1.Шығармашылық диктант
Ітоп. Ердос пен Елдос ...... аулауға барды.
ІІ топ. Аспанда ..... қалықтап ұшып жүр.
ІІІтоп. Күзде орман іші ......кетеді.
Керекті сөздер: (балық,қыран, құлпырып)
2.Есте сактап жазу.
Алма.орман.алмурт.жүзім.ағаш.өрік
3.Сызба бойынша сөйлем құрастыру. 223 жаттығу
Іқатар:
ІІқатар:
ІІІқатар:
ІҮ.Қорытынды. Түйінді сөз айдары:
Сұрақ-жауап. (ия,жоқ деп жауап беруі керек)
Ия жоқ
Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылмайды.
Сөйлемге сұрақ қойылады. Буын сөзден құралады.
Сөз буыннан құралады. Сөйлемнің бір түрі бар.
Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады. Сөйлем мәтінен құралады.
Ү.Үйге тапсырма. 225-жаттығу. 80 бет
ҮІ.Бағалау.
Қазақ тілі 2 сынып 18.11
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Сабақтың мақсаты: а/Балаларға сөйлем түрлері оның ішіндегі сөздердің
байланысы туралы мағлұмат беру отырып жаттығулар
жазғызу.Сөйлемдегі әр сөзге сұрақ қойғызу арқылы
олардың байланысын аныктау.
ә/Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
б/ сөздік қорын есте сақтау қабілеттерін ауыз екі сөйлеу
тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, үн таспа,
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу, құрал-жабдықтарын әзірлету.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Өздік диктант. Ертегі.ақылды.данышпан.бакылау.колғанат.
/сөздерге сөйлем құрау/
Ереже.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады.Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады.
ІІІ.Жаңа сабақ. Сурет бойынша жұмыс.
(мазмұнды сурет бойынша сөйлемдер құрату арқылы сөйлемдердің байланысын түсіндіріп өту)
Бой сергіту жаттығулары
• Табиғат аясында жиі боласыңдар ма?
• Табиғаттан қандай әсер аласыңдар?
Олай болса,ауа (дем аламыз). Су (жүземіз). Күн (шуақтанамыз)
Зерттеп біліп ал айдары:
Оқулықпен жұмыс.
228 жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз
229 жаттығу Берілген сөздер тобын қатыстырып, 3-4 сөйлем құра
Тапқырлық таныт айдары. Ой қозғау.
• Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? Күннің сәулесі
• Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін – бірі көрмейді? Екі көз
• Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар.Ол не? Тесік
• Қандай ағаш өсуін тоқтатады? Жаңа жылғы шырша
• Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады.Ол не?
Құлақ
Сауатты жазу айдары.
230 жаттығу Сөйлемдегі сөздерді байланысына қарай талда
Ойлы болсаң,озып көр айдары:
Түйінді сөз айдары:
Сұрақ-жауап. (ия,жоқ деп жауап беруі керек)Ия жоқ
Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылмайды.
Сөйлемге сұрақ қойылады. Буын сөзден құралады.
Сөз буыннан құралады. Сөйлемнің бір түрі бар.
Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады. Сөйлем мәтінен құралады.
ІҮ.Қорытынды. Не істеді? Неге үйрендік?
Ү.Үйге тапсырма.
231-жаттығу. 81 бет
Қазақ тілі 2 сынып 19. 11
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» Сабақтың мақсаты: Білімдік: Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау. Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту. Тәрбиелілік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу.
Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. А) Психологиялық дайындық. Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.) - Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз. - Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 254-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастыру. ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс. «Ойлан тап» ойыны. Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар. 1 2 3 4 5 6 1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? 3. Лепті сөйлем дегеніміз не? 4. Сөйлем дегеніміз не? 5.Жұмбақ . « Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын.» 6. Мәтін деген не? ІV.Жаңа сабақ. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 1-жаттығу.Екі бағанды оқып, салыстыру. Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз. Балалар, қала, бар. Балалар қалаға барды. Киім, кірлетпей, ки. Киімді кірлетпей ки. Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру. Ережені түсіндіру. 2-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау. Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті. Мұғалім тапсырманы тексерді. - Мұғалім не істеді? - Мұғалім тексерді. - Нені тексерді? - Тапсырманы тексерді. - 4-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру. 5-жаттығу.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу. Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды. Сиыр қайдан келді? Нұрбол нені қораға кіргізді? Кім сиыр сауды? Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. 6жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету. Шөп өсті.( Не өсті? Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.) Сабақты бекіту. а) «Жұбын тап» ойынын ойнау. Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу. - Алақай, әкем келді - Сенің атың кім - Оқушылар саяхатқа шықты ә) Тест тапсырмасы: Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап. А) Үйді олар тазалау кірісті. Ә) Үй олар тазалауға кірісті. Б) Үйді олар тазалауға кірісті. Үйге тапсырма: 7-жаттығу. 84 бет Ережелерді жаттау. Бағалау.
Қазақ тілі 2 сынып 20.11
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын молайту; 3. Зейінділікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.
Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 5 - жаттығу ● Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау. ● Мәндес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау, үтірдің қойылу себебін сұрау. IIІ. Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы 1. Көркем жазу Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі. • Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер. • Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы. 2. Бұл қандай сөздер? • Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер) • Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер) • Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер) 3. Оқулықпен жұмыс 232 - жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің астын сыз. Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру – оңай, түзету – қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар. 233 - жаттығу Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз. қатты -...... жүру -.......... таяз -.......... кию -............ жылы -........ кіру -........... кең -.......... сөйлеу -......... ● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау; ● тасымалданбайтын сөзді табу. IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу) Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту • Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт. • Досым допты домалатты. • Суық сумен сүртіндім. V. Өзіндік жұмыс 234 - жаттығу ● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз. ● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз. 1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау; 2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну. Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды. VI. Жұмбақ шешу ● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр. Жақыннан әкеп хабарды. Ренжітер барлық адамды. Алыстан әкеп хабарды, Қуантар барлық адамды. ( жеделхат) Жеңілдікпен аршылар, Көзіңнен жас тамшылар. Қиындықпен аршылар, Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз) ● Бес жолды өлең құрастыру 1. Пияз 2. Ащы, пайдалы. 3. Аршылады, ашытады, өседі. 4. Жуа 5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады. VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па? а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу ○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды. ○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады. • Жақсы, жаман - синоним сөздер ○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады. ○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. • Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі ○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады. ○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді • Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады. ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап. Бетегеден биік, жусаннан аласа. Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет. Көз қорқақ, қол батыр. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа. Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай. VII. Үйге тапсырма 235 - жаттығу 88 бет
Қазақ тілі 2 сынып 23.11
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сөз және оның мағынасы тақырыбын пысықтау, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту; Тәрбиелік: Зейінділікке тәрбиелеу; Әдісі:Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жұмбақ шешу,т.б. Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық. Психологиялық дайындық. Қаның, жаның – тіліңде, Арың, нәрің – тіліңде. Ұмтыл оны білуге. Тілден алып ғибрат, Құлшынасың білімге. ІІ. -Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға Білгішбектен арнайы хат келіпті. Бұл хатта не жазылғанын тақтадан оқи аламыз. Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Білгішбектен хат. Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние,әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар. ІІІ. -Балалар,бұл хатты оқыған соң қандай түйінге тоқталуға болады? Сөз мағынасының түрлері жайлы не айтуымызға болады? Сөз мағынасының түрлері Мағынасы мәндес,жуық сөздер. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер -Балалар,осы сөз мағынасының түрлеріне мысал келтіріп жазайық. Оқушыларға қағаз таратылады. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды. 1 топ. Мағынасы мәндес,жуық сөздер. 2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 3 топ. Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздер. Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқып,қорғайды.
