Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Erezhepov_emtikhan_shpor_2015zh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406 Кб
Скачать
☆

4. Лабораторияларда өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың қауіпсіздік ережелері.

1. Лабораторияда өртке қарсы қолданылатын өрт сөндіргіш, су құятын шелек, құм (жәшікте немесе қапшықта), жапқыш қалың мата материалы немесе киіз болу керек.

2. Оңай жанғыш сұйықтармен (эфир, бензол, бензин, ацетон т.б.) жұмыс жүргізгенде өте сақтық керек:

- жұмыс жүргізетін столда көп көлемде жанғыш сұйықтар болмауы тиіс (200 мл-ге дейін);

- жанғыш реактивтерді оттан қашықта ұстау қажет;

- жанғыш сұйықтардың көп көлемін бір ыдыстан екіншіге ауыстырғанда бөлмеде ешқандай от жанып тұрмауы тиіс (газ, электр плитасы);

- оңай жанғыш сұйықтарды раковинаға төгуге болмайды;

- жанғыш сұйықтарды ашық ыдыста от үстінде қыздырмайды. Оларды су моншасында немесе құм салынған электр моншасында кері айдайтын салқындатқыштарды пайдалана отырып қыздырады.

3. Егер байқаусызда тез жанғыш сұйық еденге төгілген жағдайда:

- бөлмеде электр тоғымен жылитын құралдар, барлық қыздырғыш приборлар (мыс., горелкалар) сөндіріледі;

- дәлізге шығатын есік жабылып, терезелер мен желдеткіштерді (форточкалар) ашу керек;

- төгілген сұйықты орамалмен немесе сүрткіш матамен сүртіп алып арнаулы тығыны бар ыдысқа сығып жинайды;

- бөлмені төгілген сұйықтың иісі толық жойылғанша желдетеді.

4. Егер оңай жанғыш сұйық жана бастаса (колбаның жарылынуынан және т.б. жағдайларда) лабораторияда жұмыс істеуші үрейленбей, байсалдылықпен:

- қыздырғыш приборды өшіреді;

- өрттен қауіпті заттары бар ыдыстарды өрт болып жатқан жерден аластатады;

- өрт жалынын қалың жапқыш матамен немесе киізбен жабады;

- өрт өшпеген жағдайдасе оның жалынын құммен көміп өшіреді;

- өрт бұл жағдайда да өшпесе онда өрт сөндіргішті пайдаланады;

- өртті сөндіре алмаған жағдайда өрт сөндіргіш машиналарды шақырады.

5. Адам үстіндегі киім өртенсе денені қалың жапқышпен немесе сыртқы қалың киіммен (пальтомен) орай отырып өртті сөндіреді.

5. Алғашқы медициналық көмек.

1. Денені күйдіріп, кесіп және т.б. зақымдар (травмалар) болған жағдайда қажет болатын медициналық заттар (медициналық қобдиша) лабораторияда істеушілердің барлығы білетін, оңай табылатын жерде жатуы тиіс.

2. Лабораторияда адам терісіне, киімге тамған немесе стол, еденге төгілген күшті қышқылдар мен сілтілерді нейтралдаушы ерітінділердің (соданы, аммиактың, сірке қышқылының, бор қышқылының ерітінділері) жеткілікті мөлшері болуы тиіс.

3. Теріге (қол, бет және т.б.) концентрлі қышқылдар (күкірт, азот және т.с.с. қышқылдар) тамған кезде күйген жерді сумен жақсылап жуады да, оны таниннің спирттік ерітіндісі немесе калий перманганатының 3 %-тік ерітіндісі сіңірілген мақтамен байлайды. Дене қатты күйген жағдайда алғашқы медициналық көмектен кейін тез арада дәрігерге қаралу керек.

4. Сілтілердің ерітінділерімен күйген қол, бет терілерін сумен жуу керек (күйген жердің сабын сияқты жылтыры кеткенше; оны терінің күйген жерін сипап білуге болады). Сонан кейін оны таниннің спирттік ерітіндісі немесе калий перманганатының 3 %-тік ерітіндісі сіңірілген мақтамен байлайды.

