Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МӨТ-2 (практикалық жұмыстар).docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
467 Кб
Скачать
☆

Есеп шығару мысалдары

Оттекті (ΣО2) үрлеудің жалпы шығыны 15мың. нм3 құрайды. Үрлеудің ұзақтығы (τ) 15 минут. Конвертердің сыйымдылығы 300т. Үрлеудің жалпы қарқындылығы мен бөлінген қарқындылығын анықтау керек.

I = ∑О2 / τ = 1500м3 / 15 минут = 1000м3 / минут,

i­­бөл = I / G = 1000м3 / минут / 300т = 3,3м3 / т · минут.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Конвертердің сыйымдылығы (G) 250т. Оттектің бөлінген шығыны (qo2) 55м3 / т. Үрлеу ұзақтығы 15 минут. І мен ібөл анықтау керек.

2. Конвертердің сыйымдылығы 300т. Үрлеудің қарқындылығы 800нм3 / минут. Үрлеудің бөлінген қарқындылығы 50м3 / т. Үрлеудің ұзақтығын анықтаңыз.

3. Сыйымдылығы 300т болатын конвертердің газтазартқыш трактының қалыпты жағдайдағы өткізу жолдарымен 2,5мың. км3 / минут газ өтеді. Барлық оттегі СО - ға дейін көміртегінің тотығуына шығындалатынын есепке ала отырып, ібөл - дің 5м3 / т · минутқа дейін ұлғаю мүмкіндігін (мүмкін еместігін) анықтаңыз.

4. Конвертерге 200т сұйық шойын құйылды. Көміртегінің тотығу жылдамдығы 0,4% / минут құрайды. Көміртегі оттегінің үрлену есебінен тотығады деп есептей отырып үрлеудің қарқындылығын табыңыз.

5. Қарқындылығы 800нм3 / минут болатын уақыт бірлігі аралығындағы конвертерден бөлінетін газдың көлемін, оттекті көміртегінің тотығуына мына раекция бойынша шығындалатынын есепке ала отырып, анықтаңыз:

[C] + [O] → CO.

6. Конвертер сыйымдылығы 300т, үрлеудің бөлінген қарқындылығы 3м3 / т · минут. Көміртегі СО - ға дейін толығымен тотығады. Барлық оттегі көміртегінің тотығуына шығындалады. Оттегінің тазалығы 99,5%. 1600○С температурасындағы м3 - қа шығындалатын газды анықтаңыз.

7. Оттекті - конвертерлі балқытудағы шикіқұрамның құрамы 75% шойын мен 25% скрапты құрайды. Көміртегінің құрамы сәйкесінше 4,0% және 0,2%. Үрлеудің ұзақтығы 15 минут. Көміртегінің тотығуының орташа жылдамдығын (% / минут) анықтау керек, егер, оның ваннаның ішінде қалған бөлігінің құрамы 0,1% болса.

8. Конвертердің сыйымдылығы 250т. 2 - ші кезеңдегі көміртегінің тотығу жылдамдығы Vc - 0,20% / минутті құрайды. Уақыт бірлігі аралығындағы мына реакцияның жүру жағдайында пайда болатын СО көпіршіктерінің көлемін анықтаңыз:

[C] + [O] → COг.

9. Оттегінің бөлінген үлесі 55м3 / т құрайды. Қарқындылығы І = 800м3 / минутке тең болған жағдайдағы үрлеудің ұзақтығын табыңыз. Конвертердің сыйымдылығы 250т.

10. Балқытудың паспорттық көрсеткіштеріне қарап анықтаңыз: а) үрлеудің орташа қарқындылығын, б) бөлінген орташа қарқындылықты, в) бұл көрсеткіштер үрлеудің басында, ортасында және соңында болғанда, г) оттегінің бөлінген шығынын.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Үрлеу режимі кезіндегі қождың түзілу шарттары

2. Үрлеудегі оттегі мөлшері

3. Бөлінген үрлеу қарқындылығы

Блиц - тест:

1. Қазіргі кезде конвертерлі цехтардағы оттегінің қысымы қаншаға тең?

a) 0,4 - 2,0МПа

b) 1,4 - 2,0МПа

c) 1,0 - 2,4МПа

d) 2,4 - 3,0МПа

e) 2,4 - 4,0МПа

2. Оттегі құрамының аралығы қай шамада болады?

a) 87,2 - 99,8%

b) 97,2 - 99,8%

c) 78,2 - 98,8%

d) 89,2 - 99,8%

e) 99,2 - 99,8%