ІҮ. Топтық жұмыс.Тақтаға сөздер беріледі, оқушылар жазады. 1 топ. Мағынасы мәндес, жуық сөздер. 2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 3 топ. Осы сөздердің арасынан 3 сөйлем құрайды. Оқушылар жазғандарын оқып қорғап,дәлелдейді. Ү. «Мағыналас сөздерді тап» ойыны. Бұл ойында оқушылардың алдына парақ таратылады. Парақтағы сөздерге мағыналыс сөздерін жазады. Болған топ мүшесі тақтаға жазады. Қатесін басқа топ мүшелері тексереді, қатесіне қарай топты бағалайды. ҮІ. Жұмбақ шешу. Мұнда қарамен жазылған сөздердің қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып, жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуіне 5 жолды өлең жазады. Дұрыстығын тексеріп басқа топтар бағалайды. І топ. Жақыннан әкеп хабарды, Ренжітер барлық адамды ІІ топ. Жеңілдікпен аршылар Көзіңнен жас тамшылар. ІІІ топ. Аяғыңа - алсаң шешен Ақылы асқан көсем. ҮІІ. Сергіту сәті. «Бір әріптің ізімен» ойыны. Мұнда берілген әріптерден сөйлем құрап жазамыз. Мысалы: Жжж Жарас жақсы жігіт. Ыыы Ырысты ыдысты ысты. ҮІІІ. «Кім шапшаң» ойыны. Бұл ойында оқушыларға мақал оқимын,оқушылар ішінен қарама-қарсы сөздерді тауып оқиды. ІХ. «Лездеме » ойыны. Бұл ойынның шарты:мұғалім сұрақтар оқиды,оқушылар тез жауап берулері қажет.
Үйге тапсырма 240 жаттығу 89 бет Х. Бағалау. Бәрекелді балалар, Бәріңе жақсы баға бар Азамат боп өсіңдер Ел қадірін біліңдер. ХІ.Сабақты қорытындылау. «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.
Қазақ тілі 2 сынып 24.11
Сабақтың тақырыбы: "Қарама - қарсы мағыналы сөздер" Сабақтың мақсаты: Білімділік – қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір - біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру, Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру; Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру. Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар,
Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла Пәнаралық байланыс: әдебиет. Оқытудың нәтиже: Берілген сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету; Психологиялық ахуал Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді. Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім. (Ж. Молдағалиев) Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/. « Көсемділікке ұмтылу» Жаңа тақырыпқа ребусті шешу арқылы шығады. Ребусты шешсең, қарама - қарсы мағыналы сөз шығады. Сол сөздермен сөйлем құрау барысында тақырыпты ашады. «Сұрақтас» Әр топ анықтамаларын айтады. 1. Сөз дегеніміз не? 2. Сөз неден құралады? 3. Сөз нені білдіреді? 4. Сөз мағынасының қандай түрлерібар? 5. Мәндес сөздер дегеніміз не? 6. Қарама - қарсы мағыналы сөздерді қалай түсінесің? 3 - сәт « Қөңілділер» Оқулықпен жұмыс: 1 - топ 1 - жаттығу 2 - топ 2 - жаттығу 3 - топ 3 - жаттығу 4 - топ 5 - жаттығу Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. «Ойланып тез айтайық» 1 - топ Берілген сөзермен сөйлем жаз: Артық, таза, пысық, күлді, ақылды, білімді, таза, қария. 2 - топ. Берілген сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз. Ақ – Кәрі – Баяу – Ақылды – 3 - топ Берілген мақалдардың ішінен қарама - қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз. 1. Жақсы бала – қызық, Жаман бала – күйік. 2. Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі. 4 - топ Қарама - қарсы мағыналы сөздерді қойып жаз. 1. биік тау - …………… тау 2. жақсы кино — …………… кино Сергіту сәті « Австралиялық жаңбыр» жаттығу жасау Жинақтау Ой толғаныс 7мин 5 - сәт «Зерттеу жолы» Шағын топтағы жұмыс сәйкестендіру. Шағын топ басшысы жазғандарын оқып береді. Содан кейін интербелсенді тақтадан сигнал - нұсқасын көрсетеді, оқушылар салыстырады. Бағалау «Ой шақыру» Оқушылар өздерін бағалау. Тест