5. Көзге күшті қышқылдар мен сілтілер тамса оны бөлме температурасындағы судың көп мөлшерімен жуып, тез арада дәрігерге қаралады.

6. Теріні ыстық заттармен (шыны, металл және т.б.) күйдіріп алған жағдайда терінің сол жеріне алғаш таниннің спирттік ерітіндісі немесе калий перманганатының 3 %-тік ерітіндісі сіңірілген мақтаны басады, кейін оны күйікті емдейтін май жағылған мақтамен алмастырады.

7. Хлормен, броммен, күкіртті сутекпен, көміртегінің шала тотығымен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек, әрі жылдам дәрігер шақыртылады.

6. Зертхананың құрал-жабдықтары, ыдыстары, реактивтері. Колба қыздырғыштар – табаны шар тәрізді колбаларды қыздыруға арналған, электр тогымен қызатын приборлар. Прибордың ортасы колбаның табанына сәйкес келетіндей ойық болып келеді, әрі спиралі де солай орналасқан (мысалы, құм моншасы). Спиральдің беті керамикамен жабылған.

Пробирка қыздырғыштар – пробиркадағы сұйықтарды электр тогы көмегімен қыздыруға арналған, бірақ сирек қолданылатын прибор. Әдетте, аналитикалық жұмыстарда пробиркаларды қыздыру үшін су моншалары жиі қолданылады.

Спиртовка – спиртті (этил спирті) жағу арқылы ыдыстарды қыздыруға арналған прибор. Спиртовка, көбінесе пробиркаларды қыздыру үшін, микробиологиялық, медициналық және биотехнологиялық жұмыстарда аспаптарды жалын үстінде қыздырып, залалсыздандыру үшін жиі қолданылады.

Муфельді пеш – заттарды балқыту үшін және аса жоғары температураларды қажет ететін жұмыстарда пайдаланылатын прибор (5 сурет). Муфельді пештерде температураны 1000-1200°С-қа дейін және онан да жоғары көтеруге болады. Бұндай пештер тигльдерді (оның ішінде, әсіресе платинадан жасалған тигльдерді) қыздыруға өте ыңғайлы.

Газбен қыздыратын приборлар. Кейбір лабораториялық жұмыстар үшін жанған газдың қызуы пайдаланылады. Бұл приборлардың екі түрі бар: Бунзен және Теклю газ жанғыштары (5 сурет). Прибордың ауа жіберетін реттегіш гильзасын бұрай отырып, газбен араласатын ауа мөлшерін реттеу арқылы жалынның да күшін реттеуге болады.

Электр плиталары. Электр плиталарының 127 және 220 вольт кернеуінде жұмыс істей алатын түрлері шығарылады. Сонымен қатар олар спиралі ашық және спиралі жабық болып екі топқа бөлінеді. Қауіпсіздік мүмкіншілігі жоғары болатындықтан лабораторияларда және өндіріс пен тұрмыстық жағдайларды электр плиталарының екінші түрі жиі пайдаланылады. Шыны стакандарды қыздыру үшін электр плиталарының бетіне асбест торын (немесе асбесттің өзін) төсеу керек.

Ескерту:электр плиталарын тез тұтанғыш және қопарылғыш заттардан алшағырақ жерге орналастыру керек.

Су моншалары. Су моншалары көптеген лабораториялық тәжірибелерде қолданылатын аса қажетті приборлардың бірі. Соңғы жылдары қажетті температураны ұстап және автоматты түрде реттеп отыратын су моншалары шығарыла бастады.

Дәл өлшеуге арналған таразылар. Бұлардың ішіндегі ең қарапайымына аптека таразысы жатады. Бұндай таразыларда массасы 100 грамға дейінгі заттарды өлшеуге болады. Өлшеу кезінде бұл таразылардың дәлдігі төмен болатындықтан концентрациясы дәл ерітінділерді дайындау мүмкін емес. Сондықтан аналитикалық жұмыстар үшін олар қолданылмайды.

