- •І. Тақырып: Стоматологиялық науқасты тексеру
- •Іі. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізу
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Ііі. Тақырып: Жоғарғы жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Іv. Тақырып: Төменгі жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •V. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vі. Тақырып: Іріңді ошақты дренаждау.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vіі. Тақырып: Беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vііі. Тақырып: Жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясы
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Іх. Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •6. Студенттің білімін бағалау критерийілері
- •6.1. Баллдық – әріптік жүйеде бағалау кестесі
- •6.2. Кесте. Студенттің білімін бағалау критерийілері
- •7.Ұсынылған әдебиеттер
V. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу.
1. Мақсаты: Студенттерді жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ |
Қадам критерийлері |
орындалмады 0-0,1 |
Жартылай орындалды 0,2-0,3 |
орындалды 0,4-0,5 |
|
Төменгі жақта периостотомия операциясын жүргізу |
|||
1 |
Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж. |
|
|
|
2 |
Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-тілдік беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан) Науқастың қалпы: науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады. |
|
|
|
3 |
Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу: альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында. |
|
|
|
4 |
Сүйектысын тілу: тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен төменгі жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді. |
|
|
|
5 |
Сүйектен сүйектысын ажырату: гладилканы 30 градустық бұрыштықта ұстап, жараға сүйектысы мен сүйектің арасына енгізіп, ақырындап сүйектысын ажыратады. |
|
|
|
6 |
Іріңді шығару: Иілген қысқышты жараға енгізіп, экссудат шыққанға дейін кеңейтеді. |
|
|
|
7 |
Жараны антисептикалық өңдеу: жараны кезекпен сутегі асқын тотығы және хлоргексидин ерітіндісіне толтырылған шприцпен жуу. |
|
|
|
8 |
Дренаж салу: дренаж жараның ені мен тереңдігіне сай келу керек. Гладилкамен бүктелген дренажды жараға салады. |
|
|
|
|
Жоғарғы жақсүйекте периостотомия операциясын жүргізу |
|||
1 |
Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж. |
|
|
|
2 |
Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-таңдайлық беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан) Науқастың қалпы: науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады. |
|
|
|
3 |
Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу: альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында.. |
|
|
|
4 |
Сүйектысын тілу: тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен жоғарғы жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді. |