Қазақ тілі 2 сынып 25.11
Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер Сабақтың мақсаты: Білімділік. Қарама - қарсы сөздерді ажырата білуге үйрету. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық. Армысың ,алтын Күн! Көгілдір көк аспан. Бармысың, достарым! Бас иемін сіздерге Білім берген біздерге Ұстаздарым, ардақты! 2. Үй тапсырмасын қорытындылау. Ойын: "Көршім қайда?" Ана -?, Ас -?, Бала -?, Қария -?, Ержүрек -?, Мейман -? Сұлу-? Шыны -? (синоним сөздерді табу) Бір –біріне жақын, мәндес, мағыналас сөздерді табу. 3. Ой ашар: Тақтамен жұмыс Суреттегі заттарды берілген сөздер арқылы салыстыру. ( Үлкен- кіші, ұзын- қысқа, көңілді – көңілсіз, лас- таза, ауыр- жеңіл) Мақал - мәтелдер Мақалдан қарама- қарсы мағыналы сөздерді теріп жазу. 1. Дос басқа қарайды Дұшпан аяққа қарайды. 2. Батыр бір рет өледі. Қорқақ мың рет өледі. 3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, жердің асты жақсы. (Осы мақалды оқып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу керек) Қарама- қарсы мағыналы сөздер 4. Кітаппен жұмыс 237- жаттығу. Суреттегі заттарды сөздерді пайдаланып салыстыру. 238- жаттығу. Көшіріп жазу. Мағынасын түсіндіру. Астын сызу қарама –қарсы сөздерді. 5.Сызбамен жұмыс.
239 - жаттығу ауызша орындау. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардағы сөздерді тауып жазу. Тар қону Жас Қатты Қалың Қысқа Кіру Жұқа Көшу кәрі Жұмсақ кең Ұзын шығу Ауызша 1-2 сөйлем құру. Оны дәптерге жазу. 6. Кестемен жұмыс. Сөздерді тиісті кестедегі бағанға жазу. Берілген сөздер Мәндес сөздер Қарама-қарсы мағналы сөздер Жәрдем, лас, көп, момын, кір, озу, қалу Мол, көмек , жуас, жақсы, жаман, күн, түн, қайратты, күшті. 7. Сергіту сәті Жаза, жаза саусағым Әлсіредің шаршадың Азырақ тынығып дем алып, Көркем етіп жазамыз. Қолымызды созамыз, Белімізге қоямыз, Алға - артқа бәріміз айналамыз Оң аяқ пен сол аяқ Секіреді жылдам – ақ Сергіту сәтіндегі қарама –қарсы сөздерді табу 8. Сызба арқылы мағынасы қарама-қарсы сөздерді көрсет. Алды жаман Жақсы Төр Есік Арты Күн Қара Биік Түн Ақ Жаңа Ескі Аласа (Сөйлем құрап жазу) 9. Ойын: «Телефон»(бір - біріне қарама - қарсы сөздер айту, айтқан сөздерден сөйлем құрастыру) 10. Оқулықпен жұмыс ( 101 - бет 4 - жаттығу) Жұмбақты шешіп, көшіріп жазу. Мағынасы қарама- қарсы сөздерді табу. 11. Жұмбақ шешу. Бар ма, жоқ па білмеймін, Ол жоқ жерде жүрмеймін (ауа) Аппақ дала, қара дән, Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріптер) Мағынасы қарам-қарсы сөздер 1. Бар-жоқ 2. Аппақ-қара Ауызша тапсырма. Карточкамен жұмыс №1 мақалдан мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. Жомарт дос көбейтеді, Сараң мал көбейтеді. №2 жұмбақты шешіп, мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. Орманнан, жалпақ даладан Бал іздеп бір аң жортады Кіп-кішкене арадан Үп-үлкен боп қорқады (аю) Сабақты қорытындылау -Сонымен, біз бүгінгі сабақта мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік алдық. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айттық. Үйге тапсырма . 240 жаттығу. 89 бет. Бағалау.