Технологиялық және техникалық таразылар. Бұл таразылардың дәлдігі алдыңғылардан біршама жоғары және оларда массасы 200 грамнан бірнеше кг-ға денйінгі заттарды өлшеуге болады. Арретирлі құрылғысы мен теңгерім гайкілерін пайдалана отырып, таразыны стол үстіне орнатып болған соң ғана өлшеу жұмыстарын бастауға болады. Мұндай таразылардың бір жерде орнықты тұрғаны дұрыс.

Аналитикалық таразылар – аттың массасын жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған приборлар. Қазіргі кезде лабораторияларда пайдаланылып жүрген мұндай таразылардың дәлдігі – үтірден кейін төртінші санға дейін. Аналитикалық таразыларда өлшеудің өздеріне тән ерекшеліктері бар:

- гірлер салынған қобдиша таразының оң, ал өлшенетін заттар (реактивтер, материалдар, эксикатор және т.б.) таразының сол жағына қойылады;

- таразының заттар қоятын және гірлер қоятын екі тостағаншаның тазалығын, рейтердің өз орнында тұруын және таразының нольдік нүктесін тексеру;

таразының сол жақтағы есігін ашып, тостағаншаның ортасына зерттелетін затты қойып, есікті жабады;

- таразының оң жақтағы есігін ашып, тостағаншаның ортасына гір қойып, есігін жабады.

Пробиркалар (1 сурет) диаметрі мен биіктігі әр түрлі, табаны дөңгелектеніп келген, формасы цилиндр болып келетін ыдыстар. Жай пробиркалардан басқа сұйық заттардың көлемін өлшеуге арналған және центрифугалауға арналған пробиркалар да болады.

Воронкалар бір ыдыстан екінші ыдысқа сұйықтарды құю, ерітінділерді сүзу үшін пайдаланылады. Воронкаға сұйықты толтырып құюға болмайды, әрі воронка ыдыстың ауызында тығыз отырса, сұйық құйылған кезде ыдыстың ішінен ауаның сыртқа шығуы қиындап (ыдыстың ішіндегі ауа қысымы жоғарылайды), сұйықтың ыдысқа құйылуы баяулайды, әрі абай болмаса ерітінді воронканың сыртына төгіліп те кетуі мүмкін. Сондықтан, ең ыңғайлысы ыдыс ауызы мен воронканың арасына бүктелген сым темір немесе бірнеше рет бүктелген қағаз қойған дұрыс. Пайда болған саңылау арқылы ыдыс ішіндегі ауа сыртқа оңай шығады да, сұйық ыдыс ішіне еркін құйылады.

Химиялық стакандар – ерітінділер дайындауға немесе сұйық заттар құюға арналған цилиндрлер. Стакандарды химиялық төзімді немесе жоғары температураға төзімді шынылардан жасайды. Жоғары температураға төзімді стакандардың бүйір жағында дөңгелек немесе төрт бұрышты ақ түсті белгісі болады. Жай шыныдан жасалынған стаканды таза жалынның үстінде қыздыруға болмайды. Оларды қыздырушы прибордың бетіне төселген асбест тордың үстіне қойып, немесе су моншасында қыздырады.

Колбалар лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылатын шыны ыдыстардың бір түрі. Колбалардың қолданылатын саласына байланысты бірнеше түрлері бар. Лабораториялық жұмыстарда ең жиі қолданылатындары – бүйірі томпақ және табаны жалпақ колбалар (1 сурет). Колбалар да жай шынылардан, жоғары температураға төзімді шынылардан және кварцтан жасалады.

Кристаллизаторлар, заттарды қайта кристалдау, кейде сұйық заттарды буландыру үшін пайдаланылатын табаны жалпақ, диаметрі мен көлемі әртүрлі, жұқа шыныдан жасалынған ыдыс.

