Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Евразийство экз. вопросы 2015-2016.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264 Кб
Скачать
☆

14. Еуразияшылдыұ идеясының қазақстандық жобасы қалыптасуының кезеңдері

мұнда еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лады. Олай болса, ресейлік «ескі еу­ра­зияшылдық» пен қазақстандық «жа­ңа еуразияшылдықтың» айырмашылығын ажы­ратып алайық. Бірін­шіден, еуразияшылдық Ресей үшін та­рихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екін­шіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Ба­тыс­тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы­лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ­дарламасы осының айғағы болып табылады. Үшін­ші­ден, Назарбаевтың еуразиялық док­­тринасы орыстардікіндей тар ауқым­дағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өр­ке­ниетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады.

Ендеше, Көшбасшымыздың Еуразиялық идеясын неоеуразияшылдық емес, жаңа қазақстандық еуразияшылдық деп атауымызға әбден негіз бар.

2006 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Экономика біліміне инновация және ғылым арқылы» атты өзінің дәрісінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Еуразиялық идея теория секілді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тәжірибе жүзінде осы ғасырда жүзеге асады. Еуразияшылдық – ХХ ғасырдың басты идеялардың бірі. Мұны өздеріңіз түсініп, көретін боласыздар. Еуразиялық идеяның Қазақстан инициативасы негізінде орындалған үш басты көрінісі – ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Және бұл үш ұйым мызғымас Орталық, Біріккен Еуразиялық Идеяның тәжірибелік келбеті»

Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы.

15.Орта Азияның ежелгі халықтары.

Орта Азияның түпкі халықтарының негізін түркі тілдес халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен және иран тілдес тәжіктер құрайды.

Ал антропологиялық жағынан араласып кеткен. Сыртқы келбеті бойынша қырғыздар монғолоидтық, тәжік, өзбек және түркімендер-еуропоидтық нәсілге жатады. Қарақалпақтарда екі нәсілдің де белгілері бар.

Орта Азияның ежелгі халықтары арий-тур тілдерінде сөйлеп, еуропоидтық нәсілгге жатты. Б.з.б I м. ж мұнда Соғды, Хорезм, Бактрия және Маргиан сияқты ірі өркениеттер пайда болды. Бұл халықтардың түркіленуі жаңа дәуірден басталды. «Авестада» айтылғандай алғашқы түріктер турлар болған деген болжам бар. Шығыстан келген ғұндар түрік тілдес болған. Түркілену үрдісі Түрік қағанаты кезінде күшейді (VI-VIII ғғ).

Кейінгі орта ғасыр дәуірінде әртүрлі Шығыс монғол және түрік топтарымен араласқан қазіргі Орта Азия халықтары пайда болды. Мысалы, түрікмендердің шығу тегіне және тілдерінің қалыптасуына ықпал еткен оғыздар болды. Ал қарақалпақтардың шығу тегі қыпшақтармен байланысты. Тәжіктер жергілікті иран тілдес халықтың өкілдері. Бадахшанның таулы аудандарында шугнан, вахан, язгулен, ишкашим сынды иран тілдес халықтар мекен етеді.

Прототүріктер өркениеті: ғұндар мәдениеті. Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі — ғұндардың мемлекеті. Бұл көшпелі тайпалар мемлекетінің алғашқы көрінісі. Таза түрік тілдес тайпалық бірлестіктер болған ғұндар тарихта өте терең із қалдырды.

Ғұн тайпалары қазіргі Оңтүстік Маньчжурия, Оңтүстік Монголия жерінде б.э.д. II мың жылдықтың соңы I мыңыншы жылдықтың басында көшпелі тайпалар ретінде қалыптасты. Көшпелі ғұндар отырықшы қытайларға күйрете шабуыл жасап тұрды. Садақпен, найзамен қаруланған, атты әскерлі ғұндар жаяу қытайларды беттетпеді. Ғұндар қытайлармен мәдени, бейбіт қарым-қатынаста да болды. Көне қытай тарихшылары Сыма Цянь (б.э.д. 135-67 ж.ж.) ғұндардың сулы және шалғынды жерді іздеп малмен бір қоныстан екінші қонысқа көшіп отыратынын, тұрақты мекенді білмейтінін, шығатын есігі шығысқа қараған киіз үйлерде тұратынын, етпен тамақтанып, қымыз ішіп, киімді әртүрлі жүн маталардан жасайтын, кім күшті, батыл, даулы мәселелерді шешуге қабілеті болса, соларды басшы қоятынына назар аударады.