Қазақ тілі 2 сынып 26.11 Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер Сабақтың мақсаты: 1. Мағынасы қарама – қарсы сөздер туралы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. 2. Оларға қазақ тіліндегі мағыналары бір - біріне жақын сөздер туралы алғашқы түсінік беру. 3. Оқушылардың сөздік қорын байытып, сөздерді мағыналарына қарай орнымен қолдануға үйрету. Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, кесте. Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла Сабақтың барысы: І. Мотивациялық - бағдарлау кезеңі. Ертеректе бір ханның Батыр, Ержүрек, Батыл, Өр, Өжет, Өткір атты ұлдары болыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріп, жеке хандық еткісі келеді. Бірақ балалары бір хандықта тату - тәтті бірге өмір сүруді ойлайды. Сөйтіп ол ат қою үшін бәйге жариялайды: Балалар біз де сол хандықтың атын тауып, бәйгені бірінші болып алсақ қайтеді? Ол үшін, төмендегі жұмбақтарды шешіп көрейік. Жұмбақтардың жауаптарының бірінші әрпін қосып айтсақ хандықтың аты белгілі болады. 1. Белі бүкір, алысқа түкір.(Мылтық) 2. Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке. Суреттері әдемі, Бұл қай кітап? (Әліппе) 3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы. (Найзағай) 4. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де, Тебеміз сәті түссе аяқпен де. Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын, Басынан сипамайды аяп пенде.(Доп) 5. Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді.(Ерін) 6. Сырт - сырт соғады, Уақыт озады. (Сағат) Жұмбақтардың шешуіндегі алғашқы әріптерді біріктіріп мәндес деген сөзді шығарады. ІІ. Оперециялық орындаушылық кезінде жұмыс әдеттегіндей тілдік құбылыстарды көрнекі кесте арқылы байқатудан басталады: Мәндес сөздер ♦ Сөйлемдер 1. Апам жолға тамақ әзірледі. 2. Апам ас пісірді. 3. Апам тағамдарды дорбаға салды. 4. Апам қонақтарға дәм ауыз тигізді. тамақ ♦ Мағынасы ұқсас сөздер ас тағам дәм - Мына кестедегі сөздерге назар аударайықшы: тамақ,, ас, тағам дәм деген сөздер мына сөйлемдерде нені білдіріп тұр? - Адамның ішетін тамағы дегенді білдіреді. - Бұлар қандай сөздер? - Мағынасы жақын сөздер. - Дұрыс, балалар. Тілімізде мағыналары бір - біріне жақын, мәндес сөздер де болады. Ал өздерің қандай мәндес сөздерді білесіңдер? - Адам, кісі. Ал 290 - жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқиды: Сары балапан Жем бергенде, жем жейді, Кел! Дегенде, келмейді. Балапаным сары үрпек Әрі қорқақ, әрі үркек. Өлеңдегі мағынасы жуық сөздерді табады. Одан әрі оқулықтағы 291 - жаттығу мұғалімнің тікелей басшылығымен орындалады. Жаттығуда көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасын жуық сөз тауып жазу тапсырылған. Мәселен: Алыс, қашық, шалғай: Зәулім, биік: Әдемі, сұлу, көркем: Батыр, ер, батыл, ержүрек: Таяу, жақын: Аяз, суық: 293 - жаттығудан мысалға ат қояды, «ірі» сөзіне синоним сөзді табады. Сабақта берілген ұғымды үлестірмелі қима қағаздардан таратып беруге болады: №1 Төменде берілген сөздердің мәндес сыңарларын тауып, тұсына жаз. Дос,... батыр,... Бет,... ақырын,... №2 Жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін таңдап алып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Күн /нұры, сәулесі/ түсті. 2. Менің /досым, жолдасым/- Серік. 3. Қонақтар төрге /отырды, жайғасты/. ІІІ. Рефлекциялық - бағалар кезінде берілген ұғымды «қане, кім жылдам?»ойыны арқылы да бекіте түсуге болады. Ойынның шарты: тақтаға бір сөйлем жазылады. Мысалы: Айгүл - әдемі қыз. Сөйлемдегі әдемі сөзіне оқушылар баламаларын ойлап табады. Ең көп ұпай жинаған бала жеңімпаз болып есептеледі.(әдемі, сұлу, әсем, көркем). Берілген «Қанат» сөзінің әр әрпіне мәндес сөздер ойлап тауып жазыңдар. Қ - қайратты, қажарлы, т. б. А - ақкөңіл, ақжарқын, адал, т. б. Н - намысшыл, намысқой А - ақылды, анғарымпаз Т - тапқыр, талантты Сабақ соңында жанадан түсіндірілген ұғым ауызша пысықталады. Үйге төменде берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, жұп-жұбымен көшіріп жазу тапсырылады: батпақ, жетістік, саз, жалғау, табыс, мүлгу, тосу, күту.