Шайғыштар сүзгі қағаздағы тұнбаларды, стакан және колбалардың ішкі қабырғасына жабысқан жаттарды шаю үшін қолданылады. Бұндай шайғышты қолдан жасауға да болады. Ол үшін колбаның ауызына шақ келетін резіңке тығынды екі жерінен теседі де, олар арқылы иілген екі шыны түтік өткізеді. Түтіктің біреуі колбаның түбіне дейін жетуі керек, ал екіншісі тығынның ішіне қарай сәл шығып тұрса жеткілікті. Қысқа түтік арқылы ауызбен үрлеген кезде ұзын түтіктен су сыртқа шығады. Ауызбен үрлемес үшін шыны колбаның орнына пластмассадан жасалған бөтелкелерді (мысалы минерал судан босаған) пайдалануға болады. Бұл жағдайда тығын арқылы бір ғана шыны түтік өткізіледі.

Салқындатқыштар сұйықтарды салқындатып және буды (парды) конденсациялау үшін пайдаланылады. Салқындатқыштардың бірнеше түрлері бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы Либих салқындатқышы немесе олны түзу салқындатқыш деп атайды (1 сурет). Салқындатқыш екі бөліктен тұрады: ішкі, жіңішке түтік (ол арқылы бу шығады) және сыртқы, жуан түтік. Жуан түтіктің жоғарғы және төменгі жақтары ішкі түтікке балқытылып бекітілген. Сыртқы түтіктің екі шүмегі болады. Оның жоғарғы шүмегі төменгісінен жуандау болып келеді.

Тамшылатқыштар сұйықтарды тамшы түрінде қосуға арналған ыдыстар. Оларды қолдан жасауға болады.

Табаны дөңес колбалар – қарапайым немесе арнайы шыныдан (мысалы, иен шынысы) жасалған, тек арнайы жұмыстар үшін пайдаланылатын ыдыстар. Мұндай колбаларды қыздыру үшін, көбінесе ортасы ойық электр плиталары қолданылады.

Тищенко склянкасы ортасынан ыдысты екіге бөлетін пластинкадан тұрады. Ыдыстың екі бөлігі пластинканың табанына жақын жердегі тесіктер арқылы бір-бірімен байланысқан. Бұл ыдыс газдарды жуу және құрғату үшін пайдаланылады. Тищенко склянкасынан басқа Дрекслер, Вульф склянкалары сияқты түрлері бар.

Кипп аппараты көміртегі тотығын, күкіртті сутегін және басқа газдарды алу үшін пайдаланылады. Аппарат 3 бөліктен тұрады. Ортаңғы бөлікке (2 сурет, б) газ бөлетін зат салынады: мысалы, СО2 алу үшін – мрамор, күкіртті сутегін алу үшін - күкіртті темір, сутегін алу үшін цинк (Zn).

Бюкстер – таразыда өлшеу арқылы заттың құрғақ массасын анықтау үшін пайдаланылатын ыдыстар (2 сурет). Бюкстер шыныдан немесе темірден (алюминийден) жасалады. Өте жоғарғы дәлдікті қажет ететін жұмыстар үшін шыны бюкстер қолданылады. Сондықтан оларды өлшеу тек аналитикалық таразыларда жүргізіледі.

Эксикаторлар – заттарды жайлап кептіруге және ауадан ылғал сіңіргіш заттарды сақтауға арналған ыдыс. Эксикатор үш бөліктен тұрады: астыңғы, конус тәрізді бөлік (оған ауадан ылғал сорғыш химиялық реактивтер салынады), оның үстіңгі бөлігі (оған зерттелетеін немесе сақталатын зат салынады) және эксикатордың қақпағы. Қақпағы жақсы жабылуы үшін және жеңіл жылжуы үшін эксикатордың қақпағы мен онымен жанасатын бетін вазелинмен немесе басқа да майлармен майлайды.

Пикнометрлер – ерітіндінің өте дәл салыстырмалы тығыздығын анықтауға арналған құралдар.

Цилиндрлер – сыртында сұйықтың көлемін көрсететін белгілері бар сандар жазылған ыдыстар. Цилиндрдің сыртындағы сандар сұйықтың көлемін миллилитр (мл) есебінде көрсетеді. Лабораториялық жұмыстарда қолданылатын цилиндрлердің көлемі, әдетте 10 мл-ден 2 л аралығында болады. Цилиндрдегі және басқа да өлшегіш ыдыстардағы сұйықтардың нақты мөлшерін оның төменгі менискісі бойынша анықтайды.

