Табиғи жолмен жүктіліктен қорғану
Босанғаннан кейін әйел организмінде аса қажетті физиолгиялық процестер, әсіресе жыныс жүйесінде өзгерістер болады. Босанғаннан 7-8 апта өткен соң жатырдың шырышты қабаты қайта қалпына келеді. Сегізінші аптада жатыр көлемі 3 – 5 см3 кішірееді. 6 аптада емізбейтін әйелдердің 5% және емізетін әйелдерде 15 % жағдайда овуляция процесі болады. Емізетін және емізбейтін әйелдерде менструальды цикл орташа есеппен 9 – 18 аптада қалпына келеді. Фертильділікті осы кезеңде реттеу басты роль атқарады. Бұл кезде лактациялық аминорея әдісі ( ЛАӘ) қолданады. ЛАӘ — контрацептивті әдіс, ана сүтімен емізуге негізделген. Бірақ уақытша контрацептивті әдіс деп есептелінеді. ЛАӘ жүктілік болудан табиғи түрде қорғайды. Бұл әдіс баланың бірінші 6 — айында нәтижелі болады, бірақ берілген критерилерді қатаң түрде сақтасақ. (Лактациялық аменорея жайлы толықтай мына жердегі материалдан біле аласыз)
Лактациялық аменорея қолдану критерилері:
Босанғаннан кейін бірінші 6 – айға дейін;
Әйелде аменарея болса;
Әйел балаға тек емшек сүтін берсе;
Ана сүтті баланың қажетінше емізіп, басқа тамақ бермеу керек;
Күніне 6 реттен аз емес ( түнгі емізуді қоспағанда ) ;
Хирургиялық контрацепция
Қазір көп елдерде хирургиялық контрацепция әдісі кең қолданылады. Ерікті хирургиялық стерилизация ( ЕХС ) 2 түрге бөледі: әйелдердің ерікті хирургиялық контрацепциясы және ерлердің хирургиялық контрацепциясы. ЕХС туралы консультацияға келген клиент толық танысады.
Әдістің тиімділігі: тұрақты бір ретті шешім қабылдау, жүктіліктен қорғанудың табиғи және тиімді болуына байланысты.
Асқынуы: ЕХС, басқа операцияларға сияқты белгілі асқынулар болады (қан кетулер, қабыну процестері немесе оның асқынулары). Бірақ дамушы елдерде стерилизация жүктіліктен сақтануға қоданылатын басқа әдістермен салыстырғанда 30 – 80 рет қауіпсіз. Пациенттер, яғни әйел / еркекке қатысты сұрақтарды толық сұрауға мүмкіндігі бар. Тек әдісті толық түсінген жағдайда жанұяны жоспарлау дұрыс болады. Пациенттердің хирургиялық әдісті таңдауы және оған шешім қабылдауы өз еркінде. Консультант пациентке ЕХС – тің бар этаптарын, зиянды әсерлерін және асқынуларын, фертильді қабілеттің қайтымсыз екенін, жыныстық фукцияға және денсаулыққа әсер етпейтінін түсіндіруі тиіс. ЕХС – ті босанғаннан кейін 4 аптаға дейін жасайды. Егер 4 аптадан аса басқа контрацепция әдісін қолдануға ұсыныс беріледі. ЕХС – ті пациенттің арнайы медициналық картаға келісімі жазылғаннан кейін жасайды. Әйелдерге арналған ерікті хирургиялық контрацепция Әйелдердің ЕХС хирургиялық контрацепцияның қауіпсіз әдісі болып саналады. Қарастырылған мәліметтерге сүйенсек операциядан кейін 100 мың адамнан 10 адам өлім санын құрайды. Ал дамыған елдерде 100 тірі туған елдер ішінен ана өлімін 300 – 800 адам құрайды екен. Әйел стерилизациясын босанғанан кейін немесе жүктілікті үзгеннен соң жасауға болады. ЕХС аналық клетка мен сперматозоидттың ағып келіп қосылуын болдырмау үшін жатыр түтігінің өткізгіштігін блоктау мақсатында жасайды.
