Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Параллель багдарламалау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Астана 2015

Пәннің оқыту-әдістемелік кешені 5В070400-Есептеу техника және программалық қамтамасыз ету мамандығына арналған оқыту жоспарына сәйкес дайындалған.

Пәннің оқыту-әдістемелік кешені «Информатика және қолданбалы экономика» кафедрасының отырысында қарастырылды және талқыланды

«_______» ___________ 2015ж. Хаттама № _________

Кафедра меңгерушісі ___________ Сағындықов К.М.

Пәннің оқыту-әдістемелік кешені Қазақ Экономика, қаржы және халықаралық сауда университетітің ғылыми әдістемелік кеңесінде бекітілген

«_______»__________ 2015 ж. Хаттама № _________

Қазақ Экономика, қаржы және халықаралық сауда университетітің ғылыми әдістемелік кеңес төрайымы ___________ Сағынтаева С.С.

1. Оқытушы: Серік М., информатика және қолданбалы экономика кафедрасының доценті, п.ғ.д.

Курсты жүргізу аудиториялары және уақыты:

Дәріс – сабақ кестесі бойынша

Зертханалық жұмыс – сабақ кестесі бойынша

Семинарлық жұмыс – сабақ кестесі бойынша

Қосымша сабақ - сабақ кестесі бойынша

Курстың аталуы: Параллель бағдарламалау, 3 кредит

2. Оқу пәнінің пререквизиттері: Информатика.

3. Оқу пәнінің постреквизиттер:

4. Оқу пәннің сипаттамасы:

4.1 Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Локальды компьютерлердің процессорларының ядроларын параллельпайдалану, бірнеше ядролы компьютерлерді пайдалану және есептеулер жүргізу, олардың көмегімен кластер баптау, есептерді шешу үшін NVIDIA CUDA, жоғары жылдамдықты GPU графикалық процессорын қолдануда білімдер қорын құруға арналған.

4.2 Мақсаты: Параллель есептеулер жүйесі есептерін шешу әдістерін және курс мәселелеріне кіріспе, жоғары жылдамдықты технологияларды пайдаланып есептер модельдеу және шешімді іздеу, негізгі түсініктерді ашу.

5. Пәннің міндеттері:

  • Параллель есептеулер классификациясын жіктеу;

  • Параллельесептеулердің теориялық негіздерін білу және практикалық жүзеге асыру;

  • NVIDIA CUDA платформасын инсталляциялау және жоғары жылдамдықты GPU графикалық процессорын қолдануды үйрену.

Пәнді оқып меңгерген соң студенттердің:

ТҮСІНІГІ БОЛУЫ ТИІС:

Параллель есептеулердің әр түрлі типтерін білу, параллельдеуге жататын есептерді білу, білімді көрсететін әртүрлі әдістерді қолдана алуы, білімді көрсететін әртүрлі әдістерді қолдана отырып эксперт білімдерін түрлендіру, программалар құруда MatLab пакетінің негізгі тоолбокстарын қолдану.

БІЛУІ ТИІС:

Параллель есептеу технологияларының теориялық, программалық негіздерін, деректерді желіде көрсету әдістерін, ақпараттарды параллель өңдеу принциптерін, параллель технологиялардың архитектурасы мен функцияларын, жоғары жылдамдықты параллельесептеулер кластерін баптау мен пайдалануды.

ҚОЛДАНА БІЛУІ ТИІС:

Параллелье есептеулер жүйелердің әр түрлі типтерін көрсете алу үшін білімді көрсететін әртүрлі әдістерді қолдана алуы, білімді көрсетуде паараллельдеудің негізгі модельдерін қолдану

ДАҒДЫСЫ БОЛУЫ ТИІС:

қазіргі заманғы компьютерде жоғары жылдамдықты параллельдеу жүйелерінің әр түрлі типтерін, аудитроиялардатұрған қолжетімді компьютерлерді кластерге біріктіру, желілердегі ақпараттарды параллель өңдеу принциптерін үйрену үшін практикалық кәсіби есептерді шешу дағдысы болуы тиіс.