Өлшегіш колбалар – сұйықтардың көлемін аса жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған ыдыстар. Колбаның жоғарғы жіңішке бөлігінде оның нақты көлемін көрсететін сақиналы белгісі болады.

Пипеткалар – сұйықтардың көлемін жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған түтік тәрізді ыдыстар. Пипеткалардың көлемі 1-100 мл аралығында болады. Олардың ішінде 1, 2, 5, 10 мл-лік пипеткалар жиі қолданылады. Пипеткаларды жай және градуирленген деп екі топқа бөлуге болады. Жай пипеткалар тек тұрақты бір ғана көлемді өлшеуге арналған.

Бюреткалар – сұйықтардың көлемін дәл анықтауға және ерітінділерді титрлеу үшін қолданылатын ыдыстар (3 сурет). Бюреткалардың екі түрі болады: арнайы шүмегі бар (3 сурет,4, а) және арнайы шүмегі жоқ (3 сурет, 4, б). Арнайы шүмегі жоқ бюретканың құрылысы: ұзындығы 5-7 см резіңке түтіктің бір

Заттарды жағуға арналған қасық – заттарды қысқа уақыт аралығында жалынның устінде жағуға арналған. Ол ұзын ұстағыш (қолды күйдіріп алмау үшін) пен оның басына бекітілген тостағаншадан тұрады.

Көтергіш үстел – ыдыстарды белгілі бір биіктікке көтеріп немесе түсіріп тұруға арналған, жоғары-төмен қозғалатын осі, оның үстіне орнатылған жалпақ дөңгелек пластинкадан тұратын құрал.

Тығын тескіш – көбіне резіңке тығындар мен пластинкаларды тесуге арналған, диаметрлері әр түрлі болып келетін, ұш жағы өткір металдан жасалған құрал.

Ершиктер сабынды немесе кір жуғыш түйіршіктерді пайдалана отырып шыны ыдыстарды жууға арналған құрал.

Асбестті тор – темір тордың екі жағына бекіген асбесті бар, шыны ыдыстарды қыздырған кезде қыздырғыш приборлардың (мыс., электр плитасы) үстіне салатын «төсеніш». Ішінде өте салқын сұйығы бар шыны стаканды қатты қызған электр плитасының үстіне қойса шытынап жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан электр плитасының үстіне асбест торын (немесе таза асбесттің өзін) төсесе стакан жарылмайды.

Үшаяқ – үстіне су моншаларын және басқа да ыдыстарды (колба, стакан және т.б.) қойып, қыздыруға арналған, металдан жасалған құрал.

Фарфордан жасалған қасықтар мен шпательдер – химиялық заттарды алу және сүзгі қағаз бетіндегі тұнбаны жинауға арналған құрал. Олардың фарфордан басқа темірден және пластмассадан жасалған түрлері де шығады. Тазалық дәрежесі өте жоғары реактивтерді алу үшін темірден емес, пластмассадан жасалған қасықтар мен шпательдер қолданылады.

Қысқыштар – ыстық ыдыстарды (мыс., тигльдер) ұстауға арналған құрал. Қысқышпен ұстаған ыдыстың сырғанап түсіп кетпеуі үшін немесе сынып қалмауы үшін (мыс., стакандар) қысқыштың ұшына резіңке түтік кигізіп қою керек.

Пробирка ұстағыш – ыстық пробиркаларды ұстауға арналған қысқыштардың бір түрі (3 сурет). Лабораторияда оларды жай ағаштан да жасауға болады.

Арнайы қысқыштар – резіңке және пластикадан жасалған жұмсақ түтіктерді (шлангілер) қысып қоюға арналған, металдан жасалған құралдар. Оның екі түрі бар: бұрандалы (винтпен бұралатын) және серіппелі. Лабораторияда әдетте Гофманның бұрандалы (5 сурет, а) және Мордың серіппелі қысқыштары (5 сурет, б) жиі қолдланылады.

