады.

Географиялық ақпарат жаңа мәліметтер бойынша жинақталады. Осы басқаша географиялық жаңалықтар деп те атауға болады. Сипаты жағынан географиялық ақпарат экономикалық географиямен тығыз байланысты. Оқушыларды қызықтыратын жер сілкіну, вулкан атқылау, комосты игеру, мұнай және газ құбырларының салынуы, халық санының өсуі т.б. сол сияқты мәліметтерді жинақтауға болады. Ақпараттық материалдар көбінесе газет – журналдардан алынады.2

Көрме ұйымдастыру жұмысы оқушылардың географиялық газеттер, журналдар, альбомдар шығару ісімен тығыз байланысты. Географиялық журналдар мен газеттердің мазмұны географиялық ақпараттан, мақалалардан, өлеңдерден, жұмбақтар мен викториналардан тұрады. Газет – журналдар негізінен суреттермен, газет – журналдардың қиындыларымен, карталармен безендіріледі.3

Географиялық ойындар, викториналар және жұмбақтар үйірменің өзара байланысты түрлері. Үйірменің бұл түрлері 6-7 кластардың географиялық үйірмесінің жаттығуларында кеңінен қолданылады. Бұлардың басты мақсаты үйірме жұмысына қызықты элементтерді енгізу және оқушылардың ойлау қабілетінің, зеректігі мен әуестігінің дамуына, салыстыра білуге мүмкіндік жасайды. Жұмыстың бұл түрлері географиялық білімдерін бекітуде, әсіресе, номенклатураны білуде басты роль атқарады.1

Лекция №4 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері.

География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері

География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері

Ауызша (верба льды) әдіс

Картография

Практикалық әдіс

Бақылау әдісі

Тәжірибелік -эксперименттік

Констукциялар мен модель

Модельді географиялық

Эскурсиялық әдіс

Объектінін оқу әдісі

Мұғалім кластан тыс жұмыстарды келесідей ұйымдастыра алады: 1. Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады. 2. Барлық оқушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ орындау әдісі әртүрлі болуы мүмкін1.

География оқу процесс кезінде мұғалім толық қамти алмайтын қызықты сұрақтардан, әртүрлі мәселелерден тұрады ( мысалы, табиғаттың ғажайып құбылыстары, саяхатшылардың саяхаты, т.б.). Оқушыны алыс және зерттелмеген жерлерге саяхат, саяхатшылардың әңгімелері, географиялық ашылулар қызықтырады. Жоғары класс оқушылары экономикаға, транспортқа, әлемдік шаруашылыққа, т.б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерге қызыға бастайды. Оқушылардың осы қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында мұғалім білімге құмар оқушыларды кластан тыс жұмыстарға еліктіреді. Географияға деген қызығушылық оқушыларда өздігінен қалыптаспайды. Мұндай қызығушылықты оқушыларда ояту мұғалімнің міндеті.