Қазақ тілі 2 сыныып 04.12
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Сабақтың мақсаты: Мәндес, Қарама - қарсы, Әр түрлі мағыналы сөздерді тереңірек ұғындыру. Білімділігі: Сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру. Тәрбиелілігі: Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу. Дамытушылығы: Сөзді өз орнында қолдана білу дағдыларын, сөздік қорларын дамыту. Міндеті: Оқушыларды топтасып жұмыстандыру. Мазмұны: Сөздердің мағыналары туралы жалпы мағлұмат беру. Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла Жүру барысы І. Қызығушылығын ояту. - Шаттық шеңбері ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. 5 - жаттығу (ауызша) Тапсырмасы: Суретте не бейнеленген? Осы көкөніс атауымен бірдей дыбысталатын заттың атын тауып, сөйлем құрастыр. 2. 2. Әр түрлі мағыналы сөздердің ережесін айту, мысал келтіру. ІІІ. «Сиқырлы сандар» ойыны: 23+7 ----- І 56+4 ----- ө 50 - 2 ---- к 100 - 50 - н 43+4 ----- д 13 - 9 ----- т 30+10 ---- е 13 - 8 ------ у 12+45 ----- п 93 - 13 ---- с 63+25 ----- ы 16 - 9 ------ а 15+6 ------- қ ІІ. Мағынаны тану Сөздер ↓ Мәндес сөздер (Синоним) Әр түрлі мағыналы сөздер (Омоним) Қарама - қарсы мағыналы сөздер (Антоним) 1. Ережесін қайталау. 2. Мысал келтіру. ІІІ. Ой толғаныс. 1. Дәптермен жұмыс Тақырып жазу. Әр топқа ат беру: І топ Синоним ІІ топ Антоним ІІІ топ Омоним 1. Оқулықпен жұмыс 1 - жаттығу Шақта, кезде; Шама, әл; «Үндемес» ойыны (Қимыл іс - әрекетпен көрсету. Келесі топ табады). І топ Нәресте ІІ топ Ұзын - қысқа ІІІ топ Бұрыш 2 - жаттығу. Қайталау, пысықтау; жығылу, құлау; дымқыл, ылғалды; болашақ, келешек; Бес жол өлең құрастыру І топ ---------- ІІ топ ----------- ІІІ топ Сәби ---------- Жаз ---------- Нан 3 - жаттығу (Ауызша) Тапсырмасы: Қарамен жазылған сөздерге қарама қарсы мағыналы сөздер тап. (Мәтінді түсіндіру.) Семантикалық карта Сөздер ----------------------------------- үй ---- ащы -- ағайын --- үй -- туыс --- тұщы Мәндес сөздер Қарама қарсы мағыналы сөздер Әр түрлі мағыналы сөздер 4 - жаттығу Жасықтар қорқақ атанған, Намысы аз ғой өйткені. Батылдар қорғайды Отанды, Отанды қорғау абырой. «Қай сөз артық» ойыны 1. Күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы, аласа. 2. Үлкен – кіші, суық - жылы, ескі - жаңа, биік – үлкен, қатты - жұмсақ. 3. 1) Бір адамды мадақтау. 2) Ас атасы – нан 3) Анасы баласының сөзіне нанды. 6 - жаттығу. (Ауызша) Тапсырмасы: Жақ сөзінің отты жақ деген мағынасынан басқа бұл сөздің қандай мағыналарын білесің? «Байланыстыр» ойыны 1. Мәндес сөздер 2. Қарама қарсы сөздер 3. Әр түрлі мағыналы сөздер бұрыш ағайын ұзын арзан нәресте сәби қысқа бұрыш қымбат туыс 7 - жаттығу 1. Қаз – суда жақсы жүзетін, мойны ұзын жабайы және үй құсы. Қаз – жерді бір нәрсемен ою, шұңқырлау. 2. Қазан – тамақ пісіруге арналған ыдыс. Қазан – күз айларының бірі. V. «Адасқан әріптер» ойыны І топ м с и н и о н ІІ топ м а н т о и н ІІІ топ м о н о и м (Синоним, антоним, омоним) VI. Үйге тапсырма V. Бағалау, мадақтау