Штативтер - әр түрлі мақсаттар үшін қолданылатын, лабораториялық жұмыстарға аса қажетті құралдардың бірі. Пробиркалар қоюға арналған штативтер соңғы кездері, көбінесе, пластмассадан жасалынатын болды. Олардың металдан жасалған түрлері де кездеседі. Бұндай штативтерді жұқа тақтайдан да жасауға болады.

Бюхнер воронкасы – тұнба мен ерітіндіні бөлуге арналған ыдыс. Воронканың табанында майда тесіктері болады. Бюхнер воронкасымен жұмыс істеу үшін резіңке тығынды тесіп, оны воронканың ұшына кигізеді. Воронканы тығынымен Бунзен колбасына тығыз етіп отырғызады. Енді воронканың табанына шақ келетіндей етіп кесілген сүзгі қағаздың екі қабатын воронканың табанына төсеп, үстіне зерттелетін ерітіндіні құяды. Вакуум-насостың резіңке түтігін Бунзен колбасымен жалғастырып болған соң насосты жұмысқа қосады.

Стакандар – сирек, тек арнайы жұмыстар үшін қолданылатын ыдыстар. Фарфор стакандар көбінесе экзотермиялық реакциялар жүретін ерітінділер дайындауға ыңғайлы (мысалы, шыны ыдыстарды жууға арналған калий бихроматының күкірт қышқылымен қоспасы).

7. Зерханалық аспаптар, құрал-жабдықтар, приборлар: қыздыру, кептіру, арнайы және т.б. приборлар. Кез-келген химиялық заттың ерітіндісін дайындау үшін міндетті түрде оның массасын анықтау керек. Заттардың массаларын таразыларды пайдалана отырып өлшеуге болады (7 сурет). Биологиялық және химиялық жұмыстарда, көбінесе кг, г, мг және гамма (γ) сияқты массалық бірліктер жиі қолданылады.

Өлшеу дәлдігіне байланысты лабораториялық таразылар келесі топтарға бөлінеді:

1. Дәлдігі жоғары емес таразылар (дәлдігі грамдарға дейін).

2. Дәлдігі жоғары таразылар (дәлдігі 1-10 мг аралығында

болатын.

3. Аналитикалық таразылар:

а) кәдімгі (қарапайым) таразылар (дәлдігі 0,1-0,2 мг аралығында);

б) жартылай микрохимиялық таразылар (дәлдігі 0,01-0,02 мг аралығында);

в) ультрамикрохимиялық таразылар (дәлдігі 10–6 – 10–9 мг аралығында).

Осындай таразылардың кейбіреулеріне тоқталып кетейік.

Дәл өлшеуге арналған таразылар. Бұлардың ішіндегі ең қарапайымына аптека таразысы жатады. Бұндай таразыларда массасы 100 грамға дейінгі заттарды өлшеуге болады. Өлшеу кезінде бұл таразылардың дәлдігі төмен болатындықтан концентрациясы дәл ерітінділерді дайындау мүмкін емес. Сондықтан аналитикалық жұмыстар үшін олар қолданылмайды.

Технологиялық және техникалық таразылар. Бұл таразылардың дәлдігі алдыңғылардан біршама жоғары және оларда массасы 200 грамнан бірнеше кг-ға денйінгі заттарды өлшеуге болады. Арретирлі құрылғысы мен теңгерім гайкілерін пайдалана отырып, таразыны стол үстіне орнатып болған соң ғана өлшеу жұмыстарын бастауға болады. Мұндай таразылардың бір жерде орнықты тұрғаны дұрыс.

Аналитикалық таразылар – аттың массасын жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған приборлар. Қазіргі кезде лабораторияларда пайдаланылып жүрген мұндай таразылардың дәлдігі – үтірден кейін төртінші санға дейін. Аналитикалық таразыларда өлшеудің өздеріне тән ерекшеліктері бар:

- гірлер салынған қобдиша таразының оң, ал өлшенетін заттар (реактивтер, материалдар, эксикатор және т.б.) таразының сол жағына қойылады;

- таразының заттар қоятын және гірлер қоятын екі тостағаншаның тазалығын, рейтердің өз орнында тұруын және таразының нольдік нүктесін тексеру;

таразының сол жақтағы есігін ашып, тостағаншаның ортасына зерттелетін затты қойып, есікті жабады;

- таразының оң жақтағы есігін ашып, тостағаншаның ортасына гір қойып, есігін жабады.