Аттила Еуропадағы өзара қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты. Сүйтіп Еуропада бейбіт өмір орнатты. Рим империясында құлдық қауымды құлатып, ондаған мың адамды құлдық бұғауынан азат етті. Өз халқына қатыгездік жасаған әміршілерді қатал жазалап отырды. Сол үшін Аттиланы халық «құдайдың қамшысы» («бичь божий») деп атап кетті.

Халықтардың ұлы көші V ғасырдағы Атилланың Еуропаға жасаған осы жорықтарымен аяқталды.

«Халықтардың ұлы көшінің» тарихи маңызы - ол адамзатты құл иеленушіліктен азат етуге септігін тигізді.

Д.Николле ғұндар туралы, «Атилланың әскери тактикасын сипаттаған грек жылнамаларында оның соғыс жүргізу өнері мен тактикалық әдіс пен стратегияны жақсы меңгергенін жазады. Ол шапқыншы емес, ұлы қолбасшы және ақылды көсем. Ғұндар рим легионерлері сияқты қансорғыш емес, тәртіпті болды. Еуропа цивилизациясы алдындағы ғұндардың айыбы, олардың сырт пішіні мен дәстүрі басқа болды.Еуропалықтар соғыс өнері мен рыцарлықты ғұндардан үйреніп, олардан салт аттылық, киім және қаруды алды.Арабтар мен III-IV ғасырлардағы олардың ұсталары сақтар, ғұндар, хазарлар, болгарлар және қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді» дейді. IX ғасырдағы араб тарихшысы Әль-Жахиз; «түркілердің соғыстағы рөлі мен маңызын, қытайдың өнердегі және грецияның ғылымдағы орынымен салыстыруға болады» деп бағалаған. Сонымен қатар, ғұндардың Еуропаға монша, руникалық жазуды әкелгені белгілі.

Гильом де Рубрук өзінің “Шығыс елдеріне саяхат” деген кітабында түркі халықтары ғұндар туралы мынадай деректер қалдырған: “Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт) жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті. Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”.

Ғұндар дәуіріндегі түркі тайпаларының Еуропа мен Азия құрлығында ілгерушілік маңызы зор болды. Өткен мәдениеттерден шынайы «еуразиялық» бізге белгілі ұлы мәдениеттерден эллиндік «Батыс» және «Шығыс» элементтерін ұштастырған және оны жалғастырған византиялық- шығыс- Жерорта теңіз дүниесіндегі соңғы антикалық және орта ғасырды қамтитын. Жоғары дәрежеде орыс мәдениеті мен византия мәдениетінің арасында тарихи байланыс байқалады. «Еуразиялық» мәдениет белгілі бір мөлшерде екі мәдениеттің тарихи сабақтастығынан туындайды.

Л.Н. Гумилевтің ғылыми мұрасы. Лев Николаевичтің этнологиялық ізденісі мұнымен шектелмейді. Ол 1959-1964 жылдар аралығында жазғы демалыс айларында археологиялық экспедиция ұйымдастырып, Еділ, Каспий, Қара-теңіз жағалауларынан Хазарияның (VІІІ-Х ғғ.) сорабын іздейді. Нәтижесінде аса мол айғақ деректер жинақтап, ол материалдарды археолог, географ, этнолог ретінде саралап, Шығыс Еуропа тарихын қайта зерделеуге мұрындық болған "Хазарияның ашылуы" ("Открытие Хазарии") атты тамаша кітабын 1966 жылы жарыққа шығарады. Лев Николаевичтің бұл еңбегі этнос, табиғат, қоғамның әлеуметтік өмірі мен космос арасындағы байланыстардың нәтижесін одан әрі тереңдетуге, зерделеуге үлес береді. Мұның өзі, түптеп келгенде этногенездің тұғыры болып табылатын пассионарлық идеясының дүниеге келуіне себепші болады.

Этногенез бен биосфера арасындағы біте қайнасқан заңдылықтарды одан әрі орнықтыра дәлелдеу үшін Лев Николаевич енді табиғи қоршаған ортаның этнос тағдырына әсер-ықпалын ашып көрсетуге бел буады. Жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өзінің этнологиялық тұжырымдарына тұғыр етуге бекінеді. Сөйтіп, 1974 жылы география бойынша "Этногенез және Жердің биосферасы" деген тақырыпта екінші докторлық диссертациясын қорғайды.

ЖАК (ВАК) Лев Николаевичтің докторлық диссертациясын бекітпейді. Себебін "выше, чем докторская работа, а потому и не докторская" деп тұжырымдайды. Бұл еңбек арада 15 жыл өткенде (1989) жарық көрді.