Қазақ тілі 2 сынып 07.12
Тақырыбы: Өткенді пысықтау Қарама - қарсы мәндес сөздер Мақсаты: Білімділік. Қарама - қарсы мәндес сөздерді ажырата білуге ықпал жасау. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: Кесте, нұсқа түрлі суреттер. Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла
Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық. (Оқушыларға шеңбер құрғызып, бір - біріне жақсы тілектер айтқызу) 2. Үй тапсырмасын қорытындылау. Ойын: "Көршім қайда?" Ас -?, Бала -?, Қария -?, Ержүрек -?, Мейман -? (синоним сөздерді табу) 3. Ой ашар: Мақал - мәтелдер 1. Дос басқа қарайды Дұшпан аяққа қарайды. 2. Батыр бір рет өледі. Қорқақ мың рет өледі. 3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, жердің асты жақсы. (Осы мақалды оқып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу керек) Қарсы мәндес сөздер 4. Кестемен жұмыс: Сөз (мағынасына қарай) - Мәндес сөздер - Қарсы мәндес сөздер - Көп мағыналы сөздер Біз өткен сабақта қандай түрімен таныстық? (Ережесін айту, талдау, талқылау) 5. Топқа бөлу ( Мақал ішіндегі қарама - қарсы ұғымды білдіретін сөздерді алу) 1 - топ: Достық тобы 2 - топ: Батырлар тобы 3 - топ: Жақсылар тобы 6. Оқулықпен жұмыс ( 61 - бет 1 - жаттығу) Жазылған сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру. 7. Ойын: Телефон (бір - біріне қарама - қарсы сөздер айту, айтқан сөздерден сөйлем құрастыру) 8. Сергіту сәті: Қолымызды созамыз, Алға - артқа бәріміз. Оң аяқ пен сол аяқ Секіреді жылдам - ақ (қарама - қарсы сөздермен жаттығу қимылдарын көрсету, алға - артқа, оң - сол) 9. Топпен жұмыс Мақсат қою: 1. Фразеологиялық сөздерді табу. 2. Сөздердің түрін ажырату 3. Мағынасын түсіндіру 4. Сөйлем құрастыру 5. Қортындылау 1 - топ: Бала Мұхтар далаға шығуға жүрексінді. Осы шіркінді қайтемін бас десе, құлақ дейді. 2 - топ: Бүгінгі күні Жамал кәрі ата - әжесінің қолын жылы суға салып отыр. Кенен Әзірбаев қолы қысқа болғандықтан "Бозторғай" әнін шығарған болатын. 3 - топ: Заттарым жоғалып, қолым кесіліп отырғаны. Ол бір тәулік нәр татпай, әбден ашыққан соң, жүрек жалғаудың жолын іздеді. 10. Шығармашылық жұмыс: (сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру) 11. Ойын: "Жақсы - жаман" (Оқушылар түрлі - түсті суреттерді және таныс заттарды таңдап алады. Оның жақсы - жаман қасиеттерін сипаттап, айтып шығу. жауаптар бірін - бірі қайталамау керек) 12. Ой қортынды: 1. Венн диограммасына салу 13. Үйге тапсырма: 14. Бағалау: Оқушылар өздерін семантикалық карта арқылы бағалайды.