- таразының арретирін ашып, стрелканың ауытқуын бақылайды. Егер стрелка оңға қарай ауытқыса, арретирді жауып, таразының есігін ашады да, тостағаншаға қосымша тағы гір қояды. Сонан кейін есікті жауып, арретирді ашады. Егер стрелка солға қарай ауытқыған жағдайда оң жақтан артық бір гірді алу керек. Осыдан кейінгі өлшеу лимбаларды бұрау арқылы іске асырылады. Өлшеу аяқталған соң гірлерді қобдишаға салады, лимбаны бұрай отырып «О»-ге келтіріп, тостағаншаларды тазалап, есіктерін жабады.

Қыздырғыш приборлар мен аспаптар

Биологиялық және химиялық жұмыстардың біразы қыздыру, қайнату, буландыру және т.с.с. операциялармен тығыз байланысты болып келеді. Осындай жұмыстар үшін электр тогы, газ және сұйық заттармен қыздырылатын приборлар қолданылады (6 сурет).

Электр тогымен қыздырылатын приборлардың ішінде жиі қолданыналатындары – электр плиталары, пештер, су және құм моншалары, кептіру шкафтары және т.б.

Электр плиталары. Электр плиталарының 127 және 220 вольт кернеуінде жұмыс істей алатын түрлері шығарылады. Сонымен қатар олар спиралі ашық және спиралі жабық болып екі топқа бөлінеді. Қауіпсіздік мүмкіншілігі жоғары болатындықтан лабораторияларда және өндіріс пен тұрмыстық жағдайларды электр плиталарының екінші түрі жиі пайдаланылады. Шыны стакандарды қыздыру үшін электр плиталарының бетіне асбест торын (немесе асбесттің өзін) төсеу керек.

Ескерту: электр плиталарын тез тұтанғыш және қопарылғыш заттардан алшағырақ жерге орналастыру керек.

Су моншалары. Су моншалары көптеген лабораториялық тәжірибелерде қолданылатын аса қажетті приборлардың бірі. Соңғы жылдары қажетті температураны ұстап және автоматты түрде реттеп отыратын су моншалары шығарыла бастады.

Колба қыздырғыштар – табаны шар тәрізді колбаларды қыздыруға арналған, электр тогымен қызатын приборлар. Прибордың ортасы колбаның табанына сәйкес келетіндей ойық болып келеді, әрі спиралі де солай орналасқан (мысалы, құм моншасы). Спиральдің беті керамикамен жабылған.

Пробирка қыздырғыштар – пробиркадағы сұйықтарды электр тогы көмегімен қыздыруға арналған, бірақ сирек қолданылатын прибор. Әдетте, аналитикалық жұмыстарда пробиркаларды қыздыру үшін су моншалары жиі қолданылады.

Спиртовка – спиртті (этил спирті) жағу арқылы ыдыстарды қыздыруға арналған прибор. Спиртовка, көбінесе пробиркаларды қыздыру үшін, микробиологиялық, медициналық және биотехнологиялық жұмыстарда аспаптарды жалын үстінде қыздырып, залалсыздандыру үшін жиі қолданылады.

Муфельді пеш – заттарды балқыту үшін және аса жоғары температураларды қажет ететін жұмыстарда пайдаланылатын прибор (5 сурет). Муфельді пештерде температураны 1000-1200°С-қа дейін және онан да жоғары көтеруге болады. Бұндай пештер тигльдерді (оның ішінде, әсіресе платинадан жасалған тигльдерді) қыздыруға өте ыңғайлы.

Газбен қыздыратын приборлар. Кейбір лабораториялық жұмыстар үшін жанған газдың қызуы пайдаланылады. Бұл приборлардың екі түрі бар: Бунзен және Теклю газ жанғыштары (5 сурет). Прибордың ауа жіберетін реттегіш гильзасын бұрай отырып, газбен араласатын ауа мөлшерін реттеу арқылы жалынның да күшін реттеуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]