Лев Николаевичтің ғылыми ізденістерінің шыңы болып табылатын "Этногенез және Жердің биосферасы" ("Этногенез и биосфера Земли") атты еңбегінде халықтардың қалай жаралып, қалай сейілетініне, сондай-ақ оған табиғат пен космостың аса тегеурінді әсер-ықпалына бүкіләлемдік ауқымда тарихи шолу жасайды. Тарихи шолуын айғақ-дәлел ретінде көлденең тарта отырып, этнология туралы бұрынғы көзқарастардан түбегейлі айырмашылығы бар ой-тұжырымдар қорытады. Бұлардың бәрі автордың тарихи деректерге, нақтылы теорияларға, табиғат пен биосфера заңдылықтарына, географияға жүйріктігімен дәлелденіп, мейлінше оралымды тіл-стилімен оқырманын тәнті етеді.

Лев Гумилевтің еуразияшылдық идеясына қатысты еңбектері. Еуразияшылдық тұжырымдама- ұлтшылдыққа да, жалпы адамзаттық қандай да бір мистикалық мәдениетке де қарсы қойылатын идея. 1920-жылдың кезінде-ақ Н. С. Трубецкой былай деп атап көрсеткен еді: «Барлық халықтарға ортақ, бәріне бірдей сәйкес келетін жалпы адамзаттық мәдениет болуы мүмкін емес». Ал 1992 жылы шыққан кітабында Л. Н. Гумилев бұл ойды өзінше түсіндіреді: «Біз Батыс Еуропадан 500 жылға жас болғандықтан, еуропа тәжірбиесін қанша оқып үйренгенімізбен, дәл Еуропаға тән тұрмыс деңгейіне, мінез-құлық әдеттеріне, тұрмыс-салтына жете алмаймыз. Біздің жасымыз, біздің пассионарлық деңгейіміз мүлде өзгеше сипаттағы әдет-әдептерді талап етеді.Бұл өзгенікін өзекке тебу немесе қырын қарау емес, басқа да тәжірбиені оқып үйренуге тиіспіз, әрі ол қажет те, бірақ оның өзіміздікі емес, өзгенікі екенін естен шығармағанымыз абзал».

Егер классиктердің пайымына жаңа өзектілік, жаңа ауқым, жаңа мән, жаңа мағына ұсынған неоеуразияшылдық болмағанда, бұл құбылыс идеологиялық археологияның бір үзігі болып қана қалар еді. Неоеуразияшылдықтың аясында классикалық еуразияшылдық қайта туып, сол орайда «өткеннің» тар қалыбынан шығып кетті. Жаңа ғұмырында ол өте айқын сияқтанған кешегі қалпын өзгертті, жасырын тұрған әлеуетін, жаңа қырларын байқатты. Осылайша, неоеуразияшылдық арқылы бүкіл еуразияшылдық идея тұтастығымен жаңа өлшемге ие болды.

Еуразия - Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан, бұл - Еуропа мен Азияның арасындағы әлемдік тепе-теңдікті де, сондай–ақ дәнекерлікті де қамтамасыз ететін тұтас аймақ пен ерекше әлем жатқан бірден-бір ғаламат кеңістік. Олардың жікке бөлінуінің өзі өркениеттік тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде көрініс беретін іспетті. Өйткені, адамзат ұрпағы бір-бірімен өзара әрекеттеспей әртүрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түспей, белгілі бір түсіністікті өрбітетін сұқбат орнатпай өмір сүре алмайды.

Л.Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. «Менің өмірімнің мәнді бір бөлшегі – өзім шынайы жақсы көрген Еуразия халықтарына тиесіліні қайтару» - деп 1992 жылы Л.Н. Гумилев өзінің соңғы сұхбатында айтып кеткен болатын.

Л.Н. Гумилев өмірінің соңғы жылдарында өзін «еуразияшылмын» деп ашық айтып жүрді. «Жұрт мені еуразияшыл дейді, мен ондай пікірге қарсы емеспін»,- деген ойды ашық айтты.

Еуразиялық идея бүгінгі таңда көптеген еуразиялық елдер мен халықтар идеологиясының алтын арқауына айналып отыр.

Л. Гумилевтің этногенз теориясындағы ең басты идея- пассионарлық ұғымын- еуразияшылдар біле алмады және солай болуға тиіс те еді, өйткені еуразиялық доктрина- тарих, география, геосаясат ғылымдарының синтезінен (қосындысынан) туған болатын. Ал Л. Гумилев ілімі еуразияшылдардың көптеген тұжырымды ойларына иек арта отырып, тарих, география және жаратылыстану ғылымының нәтижелеріне сүйенді.

Л. Н. Гумилев көзқарасы бойынша, пассионарлық «дүмпудің» ықпалы әсерінен Еуразиялық дамудың ырғағы мен тарихтың әр дәуіріндегі нақты бір күштердің басымдылығы және Еуразия сияқты біртұтас құрылымды қалыптастырудың күрделі процесі анықталады екен. Бұл біртұтастық «өзге әлемге» қарама-қарсы қойылмайды, керісінше полицентризм- еуразияшылдықтың жалпы әдістемелік принципі қызметін атқарады.

Пассионар тұлға дегеніміз қоршаған орта мен өзін-өзі өзгертуге қабілетті адамдар. Сонымен бірге, ол адамның алда тұрған кедергілерді де еңсере алу қабілеті. Латын тілінен аударғанда «passio» деген сөз «құмарлық», «әуесқойлық» «ынтықтық» деген мағына береді.

Л.Н.Гумилев пассионарлық тұлғаларды қоршаған ортаны өзгертуге қажетті күш-қуаты бар адамдар деп атаған.

Адамзат тарихындағы өз ортасын өзгертіп, оны жаңа белеске көтеру үшін мақсатты түрде іс-қимыл ұйымдастыра алған тарихи тұлғалардың бәрі де пассионарлық тұлғалар делінеді. Олардың бойындағы қасиеттерінің ең үлкені «белсенділік» және «іс-қимыл жасауға ынтықтық» дейді ғалым. Пассионарлық тұлға кейде көздеген мақсатына жету жолында өзін-өзі құрбандыққа да шалуы мүмкін екен. Пассионар тұлғаның осы қасиеті іс-қимылдың барлық бағыттарында да көрініс табады. Бұл қасиет тіпті адамның бала жасында-ақ көрініс беретін көрінеді. Л.Н.Гумилев оны адамның психикасына қанмен берілген қасиет деп те атайды. Олардың ерік-жігері орасан болады, сонымен бірге, олар іс-қимыл барысында өздерінің ашуы мен ақылын тежеп ұстауға қажетті қуатпен қамтамасыз етілген. Л.Н.Гумилев пассионар тұлғалар қатарына Жанна Д.Аркты, Александр Македонскийді, Наполеон Бонапартты жатқызады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразияшылдық идесяны байланысты жарық көрген негізгі еңбектері (басылым мерзімі). Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап» «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек» деген қорытынды жасады. Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев «Chatһam House» аталатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды.

1994 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаевтың еуропалық аудиторияға өз елінің өркениеттік және геосаяси ерекшелігін түсіндіргенінің ерекше мәні болды: «Қазақстан – еуропалық және азиаттық тамырлар қабысқан Азиядағы бірегей мемлекет. Әр түрлі халықтардың өкілдері әр алуан бірлікті құрайды. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттердің, Шығыс пен Батыстың ең үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіншілік береді. Қазақстанның орны ерекше – ел, «еуро-азиаттық құрылықтың жүрегінде» орналасқан, тағдыр еркімен Ресей мен Қытайдың арасында «аралық орынды» алады. «Біздің республикамыздың феномені сонда, біз бір уақытта еуропалықта және азиаттықта аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың мәнін түсінеміз және оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз». Бұл тезистерде Қазақстанның еуразиялық жағдайының ерекшелігін түсінудің болашағы мен жетістігі мазмұндалды және қазіргі қазақстандық еуразиялықтың үш деңгейі көрсетілген: біріншіден, ұлттық-мемлекеттік деңгей, мұнда Қазақстан азиаттық та, еуропалық та ел ретінде түсініледі; екіншіден, аймақтық деңгей, мұнда өзара тиімді еуразиялық бірігуге көңіл бөлінеді; үшіншіден, ғаламдық деңгей, мұнда Қазақстан Батыс пен Шығыстың қатынасында «ортадағы» жағдайды алатын ел ретінде қарастырылады. Н.Ә. Назарбаев Лондондағы сөйлеген сөзінде 1994 жылы Еуразиялық жобаға көзқарастың қалай қалыптасқанын көрсетеді. 22 наурызда Ұлыбританиядағы сөйлеген сөзі жобаны Мәскеуде ашық ұсынуға негізгі дайындық болды.

Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік – «Еуразиялық Одақ» құру жөніндегі идеяны дамытты. Аймақтық бағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті «көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдері бірігуге келе жатыр», себебі «әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын» түсінуде Президенттің реализмі «Еуразия Одағын» құру «Қазақстан мен Ресей» ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. 1994 жылы 22 және 29 наурызда Мәскеу және Лондон қалаларындағы сөйлеген сөзінің тарихи мәні аймақтық үдерістердің болашағын, әсіресе Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы «аралық жағдайын» түсіндірумен де маңызды. Әлем елдері еуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бар мемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жасалған негізгі тұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін –жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлеген сөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен». ТМД елдерінің басты мәселесі – қабылданған шешімдердің орындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, «барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданған міндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу» қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.